Қазақ биіндегі айналу және айналма

Орал каласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы
№11 облытық -интернат кешені
Дайындаған: хореография сыныбының мұғалімі : Журалиева А.Ж

Тақырыбы: Қазақ биіндегі айналу және айналма

Мақсаты: Қазақ биінің элементтерін уйрету, соның ішінде – айналма қимылы мен айналу қимылының түрлерін дұрыс жасалуын қадағалау, оның орындау шеберлігін арттыру, қолдың дұрыс қойылуын үйрету.

Көрнекіліктер: Хореографиялық зал, станок, айна, мини центр.

Сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу.

ІІ. Станок жанындағы экзерсиз.

ІІІ. Диагональ бойынша қимылдар. («ұялу», «атшабыс»,

«ауыспалы адымдар»)

ІҮ. Үй тапсырмасымен жұмыс. ( диогональ бойынша: «сүйретпе»,

«мақтаншақ», «молдас»)

Ү. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ҮІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

VIІ Зал ортасындагы жаттығулар «айналма», «айналу»

VIIІ. Диагональ бойынша «айналу» түрлері

ІХ Зал ортасындағы шағын этюд («Балбырауын» күйіне этюд)

Х. Қорытынды бөлім , бағалау

XІ. Үй тапсырмасы

І.

Зал ортасында сәлемдесу, орыс халқының мінезі.

ІІ.

  1. «Plie» (demi et grand), орыс халқының мінезі
  2. «Battement tendu» (плие аяқтың ұшы және өкшесімен жұмыс)

  3. «Battement tendu jete» (аяқтың ұшы және өкшесімен жұмыс)

ІІІ.

Диогональ бойымен қимылдар: «Ұялу» – екі алақанымызды сыртқа қаратып, сұқ саусақтарымыздың қырларын қосып, шынтақтарымызды бір сызықта ұстап, басымызды оңға және солға қарайлаймыз.

«Атшабыс»- кішкентай секіру, бір аяқтан екінщі аяққа тіземізді 90градусқа көтері арқылы секіру.

«Ауыспалы адымдар» – оң аяқтың өкшесі сол аяқтың ұшымен жаңасып қайтадан оң аяқтың өкшесін қоямыз, келесі сол аяқпен дәл солай қайталанады.

ІҮ.

Үй тапсырмасы: «Сүйретпе» – жұмыс жасаушы оң аяғымыз плиеде, тұлғамызды сәл алға қарай ұмтылдырып кішкене секіру арқылы сол аяғымызды сүйрейміз, оң қолымыз ІІІ қалыпта, басымыз оң қолымызға қарайды, сол қолымыз белде.

«Мақтаншақ» – бастапқы қалып денеміз тіке, қолымыз жоғарыда жұмыртығымыз түйулі, оң қолымыз осы қалыпта қалады ал, сол қолымызды оң иыққа, кеудемізге одан кейін бастапқы қалыпқа қоямыз, сол қолымызбен қайталаймыз.

Балалар диагональ арқылы зал ортасына келіп үй тапсырмасын жалғастырады.

«Молдас» – денеміз тіке, аяғымыз Ү қалыпта, қолымыз ҮІ қалыпта оң аяғымыздың өкшесі көтеріледі, сол аяқтың өкшесі еденде, одан кейін сол аяқтың өкшесін көтергенде оң аяқтың өкшесі едеге тиеді, солай қайталана береді.

V.

Үй тапсырмасын қорыта келе жіберілген қателіктерді түзеп, кимылдарды барлық талапқа сай әдістерімен дұрыс орындау.

ҮІ- ҮІІ

Жаңа тақырып.

Мұғалім: Бүгінгі жаңа тақырыбымыз айналма және айналу. Біздің мақсатымыз айналма және айналу қимылдарының техникасын дұрыс орындау. Қимылдарды орындау барысында би элементтерін жасағанда, музыканы тыңдап, барлығымыз бірге бірдей бастап және бірдей аяқтау қажет. Ең маңыздысы музыканы тыңдап түсіну керек.

«Айналма» – қолымызды І қалыпқа қоямыз, саусақ жинақы тұрады қолымызды білезік тұсында шеңбер сыза айналдырамыз, бұл қимылды І, ІІ, ІІІ және аралас қалыптарда орындаймыз. Ежелден қазақ халқының қыздары қолдарына білезік тағып, құлақтарына сырға тағып, өздерінің сұлулықтарын айқындай түскен. (мұғалім аталған қимылдарды көрсетеді.)

«Айналма» – қолымызды білезік тұсынан айналдыру, оның ішке және сыртқа жасалатын түрлері бар. Қазақ биімізбен ұлттық киімдерімен бірге үйлесімділік тауып, тығыз байланысты көрсетеді. Біздің ұлттық киімдеріміздің қандай элеметтерін білесіздер?

Балалар: үкі, ою- өрнек, сырға, білезік, алқа т.б (балалар осы аталған қимылдарды көрсетеді )

Мұғалім: Қол қимылы айналманы өткеніміздей, бұл қимылдыңда бір аяққа күш түсіру арқылы «айналу» және «секіріп айналу» секілді түрлері бар.

Зал ортасында фуэте – бір аяқпен бір орында айналу, қолымызды 2 және 3 қалыпқа қоямыз. (балаларды диагональға тұрғызып, әрі қарай қимылдарды көрсетеді.)

ҮІІІ

Шенэ – аяғымыз 6 қалыпта, қолымыз 2 қалыпта айналамыз, диагональ бойынша нүкте ұстаймыз және денемізді тіке, басымызды көтереміз.

Тур пике- бір аяққа айналу, пассе артқа 3 және 1 қалыпта орындауға болады.

Орындалу техникаларын қатаң сақтап, денесін тік, нүкте ұстап, айналған кезде күш түскен аяқты сезіну керек.

ІХ

Мұғалім: балалар , «Балбырауын» күйіне қойылған шағын этюдымызға дайындалайық.

Х

Мұғалім : балалар, бүгінгі сабақта қандай жаңа қимылдар үйрендік?

Балалар: біздер қазақ би элементтерінің бірі- айналма және айналу қимылдарын және олардың түрлерін үйрендік.

XI

Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша оқушылар бағаланады.

  1. «Айналма» және «айналу» қимылдарын олардың түрлерін уйде орындап,жаттап келу.

2.Ортада орындалатын және диагональда орындалатын қимылдарды шатастырмау.

3.Журналға баға қою.

  • Сабақ аяқталды,сау болыңыздар.
  • Зал ортасындағы «Тәжім».

  • Қолданылған әдебиеттер:

    1. А. Кульбекова «Казахский танец», учебно- методическое пособие для ВУЗов по специальности 060440 «Хореография»

    2. Ш.Жиенкулова «Тайна танца». Алма- Ата, 1980

    3. Ш.Жиенкулова «Искуство- моя жизнь». Алма- Ата, 1982

    4. А.К. Кульбекова. Методика преподования народно- сценического танца. Учебное пособие- Уральск, 2006

    5. Т.Я.Ткаченко «Народные танцы» 1977

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше