Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай өткізілген «Тәу елсіздік -теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік к ешінің жоспары.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
АҚПАНОВА ТҰРЛЫГҮЛ
Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешінің жоспары.
(Сахна безендірілген. Әуен ойналып тұрады.)
/1-слайд/
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар , оқушылар!
2-жүргізуші:Қайырлы күн , мерекелік кеш қонақтары!
/2-слайд/
1-жүргізуші:
Ел тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған “ Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты бастауыш сынып оқушыларының мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
Бұл міне, менің елім , Қазақ деген, Өткерген сан ғасырды азаппенен,
130 ұлт ұйысып уысында,
Тіршілік етіп жатқан ғажап мекен.
2-жүргізуші :
Тәуелсіздік -теңдігім 26 жылдық ерлігім Тағдыр берген тартуға, Тарылмасын кеңдігім.
/3-слайд/
1-жүргізуші:-Иә,дұрыс айтасың досым ,Тәуелсіздік жолы – ұзақ жол, ол ата-бабаларымыздың жолы, ерлік жолы.
2-жүргізуші :-Міне,Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп,төбесіне көк байрағын желбіреткеніне 26 жыл болды.
Олай болса,ұлан-ғайыр жері,өлшеусіз байлығы бар,жүзінде нұр,жүрегінде иман ұялаған қазақ атты халық үшін «Менің мемлекетім -жас мемлекет» -деу әрине, артық.
/4-слайд/
Мерекелік кешке құттықтау сөз.
1-жүргізуші:
26 жылда өткердік Тағдырдың талай сынағын
Шыдамды шырақ,қыраным, Шырқатады жыр-әнін.
2-жүргізуші: «Жаса ,Қазақстан!» әні.
/5-слайд/
1-жүргізуші:
Аман болсын Елбасым. Арқалаған ел жүгін.
Елбасымыз бастаған, Жасасын мәңгі-елдігім.
/6-слайд/
1-жүргізуші:-Әрине,достым,сенімге шек келітіріп болмас,болашаққа деген ұмтылысын,балалық қуанышын досымыз «Бұлқынды жүрек» әнімен жеткізеді.
2-жүргізуші: Олай болса, бірге тыңдайық!
1-жүргізуші : Досым ,Мен тәуелсіздіктің тірегі,
Отанымыздың жүрегі -Астана,бейбітшілік пен молшылықтың
белгісі де Астана- деп білемін.
/7-слайд/
2-жүргізуші: Елбасымыз Ару қала Астана төріне жаңарған қазақ елінің символы ретінде «Бәйтерек» ағашын бекер таңдамаған болар.
Олай болса,Қазақстан халқының арманы мен мақсатын,ынтымағы мен ырысын арттырған «Бәйтерек-Астана» монументі жайлы сыр шертейікші!
1-жүргізуші:
«Жаса,Жаңа Астанам!
Өркен жая бастаған!» қойылымын көрсетеді.
(Осы кезде музыка ойналып, көрініс басталады. )
2-жүргізуші : 3 оқушы орындауында « Астана»әні.
/8-слайд/
1-жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты өнегесі, теңдігі.
2-жүргізуші :
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі, –
/9-15слайд/
2-сынып оқушылары Тәуелсіздік жайлы жыр шумақтарын арнайды.
(Тақпақтар оқылады.)
Хор:«Көк тудың желбірегені әні»
/16-слайд/
2-жүргізуші : -Сен өзіңді бақытты елдің ұланымын- деп санайсың ба ?
1-жүргізуші :-Әрине, мен өзімді бақытты ұланмын-деп санаймын, өйткені, менің қасиетті ана тілім, ардақты да аяулы ата-анам, сүйікті туған елім бар.
/17-слайд/
2-жүргізуші :Ендеше, бақытты балдырғандардың орындауында
«Өзбек» биін қарсы алайық.
/18-слайд/
1-жүргізуші :Жасадық жаңа Астана,
Астана бүгін –бас қала.
Астанаға арнаған
Өнерің бар ма басқа да?
2-жүргізуші: Бақытты жолды таңдадық.
Өлең де ,жыр да арнадық.
Күмбірлеген күйменен,
Бабалар үнін жалғадық.
/19-21 слайд/
1-жүргізуші :3 – сынып оқушыларының орындауында «Кеңес»күйі.
/22-слайд/
1-жүргізуші : 26 жылда жаңарып,
Орындалды сан арман.
«Қазақ» бимен жетер ме –ау,
Ойымдағы бар арман.
2-жүргізуші : Биші қыздарымызды қарсы алайық./ «Қазақ биі»/
/23-слайд/
1-жүргізуші :
Тәуелсіз –байтақ даламыз,
Астана -ару қаламыз.
Аман болсын Елбасы,
Нұрсұлтандай данамыз.
2-жүргізуші : Даламыз әсем гүлімен,
Бабамыз көсем жырымен.
Бақытына бөленген,
Тәуелсіздік – нұрымен.
/24…-слайд/
Хор. « Қазақ елі»
1-жүргізуші :- «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым»
атты мерекелік кешіміз аяқталды.
1,2-жүргізуші:-Қош ,сау болыңыздар!
