Жаңақала өңіріндегі ақындар шығармашылығы.

Автордың аты-жөні: Борашева Салтанат Жанғалиқызы
Түсінік хат

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Бүгінгі күні біз жаңа дәуір-жаңа ғасыр-жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. ХХІ ғасыр жеке адамның білімі мен біліктілігі үстемдік құратын дүниежүзілік ақпараттандыру құралы болып, төрткүл дүниеге тегіміз танылар тұста ұрпағымыз білімін қалай ұштаса болады, ғылымға деген самарқау саналар, марқау көңілдер қайтсе сергиді?

Танымның кемерін кеңейту үшін, түпсіз білімнің тұңғиығына бойлау үшін не істеу қажет, неден бастаған жөн?

Әр мұғалім сабақты құруда әдеби шығармалардың өзіндік ерекшелігіне қатысты әрекет жасап, оқушылардың қиялын дамытуда орны ерекше. Әр ұстаз өзінше ізденеді. Менің алға қойған өзекті мәселем:

  1. Өз елінің тума таланттарының, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына селсоқ қарап, бағаламауы.
  2. Оқушылардың шығарма жазғанда тілдері жұтаң, өз ойларын көркем де шұрайлы тілмен еркін жеткізе алмауы.

  3. Көркем әдеби кітаптарды іздеп жүріп оқитын оқушылардың қатары азайып бара жатқандығы.

  4. Саналарын ҰБТ, МАБ билеген оқушылардың әдебиет пәніне енжар қарай бастауы.

Сондықтан таңдау курсы бойынша «Жаңақала өңіріндегі ақындар шығармашылығы» деген тақырыппен жасалған бұл бағдарлама 9-10-шы сыныптарға арналған авторлық бағдарлама.

Бағдарламаны жасауда А.Шахиннің «Мәңгі көктем» 1999 жыл, «Сол бір сүргін» 2002 жыл, «Езуіңді жи» 2003 жыл, «Ағартушы» 2009 жыл, «Жарқ еткен дәурен»,

Ө.Ақбасовтың «Тіршілік тынысы» Орал 2006 жыл, «Өмір толғауы» Орал 2008 жыл,

З.Сисенғалидың «Әнім сенсің, Жаңақала» 2001 жыл, «Ақжайық ару-мекенім» Орал 2003 жыл, «Жылдар, ойлар» 2006 жылы, «Дастан» баспасынан «Ақ ниет», «Жырлайды жүрек», «Полиграфсервис» 2009 жыл, «Қарашада қалған мұң», баспасөз беттеріндегі материалдары,

Асылбек Ишанов «Аманат», «Дастан» 2008 жылы шыққан жыр, әңгіме жинақтары, еңбектері басшылыққа алынды.

Аталмыш бағдарламаның ерекшелігі мынада:

Біріншіден, бұл бағдарлама оқушылардың зерттеу-шығармашылық жұмыстарымен мен айналысуына, қызығушылығының артуына себепші болады және сара жолды көрсетеді.

Екіншіден, бұл бағдарламаны жасауда өлеңдер жинағы, баспасөз материалдары, әңгімелер басшылыққа алынуы.

Бағдарлама мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Түсініктеме бөлігінде таңдау курсының мақсаты,білім мазмұнын таңдап алу мен жалпы логиканы негіздеу және оның жүйелілігін тағайындау, оқу үрдісінің, әдістерінің, жұмыс түрлерінің жалпы сипаттамалары туралы мәлімет берілді;
  • Тұжырымдық бөлігінде таңдау курстың бөлімдері мен тақырыптары, оқыту құралдары, мазмұны мен құрылымы қамтылды ;

  • Нормативтік бөлігінде оқып-үйренуге бөлінетін уақыт пен оқушылардың білім,білік,дағдыларына қойылатын талаптар қарастырылды;

  • Ақпараттық-әдістемелік бөлігінде мұрағаттан алынған материалдар, жыр жинақтары, мақалалары және жеке кітапханасынан материалдар алынды.

  • «Жаңақала өңіріндегі ақындар шығармашылығы» атты таңдау курсының бұл бағдарламасы 9-10 сыныптарда әдебиетті оқыту бағдарламасының қосымша бөлігі болып табылады.

    Таңдау курстың мақсаты:

    1. Бүгінгі оқушы-ертеңгі ізбасар.
  • Ақын-жазушылардың шығармашылығын жинақтап, жаңа техноло-гия үлгісінде оқырман қауымға жеткізу;

  • Киелі Жаңақала жеріндегі ауызы дуалы, адуынды ақындардың шығармаларын зерттеу, мақалалары мен әңгімелеріне пікір жазу, өлеңдері мен әндеріне талдау, тоқталу.

  • Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:

    1. Оқыту.
    • Өрелі жасқа өріс болар асыл ойдың құдіреті-ақиық ақындар.

    -Ой тұнығынан шыққан өлең,әңгімелердің шығу отаны;

    2.Дамыту.

    -Оқушының поэзия мен прозаға деген ой-өрісін шыңдай

    отырып,өмірге деген көзқарасын қалыптастыру;

    -Бойындағы талантын танып,бағыт-бағдар беру;

    -Эстетикалық сезімін дамыту;

    -Ақын өлеңдерінің эстетикалық мәнін ашу;

    -Ақындардың шығармаларын тақырып жағынан жіктеу;

    -Өмірі мен мұрасын өзге өнер иелерімен салыстыра қарау;

    -Әр өнер иесінің шеберлігі мен даралығын айқындау;

    -Теориялық тұрғыдан саралау;

    -Ғылыми жұмыспен шұғылдануға бағыттау

    3.Тәрбиелеу.

    -Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны көптеген адами қасиеттерге, сөз, өлең тереңдігін түсінуге, тіл тазалығын сақтауды насихаттай отырып,поэзия,проза тілі арқылы елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

    4.Өзектілігі

    -Осы білгенін оқушы қолдана ала ма?

    -Мазмұндық-құрылымдық жүйесін және көріктеу құралдарын қолдана білуге үйрету.

    5.Жұмыстың түрі.

    Теория мен тәжірибенің байланысы мен бірлігін ескеріп, оқушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарды түрлендіріп отыру. Олар: шығарма, баға бергізу, пікір айытқызу, реферат, бетшелер жасау, ойтолғау, рецензия және т.б

    Күтілетін нәтиже

    Аталмыш курста өнер иелерінің шығармаларының мазмұндық-құрылымдық сипаттарын ажырата білу көрсетіледі. Сонымен қатар, басқа да өнер иелерімен салыстыра оқыту қарастырылады.

    Жасалып отырған таңдау курсы оқушылардың ұлтын сүйген жоғары парасатты, жалпы мәдениетті және сонымен бірге, тіл мәдениеті де дамыған жүрегінде отансүйгіштік қасиеттері жоғары азаматтарды тәрбиелеп шығару.

    Сабақтың мазмұны мен әдістемесі.

    «Жаңақала өңіріндегі ақындар шығармашылығы» атты таңдау курсы бағдарламасының өнер мәдениетін танытудағы орны ерекше. Бағдарламаның әр бөліміндегі тақырыптарда ақын-жазушылардың шығармаларын оқытуда теория мен практика ұштасып, әдеби теориясы тұрғысынан талданып, саналы түрде қабылдауын жүзеге асыруға бағытталған.

    Таңдау курсы бағдарламасын жасау барысында мынадай әдістердің негізгі заңдылықтары мен принциптері басшылыққа алынды: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас, ой-толғау, эссе жазу, кейіпкерлер бейнесін сипаттау, баға беру, реферат, жазуға төселдіру сияқты жұмыс жүйесімен жүргізіледі.

    9-10-шы сынып арналған бағдарлама оқушының шығармашылық, өз бетінше ізденушілік бағыттағы іс-әрекетін бағалауға арналған әр деңгейдегі жаттығулар мен тапсырмалар қамтылып, сонымен қатар оқушылардың өз пікірлерін әдеби тіл нормасына сәйкес дұрыс, көркем әсерлі жеткізе білу қабілеттерін дамыту талаптары ескеріліп жасалды.

    Апталық сағат-4

    Қ/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны Қосымша сабақ тың түрі

    1 Кіріспе. «Жаңақала өңіріндегі ақындар шығармашылығы» туралы жалпы шолу. 2 Реферат

    І. А.Шахин – өңірімізге белгілі қаламгер.

    2 А.Шахиннің өмір жолы. 3 Бетшелер жасау

    3 Ақынның шығармаларының зерттелуі. 4 Баяндама

    4 «Жарқ еткен дәурен» жинағына талдау. 4 Талдау

    5 «Жүрек сенің құлынмын» 3 Талдау

    6 «Әңгімелер» жинағы. 5 Пікірталас

    7 Деректі хикаялар. 5 Ой толғау

    8 Публицистикалық шығармалар. 6 Эссе жазу

    ІІ. Ө.Ақбасов – қалам тартқан журналист.

    9 Ө.Тұрақбайұлының өмір жолы. 5 Бетшелер жасау

    10 «Тәуелсіздік жемісі» атты өлеңіне тлдау 3 Талдау

    11 «Боранды түнде» 4 Талдау

    12 «Ойлар, ойлар» бөліміне толық талдау жасау. 5 Толық талдау

    13 «Жүрек жылуы» 4 Сырласу

    14 «Мансап» 3 Баяндау

    15 «Тіршілік тынысы» өлеңдер жинағына талдау 3 Талдау

    16 Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Жаңарған өңірі» газетінің 2 Кездесу

    редакторы – Ө.Ақбасовпен кездесу

    17 Баспасөз беттеріндегі мақалалар 4 Іздену

    18 Шығарма 4 Қайталау

    19 Тест 3 Қайталау

    20 Жоба қорғау 4 Қорытындылау

    Қ/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны Қосымша сабақ- тың түрі

    1 Кіріспе. «Жаңақала өңіріндегі ақындар шығармашылығы» туралы жалпы шолу. 2 Реферат

    І. Ақын–журналист – З.Сисенғали.

    2 З.Сисенғалидың өмір жолы. 3 Бетшелер

    3 «Ақниет» өлеңдер жинағы. 4 Талдау

    4 Ақпараттық газет-журналдардағы жарияланған мақалаларына талдау жүргізу. 4 Шығармашылық ізденіс

    5 «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы. 4 Бес жолды өлең

    6 «Қарашада қалған мұң» жаңа туынды (эссе, рецензия, очерк) 5 Пікір жазу

    7 «Жылдар ойлар» жинағы. (пікір, ой-толғаныстар) 5 Пікір талас

    8 Ақынның өлеңіне жазылған әндер 3 Талдау

    9 Ақын-журналист З.Сисенғалимен кездесу 2 Сұрақ-жауап

    ІІ. Арынды да дарынды талант иесі –А.Ишанов

    10 Айтыскер ақын Асылбектің өміріне шолу. 2 Бетшелер

    11 Артында қалған «Аманат» кітабына талдау жасау. 4 Талдау

    12 Айтыскер ақын ретінде халық жадында қалуы. 4 Естеліктер

    13 Жас ақындардың ақынға арнауы 3 Өлеңдер

    14 Ақындар мүшәйрасы 2

    15 Жас қаламгерлердің ақынға құрметі (ақынның жарық көрмеген өлеңдерінен жинақ шығару) 5 Шығармашылық ізденіс

    16 Жоба қорғау 5

    17 Тест жұмысы 4 Қайталау

    18 Шығарма 3 Қайталау

    19 Қорытынды сабақ. Өнер адамдарының поэзия, проза саласындағы алатын орны. 4 Жылдық есеп беру

    Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

    Әр тапсырманы мұғалімнің ұсынуы бойынша және өз бетімен, өз таңдауымен оқи білу;

    Оқу барысында мазмұн-мәнін, әдеби ерекшілігін, көркемдік мұратын танып білуі керек.

    Басты тұлға –оқушы және оның талап-тілегі, мүмкіндігі. Оқушы өзіне не керек екенін өте жақсы біледі. Бірақ болашақта немен айналысатыныны туралы нақты айта алмайды, сол себепті бағыт таңдауына көмектесуіміз керек. Болашақта филолог, журналист, жалпы білікті маман болуды мақсат еткен балалардың бойына мектеп жасынан өнерді дарыту керек.

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше