ҰБТ-ға дайындық тренингі-жаттығуы

Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы
«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Смагулова Аида Сауелхановна Педогог-психолог

ҰБТ-ға дайындық тренингі-жаттығуы

Мақсаты: ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңіндегі іс-әрекет стратегияларымен тактикаларына жаттығу; өзін бақылау, өз-өзін бағыттау дағдыларына үйрету; өз күшіне сенімін арттыру, сенімін күшейту.

Әдістері: топпен сөз жарыстары, ойын әдістері, медитация техникалары.

Мақсаты:

  1. Күйзеліске қарсылықты күшейту.
  2. Сенімді іс-қимыл дағдыларына үйрету.

  3. Ерік- эмоция саласын дамыту.

  4. Өзіне деген қамқорлықты, басқаларға деген сенімді, эмпатия сезімін арттыру.

  5. Ішкі қорына сүйене отырып өзін бақылау дағдысын дамыту.

  6. Өз іс-әрекетіне өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу және өз установкаларын саралау.

  7. Қарым-қатынас құрылымдар дағдысына үйрету.

Міндеттер:

  1. Стреске қарсы тұруын арттыру.
  • Сенімді мінез – құлық дағдысын арттыру.

  • Эмоциялық ерік сферасын дамыту.

  • Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу

  • және айналадағыларға сенім білдіру.

    Өткізу шарттары: сынып немесе басқа кең, жарық бөлме. Топ бір сынып оқушыларынан құрылады.

    Жоспары:

    1. Танысу: ««Менің алақанымнан мені таны»»
  • «Біз; қазір және болашақта» жаттығуы

  • «Көбелек» босаңсу жаттығуы.

  • Жаттығу «Аааа иИиии»

  • « Кір жұғыш мәшенке»

  • «Қоштасу»

  • Барысы:

    Танысу: «Менің алақанымнан мені таны»

    «Танысу» рубрикасына қатысушылар хабарлама жазады. Хабарламада өте қысқа түрде өзі туралы, кіммен танысқысы келетіні туралы жазуы керек. Хабарлама әзіл-қалжың түрінде өзі туралы жазуы керек. Әркім өз хабарламасын оқиды.

    Талдау: Өзің жайлы жазу қиындық тудырды ма? өз бойыңдағы нені өзгерткің келеді?

    «Біз; қазір және болашақта» жаттығуы

    Мақсаты: Стрестен арылып, өз болашағын бағамдай білуге ықпал жасау.

    Уақыты: 15 минут

    Шартымен таныстыру: Екі топ ватман қағазға «Біз; қазір және болашақта» тақырыбына жоба жасап, оны қорғайды.

    Талдау:

    Шыққан жоба сендерге ұнады ма? Не қиындық тудырды?

    «Көбелек» босаңсу жаттығуы.

    Уақыты: 3 минут

    Шартымен таныстыру: Шеңберге тұрып жаттығуды орындаймыз. Барлығымыз гүлге қонған көбелек рөлін орындаймыз. Ал енді көбелек оянды, керілді, созылды. Қанаттарын қақты, терең тыныс алды, ақырын айналып ұшты, бір-біріне қарап күлімсіреді. Қайта келіп гүлге қонды.

    Талдау: өздеріңді бұл жаттығудан кейін қалай сезіндіңдер?

    Жаттығу «Аааа иИиии»

    Мақсаты: позитивті«Мен» образын дамыту; көңіл-күйді жақсарту, оптимизм енгізу.

    Уақыт:10минут.

    Шартымен таныстыру: қатысушылар дөңгеленіп, шеңбер бойымен тұрады.

    Мен сендердің бойларыңа жаңа күш енгізуге көмектесемін. Түрегеліп терең демдеріңді шығарыңдар, сонан кейін қайтадан ауаны өкпемізге толтыра жұтып, дыбыспен шығарамаыз. Ауаны шығарып біткенше «Аааа» деп әуендетеміз. Әуенмен бірге бойларыңдағы бар шаршаған, шалдыққан жаман сезімдер ауыздарыңнан шығып жатқанын елестетеіңдер. Ал ауаны жұтқанда онымен бірге жақсы, көңілді ойларды, сезімді жұттық деп ойлаңдар. Әр дем шығарған кезде «Аааа» дыбысын қайталаймыз, әр қайталаған сайын одан да қаттырақ шаршау, жаман сезімдер шығып біткенше әндетеміз.(1минут)

    Енді қолдарыңды төбелеріңе қойып «Ииии» деп әндетеміз, ол дыбыстан бастарыңнан діріл сезілгенін байқаңдар… Енді жедел жәрдем дауысына салыңдар. Бірде қатты бірде ақырын дауыстаңдар. Кейін өз күштеріңнің сақталып қалғанын сезінесіңдер…(30секунд).

    Басқада дауысты дыбыстармен осы жаттығуды қайталауға болады, олардың қайсысы сізге көбірек күш беретінін эксперименттеп көруге болады.

    Талдау: өз сезіміңіз, жағдайыңыз туралы айтыңыз.

    «Кір жуғыш мәшинке»-жаттығуы

    Шарты; Оқушылар екі топқа бөлінеді де,еік қатарға бір-біріне қарап тұрады. Екі жаққа бөлінген оқушылар кезекпен-кезек араларынан өтеді. Ортадан өтіп бара жатқан оқушының басынан сипап,жылулық сезім беру арқылы сол оқушының жақсы қасиетін айтып шығарып салады.

    Талдау: Қасыңдағы достарың айтып жатқан жақсы қасиеттеріңмен келісесіңбе?

    Қорытынды сөз:

    Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.

    «ҰБТ- да жетістікке жетейік!»

    («Бір дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

    1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

    Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

    Білім болған бастау алар тірегіміз.

    әннен шашу шашайық.

    Қайырмасы:

    Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

    Орындалсын үміт толы тілегіміз,

    Бәріміз де дайым,

    Көрмей қайғы- уайым,

    Ұбт-дан жетістікке жетейік.

    1. Жанымызға сенімділік серік болсын,

    Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

    Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

    Асулардан асайық.

    Қайырмасы;

    Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

    Орындалсын үміт толы тілегіміз,

    Бәріміз де дайым

    Көрмей қайғы- уайым,

    Ұбт-дан жетістікке жетейік.

    ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек

    ·

    ҰБТ – ға дайындалу кезінде психологиялық көмек. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз – өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл – күйлерін қалыптастыру. Түрі: ойын – сабақ Құрал – жабдықтар: А4 беттері, психологиялық әуендер, түрлі – түсті фламастерлер Жоспары: 1. Сәлемдесу. Сұрақтарға жауап беру 2. «Күншуақ» жаттығуы; 3. «Бәйтерек» жаттығуы; 4. «Мен өзіме сенімдімін» жаттығуы; 5. «Сыйлық» жаттығуы;

    1. «Тоғай тілегі» қорытынды. Сабақтың барысы: Қатысушылар барлығы бір – бірімен сәлемдесіп, мына төмендегі сұрақтарға жауап беру керек: 1. Бүгінгі көңіл – күйін қалай? 2. Өзіңді қалай сезініп жүрсің? 3. ҰБТ – ға дайындығың қалай? 4. Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар? «Күншуақ» жаттығуы. Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтын суретін салады. Өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазады. Қатысушылардың әрқайсысы өз мақсаттармен таныстырады. Уақыт 10 мин беріледі. «Бәйтерек» жаттығуында қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа А4 беттері беріліп, «Бәйтерек» жасау керек. «Бәйтеректі» тек А 4 беттерінен жасағанда қайшы, желім т. б. қолданылмайды. Уақыт 20 мин беріледі. Бұл жаттығуда қатысушылардың бір – бірімен қарым – қатынасын, қобалжуын, белсенділігін т. б. сезімдерін байқауға болады. «Мен өзіме сенімдімін» жаттығу. Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Тақырыпқа байланысты өзіне сенімділігін арттыру үшін, «Мен өзіме сенемін» деп әрқайсысы өз ойларын айтады. «Көрші» жаттығуы. Көршіңді оң жақтан құшақтап, Көршіңді сол жақтан құшақтап, Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып, Бүгінгі жастар форум барысы Біз үлкен отбасы деп бір – бірімізге, ойша шын жүректен сыйлығымызды береміз. Бұл жаттығуда әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінеді, бір – біріне жылу сыйлайды. «Тоғай тілегі» жаттығуы. Әр қатысушыға жапырақтар беріледі. Жапырақтарға өздерінің тілектерін, ұсыныстарын, ойларын жазып, «Тоғай тілегіне» жапсырады. Соңында жүргізуші сабақты қорытындылайды.

    Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар Жарияланды 8-10-2014, 23:47 Категориясы: Өзін өзі тану

    Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар. Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту; балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру. Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар. 1. «Ине мен жіп» Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер. Сендер менің артымнан бір – бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады. 2. «Бұл қашан болады?» Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді. Кесте, құрал – жабдықтармен жұмыс 1. Айлардың аттарын ата; 2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата; 3. Әр мезгілде неше ай бар? 4. Бір айда неше апта бар? 5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай? 3. «Не үлкен?» Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. 4. «Сиқырлы қапшық» Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар. 1. «Төрт құбылыс» Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.

    1. «Көңілді шеңбер» Балалар шеңбер жасап отырады. Бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. 3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан – жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады. Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар. 1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек. 2. Құлақ – мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады. 3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады. 4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с. 5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл – қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

    Тақырыбы: « Біз 5 – сыныпқа барамыз»

    Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

    Сабақтың түрі : талқылау, ойын сабақ

    Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .

    Сабақтың барысы :

    I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

    Тренинг «Жүректен — жүрекке»

    II . Психологтың кіріспе сөзі.

    5- сынып дегеніміз не ?

    Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.

    Оқушыларға сұрақтар:

    — 5 сынып дегеніміз не ?

    — 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?

    — 5 сыныптан не күтесіз ?

    — Мен бастауыш түлегі болғандықтан …

    — 5 сыныпта мұғалім маған …

    III. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек».

    Барысы : әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақта алдындағы гүлге апарып қондырады.

    «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу.

    Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу, қарым – қатынасын анықтау. Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу.

    Оқушылар топ болып отырады. Топқа жұмыс беріледі. Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп , презентация жасайды.

    1 топқа — «Менің бесінші сыныбым»,

    2 топқа — «Менің сынып жетекшім»,

    3 топқа — «5 сынып оқушысы қандай болу керек ?»

    Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізеді.

    «Менің жұлдызым».

    Нұсқау: Енді көз көз алдыңызға жұлдызды аспанды елесетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және әлсіз жарық. Біреулер үшін бұл бірнеше жұлдыз, біреулер үшін сансыз ұсақ, небір жарық, жымыңдаған нүктелер болуы мүмкін. Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін. Жұлдыздарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге ұнаған

    тамаша жұлдызды таңдаңыз. Өз жұлдызыңызға қарап, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен ұмтылыңыз, сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жете аласыз. Оны аспаннан алыңыз да, алдыңызға жайлап қойыңыз. Жақынырақ қараңыз, оның қандай екенін есте сақтаңыз. Тізеңізді сипап, қолыңызды екі жанға созыңыз да, көзіңізіді ашыңыз. Жұлдызыңыз сізге достық, қайырымдылық , шұғыласын шашады. Білім жолында, өмір жолында қолдау көрсетеді. Түнгі жұлдыздарды қарасаңыз олардың әртүрлі екенін көресіз. Олар әртүрлі біз бен сіз сияқты.

    «Алма тілектері»

    Мақсаты: Оқушылардың ойларын жинақтату, сыныбына, сынып жетекшісіне тілектерін білдіру.

    Рефлексия (ой қорытындылау).

    «Аяқталмаған сөйлемдер».

    Бүгінгі сабақта менің түсінгенім…

    Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…

    Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны…

    Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

    Қорытынды:

    5 сынып оқушыларының дамуы , одан әрі қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының , ұстаздарға жеңіл бейімделуге , оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек.

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше