Сүйіспеншілік – өмір өзегі

Мектеп: Әл-Фараби атындағы №145 ЖББ мектеп
Мерзiмі: № 9 Тақырып: Сүйіспеншілік – өмір өзегі
Құндылық:Сүйіспеншілік Қасиеттер:адалдық, сенім, мейірім.
Мұғалiм:
Шакиева Ж.Б Сынып: 5 Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым-қатнас жарастығы туралы түсінік беру арқылы риясыз сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: – Оқушыларға қарым-қатнастың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,адалдық,мейірімділік қасиеттер туралы түсінік беру; – Оқушыларды қарым-қатынас жасауға баулу арқылы сенімділік,адалдық қасиеттерін дамыту; – Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын қастерлеуде адалдық,мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу. Ресурстар:(оқулық, дәптер, күнделік, пеналь ,бейжик)

Сабақ барысы:Сәлемдесу. 5Т-ны еске түсіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына №9 тақырыптағы Р.Рождественскийдің «Махаббат

шуағы» өлеңін оқып, өз түсінігі бойынша толықтырып келуге берілген.

Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1.Өлеңде не туралы айтылған?

2.Риясыз сүйіспеншілік адамға қандай артықшылық береді ?

3.Өмірде сүйіспеншілік неге аса қажет деп ойлайсыңдар ?

4.Неліктен махаббат адам жанын нұрға ,көңілін қуанышқа бөлейді ?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Біреудің жақсы ісін көрсең ,оны ардақтай біл ,

кінәліні кешіре біл …Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле …

Ахмед Иүгенеки

Ахмет Иүгенеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасырдың аяғы мен XIII

ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама

оқымысты болғандықтан “Әдиб Ахмет” (оқымысты, жазушы Ахмет) деп

аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне

белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, даналардың

көшбасы.

Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі

Шымкент облысы, Түркістан ауданы) туып, өскен. Жасынан зағиптық

мехнатын тартқан кісі.

Сонымен бірге тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра жазған кісі. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлеңдер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады.Сосын барлығы хормен айтады. Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі. Дәптерге жазып, жаттап келу тапсырылады.

  1. Әңгімелеу. Етікші туралы аңыз .

Бір ауылда жүрегі таза , адамгершілігі мол ,иманды етікші тұрушы еді .

Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етікші сырқаттанып ,төсек

тартып жатып қалады .Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз қарсы

алатынына қапаланды .Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда, ол

түсінде Данышпан қартты көрді : ол ақырын дауысымен: « Сен маған келе

алмасаң, мен саған өзім барамын»- деді.Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті

.Таңертең ерте оянып, үй – ішін жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп,

құрметті қонағын күтуге дайындалды .Осы сәтте ол терезенің алдында

жылап тұрған баланы көрді .Ол баланы үйге кіргізіп оған былай деді:

  • Сен неге жылап тұрсың ?
  • Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды,одан басқа аяқ киімім жоқ

  • .Жаңасын алуға жағдайымыз келмейді .

    Сонда етікші баланы жұбатып былай деді : «Келе ғой мен бәтеңкеңді тігіп

    берейін!» .Аз ғана уақыттан соң жөнделген бәтеңкесін көрген бала

    қуаныштан жүзі бал –бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алды. Оны шығарып

    салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді .Кеш болды .Жұпыны киінген

    бір әйел келіп былай деді :

    -Кешіріңізші мені ,өтінемін !Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім ,

    бірақ, төлейтін ақшам болмай тұр .Келмейін десем, күн суытып барады .

    Етікші оған күлімсірей жымиып :

    -Сіздің етігіңіз дайын тұр .Киіп ал да, өзің тоздыр !

    Одан ештеңе сұрамастан етігін бере салды .

    Түн болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде

    .Ұйықтайтын уақыт та таянып қалды.Осы кезде есік қағылды .Есікті

    ашқанда бейтаныс жолаушыны көрді .Ол былай деді :

    -Мені үйіңізге кіргізіңізші ? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін .Қонатын

    жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес …

    Етікші оны үйіне кіргізіп, тамақтандырды,өзінің төсегіне жатқызды .

    Ал өзі еденге жатты .Ұйықтар алдында ол іштей өзіне :

    -Мүмкін , мен ,бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығармын, өйткені ол келмеді ғой »- деп ойлады да ұйықтап кетті . Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын дауысымен былай деді : Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенімде сен мені құшақ жая қарсы алдың .Сенің ақ пейілің жаныңдағыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң «Адам! » деген ұлы атқа лайықты жансың ұлым . Әңгімелеу бойынша сұрақтар: 1. 1. Әңгімені тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар ? 2.Әңгімедегі етікшінің адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай күш ? 3. Данышпан ата ол кісіге « Адам » деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты ? 4.Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету дегенімізді өмірден нақты қандай мысалдар айтып бере аласыңдар ? 5.Қандай істер өмірде ең маңызды болып табылады ? 6. Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

    1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    Оқушыларға үш топқа бөліну ұсынылады.

    1-тапсырма үш топқа да ортақ .

    Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік,ізгілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең

    жолдарын толықтыруды ұсыну.

    Көп нүкте қойылған жерге өздерің ұйқас жолдарын тауып өлең құрастыру .

    Анаң күнің жүрегің .

    …………………….өмір тірегің.

    Мысалы:( ізгілік, мейірім)

    Ел –Отаның -жанатың,

    ……. …………………..қанатың.

    Мысалы:( сүйіспеншілік нұры)


    Адамдар деп жарқырар күн шырағы ,

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше