«Алтын күз келді бақшама!»

№ 5 «Еркетай» ІІ-кіші тобының
тәрбиешісі: Иманбаева К. И

Тақырыбы «Алтын күз келді бақшама!»

Зал мерекеге сай безендірілген.

Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін бір жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз- келді бақшама!» атты № 5 «Еркетай» ІІ- кіші тобының ертеңгілігіне қош келдініздер!

Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылық жаршысы бола білген

Алтын күз- ырыс, береке, ала келді.

Бұлттар төгіп жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады,

Бой жазалмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады

Бөбектерім айтындаршы бұл қай кез болады?

Балалардың жауабы: «Бұл Күз мезгілі»

Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалардың жауабы: Күз мезгілінде үш ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.

Ендеше осы күз айлары туралы балалардың дайындаған таппақтарына кезек берейік:

Б.Фариза: 1-ші қыркүйек,

білімге бастады.

Мал мен аң жүр би билеп,

Құс шарлап аспанды.

Ақбота: Жаратқан ғаламды,

Жаңбырлы ғажап ай.

Осынау заманды ,

Орнатқан қазан ай.

Т.Фариза: Мол байлық тергені

Шаттықы қаншалық

Қарашы өрледі

Қараша ән салып

Ән: Хормен «Жау – жау жаңбыр»

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

Ал балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші.

Сендерді бір көрмекші,

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Жұмбақ: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Балалардың жауабы (Күз)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын. Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін. Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақшы боп бар халқымның алғысын. Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Би «Жапырақтар биі»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп,ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі «Алтын күз» мерекеге

Бүлдіршіндер аямай жан салыпты.- деп кезекті « Жемістер айтысына» береміз:

Мөлдір: Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның отаны

Даулет: Нан анасы бидаймын

Нанды елге сыйлаймын

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын

Гаухар:Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім.

Күз ханшайымы: Ерінбестен еңбек етіп келетін

Еңбекшіл бар жемісін беретін,

Мен Күз ханшайымымын

Ынтымақты елімнің.

Берекелі ырыс болып келетін, мен сендерге құр келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жеміс ала келдім, сондықтан алдымен сендермен ойын ойнайын, солайма балалар:

Ойын: «Ауламызды жапырақтардан тазартайық»

Шарты: Екі топқа бөлініп ауладағы жапырақтарды арбаға жинап салу

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, әрқашан ауламызды таза ұстайық.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Бәріміз тату болсақ, Бәрі де көңілді.

Орманда да әр жерден Саңырауқұлақтар көрінді.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші: Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Ендеше тақпақтарға кезек берейік.

Айзере: Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.

Сұлтанбек: Жетті желмен Алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Тілекқабыл: Құстар қайтып ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келді деп жар салып

Күзгі суық басталды

Жанерке: Қайырымды күз келді

Тартуы көп тиісті

Шабдалы бар алқызыл

Алмасы хош иісті

Ғазиз Қуандырып біздерді,

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді,

Кемелденді халқымыз.

Жеке ән: «Топ-топ балақан» Өтебай Гауһар

Жүргізуші: Ендеше тақпақтарға кезек берейік.

Мерей: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Бағдәулет: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздіңттойын тойлайық

Би билейік ойнацйық

Илияс: Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз

Берекет: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Расул: Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап

Көкте құстар тізілді

Хор «Күз бояуы»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар міне балалар осымен «Алтын күз келді бақшама!» атта ертенгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақ береке тілеймін.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше