Алтын күз
№3 «Құлыншақ» І І кіші тобының
Тәрбиешісі: Жайлыбаева З.
Алтын күз
Жүргізуші: Келді міне алтын күз
Сары шашты жарқын күз
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз!
Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. №3 «Құлыншақ» І кіші тобының бүлдіршіндерін қарсы-алайық!!!
Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді! – деп отыра тақпақтарға кезек берейік.
Мадияр: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Қадиша: Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз
Ашық болсын аспаның
Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар!
Бізге қонақ келмекші,
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиын – терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымызды – Алтын күзді
шақырайық!!!
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Мен – алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін,
Қонаққа келдім сендерге,
Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!
Жапырақ та сиқырлы!
Ойын ойнар түр – түрлі!
Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Күз мезгіліне ризашылығымызды білдіріп «Күз бояу» әнін орындайық.
Хор: «Күз бояу» әні.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, енді балалар Алтын күзге, күз туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Мүслима: Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Мейірлен: Жапырақ ұшты,
Суықта түсті
Сонда да бізге.
Қызық көп күзде
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық – деп қыздарымыздың орындауында биін қарсы алайық.
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің қыздарымыздың биі ұнады ма?
Алтын күз: Әрине ұнағанда қалай, өздері сондай әдемі билейді екен.
Жүргізуші: Жемістердің бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер – дей отырып ортаға жемістер мен көкеністерді шақырамыз.
Абылайхан (Жуа): Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарам
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Ернар (Картоп): Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Нұрбақыт (Алма): Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Інжу (Шие): Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім
Айда (Өрік): Дөп дөңгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Менің атым өрік
Муслима (Асқабақ): Бақшада тұр үлкен зат
Оның аты асқабақ
Анам айтты еңбектің
Басы осыдан басталат
Деді бәрі тәтті
Еңбегіміз сәтті
Дәмін татып көріп
Алды бәрі бөліп
Жүргізуші: Өте жақсы, ал ендеше балалр, бекер қарап тұрмаңдар. Ертеңгілігімізді ойынмен жалғастырайық.
Ойын: «Дәміне қарай ажырат»
Ойынның шарты: Берілген жемісті дәміне қарай атын атайды.
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізді одан әрі қарай қызықты болу үшін балалар
Би: «Ган – ган – стейл» биін билеп бермекші.
Алтын күз: Жарайсыздар балалар. Өнерлі екенсіңдер. Балалар енді сендермен жұмбақ шешіп көрейік.
Балалар жұмбақтарын айтады.
Мадина: Ұзын мұтты сарылар
Қойнында наны бар (Бидай)
Нұрбақыт: Бақшада өседі
Көп өнім береді (Көкеніс)
Інжу: Аспай піскен
Қайнамай түскен (Жеміс)
Алтын күз: Ой жарайсыздар балалар. Бәріңізде тапқыр екенсіңдер. Өнерлі балалар екенсіңдер. Балалар енді менің кететін уақытым болды. Мені басқада балабақша бүлдіршіндері күтіп отыр. Сау болыңдар. Аман болыңдар!!!
Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнге саламыз
Тойымызға сән берер
Ән де айта аламыз – дей отырып келесі кезекті балалардың орындауында әнге берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың аналары тіккен түрлі бұйымдардан жасалған киім үлгілерін көрсетпекші. Ендіше «Алтын күз 2017 жылғы» топтамасын ортамызға қарсы алайық.
Жүргізуші: Қандай керемет сән үлгісі. Рахмет!!!
Жүргізуші: Берекелі бақ даулет.
Арта түссін тойланып
Сау болыңыздар балалар
Келгенде күз айналып – дей отырып бүгінгі «Алтын күз» – атты ертеңгілігіміз айқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз. Әр отбасыға бақыт береке тілейміз. Келесі кездескенше сауболыңыздар!!!!
