Ар намысым, қасіретім, мақтанышым- Желтоқсан.
Алматы қаласы Алатау ауданы ЖББ № 149 мектеп
Тақырыбы: Ар намысым, қасіретім, мақтанышым- Желтоқсан.
Сынып жетекшісі: Айтжанова А.Қ.
3 «Д» сыныбы
Тақырыбы: Ар намысым, қасіретім, мақтанышым –Желтоқсан.
Мақсаты: : 1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан Құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2.Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылығы:
балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд.Жалаушалар.
2.Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
- Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
4 Ұйымдастырылу кезеңі:
( Есік қағылып адасқан Томпақ келеді)
- Мен қайда келдім?
-
Сен жерге келдің.
-
Сәлем Томпақ . Бұл менің сыныптастарым.
-
Бұл жерде не болғалы жатыр?
-
Мұнда 3 Д сыныбының сынып сағаты өткелі жатыр.
-
Менің де көргім келеді. Қалсам болады ма?
-
Әрине , болады. Кел мына жерге жайғас.
1-жүргізуші Нұрайым: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндергенЖелтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз. 1-жүргізуші Нұрайым:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
( Әнұран орындалады)
2-жүргізуші Аян
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
1- жүргізуші Мерей
Атыңнан айналайын егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Ән хормен « Көк тудың желбірегені»
2- Жүргізуші Асия:
Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Алуанай слайд бойынша әңгімелейді.
2-Жүргізуші Асия:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз – өзінен жүрегім ән салады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе – тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән орындайтын Кенжетаев Еркебұлан. « Қазақ жастары»
Алтынбек: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ – дәулетім, Болашағым, өнер – білім, өркенім. Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Жәнібек: Сұранбады, жалынбады тік тұрды, Барлық жендет қорықты одан тіксінді, Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да, Қанышерлер айналада көптін – ді…. Бір қазаққа әлі келмей, жер болып, Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік, Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді, Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып….
Көрініс Қайрат туралы
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма сорыма. Біріншіден, мен сағындым анамды, Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым. Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін? Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой. Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де… Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін. Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе,? Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар. Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық», Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып кетеді.)
3-жүргізуші Мерей
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп Өмірдің сырын ашып жүрегіме Музаның әміріне басымды иіп. Алайық ескі күйдің бәрін жиып, Жандырған ой – қиялды қалың күйік Шерттіріп құнарлырақ домбыраға Тербеліп ырғағына тамылжиын.
Нұрланұлы Аянның орындауында күй «Тепенгог »
Арнай:
Тәуелсіздік – тірегім Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық, Әрбір істі зердеге алып қарайық. Тәуелсіздік жолына жан пида еткен, Ерлерімізді есімізге алайық.
Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп, Еске алайық, есімдерін білелік. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, Алмайықшы екі қолдан жіберіп.
Кәусәр: Дұшпаны тұрса күліп, Қиып түсер қылыш болған. Дәстүрін ұмытпаған, Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды, Жанына жуытпаған. Қадалған жерден қан алып, Өліспей беріспеген. «Көздерінде от ойнар» Ұлдары батыр кілең. Қисынынан сөз табар Өр халақы ақын кілең. Осындай бар ма ел десе, Ойланбастан айтар ем Қазақстаным бұл менің!
Нұрайым
«Жауына табынбаған, От болып жалындаған…»
Азаттық қоныс қылған, Елінде бақыт тұнған. Қыраны еркін самғап, Аспанда қалықтаған. Желбіреп жалаулары Иені жоқ даласында Әнұраны шарықтаған.
Аспандияр:
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік, қош келдің!
М. Айзере:
Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды- Қасиетті борышым. Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою – өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Данияр:
Тәуелсіздік көркі ол да, « Елтаңба» суреті
Өрке ниет өрінде Нұр төгеді Елтаңба Ақ Орданың төрінде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Асылай «Тәуелсіз ел тарихы»
Әмір: Желтоқсанның желі, аязы, ызғары Қанды мұзда талай қазақ сыздады. Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары. Талай қазақ қыздарын да тоңдыра, Талай қазақ гүлдерін де солдыра, Ел билеуге алып келді Колбинді Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Эльнара: Егемендік – бұл елімнің елдігі, Егемендік – барлық ұлттың теңдігі. Егемендік – елін, жерін қорғаған, Ербол менен Қайраттардың ерлігі. Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі, Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі. Есте сақтап ағалардың ерлігін, Жүректерге сақтау керек үнемі.
Еркебұлан :
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз Ел намысын ешбір жанға бермейміз, Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Асель: Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық. Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады.
Дамир: Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаған. Отан үшін олар шығып алаңға Қарсы ағып өзендей тасқындаған. Болмасам да сол кезде мен сеземін Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін, Бұл күннің оңайлықпен келмегенін. Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәттібоп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі.
Ақниет:
Жиырмадағы жалындаған жасында
Қаншама жас азап шекті расында
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.
Соны ойласам елжірейді жүрегім.
Өздері өліп, қорғап қалды ұлы елін
Желбіресін көк байрағы халқымның
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.
Нұрдәулет:
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін. Егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен.
Айзере:
Бұл кісілер шықпағанда алаңға,
Тәуелсіз ел болмас едік ғаламда.
Көше беріп қою керек ескерткіш,
Сол алаңда болған әрбір адамға!!!!
Ойын: «Алма ағашы»
( Алмадағы жылдарды оқып, ағашқа жапсырады.) 1-жүргізуші Аян: Тәуелсіздік – ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды. 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті. 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті. 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды. 1996 жылы Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды. 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды. 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық. 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы. 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.:
2002 жылы – Денсаулық жылы. 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары 2006жылы – Сыр елі өнер ордасы 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті. 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
2009 жылы Халық санағы жүргізілді.
2010 жылы Н.Назарбаев 2020 жылға дейінгі Қазақстанның стратегияның өркендеуін қолға алу үкіміне қол қойды.
2011 жылы президент Н.Назарбаев қайта сайланды.
2012 жылы Өкімет басшысы К. Мәсімовтың орнына С. Ахметов сайланды.
2013 жылы Барлық зейнетақы қорлары бірігіп, бір зейнетақы қоры болды.
2014 жылы Астана әкімі болып Иманғали Тасмағанбетов сайланды.
2015 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жарыс өтті.
2016 жылы Қазақстан Еуразия одағына кірді. Тәуелсіздікке 25 жыл толды.
2017 жылы Бүкіл әлемдік халықаралық Алматыда жастар универсиадасы өтті.
Астанада ЭКСПО – 17 көрмесі өтті.
Еркебұланның орындауында ән « Атамекен».
2-жүргізуші Аян:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
