Менің сүйікті тағамым

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы

№1 мектеп- гимназиясының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тулегенова Бибигуль Мухановна

орыс тілді сыныпта қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті тағамым» .

Сынып: » 4 сынып

Күні: 23.11.2017 жыл

Мақсат: Жеке, топпен жұмыс жасай отыра, диалогтік әңгімеге қатыса отыра бір-бірінің жұмысын бағалай білуге үйрену; Өзінің сүйікті тағамы туралы мәлімет беруге, септіктерді қолдануға үйрену.

Күтілетін нәтиже:

Оқытудың нәтижесі(табыс критерийлері):

1)Төмен деңгейлі оқушы үшін: Өзінің сүйікті тағамының құрамын айтады, неге сүйікті екенін дәлелдейді, септік жалғауларын қолданады

2)Орта деңгейлі оқушы үшін: Өзінің сүйікті тағамының құрамын атайды, жасалу ретін белгілейді, өз ойын дәлелдейді, диалогке түседі, септік жалғауларын қолданады.

3)Жоғары деңгейлі оқушы үшін: септік жалғауларын қолданады, сүйікті тағамы туралы жоспар бойынша айтады, дәлелдейді, ақпаратты жүйелейді

Түйінді идеялар:

1) Өзінің сүйікті тағамы туралы өз ойларын жеткізу

2) Өз идеяларын ұсыну ( топтық жұмыс барысында)

3) сабақ бойынша рефлексия жаза білу

уақыт Сабақ кезеңдері Педагог қызметі Оқушы қызметі Ұйымдастыру формасы Бағалау түрі
2мин І Ұйымдастыру кезеңі

А) амандасу

В) жылы атмосфера орнату

– Сәлеметсіңдерме

-Көңіл-күйлерің қандай?

-Қазір біз шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі сабаққа бір-бірімізге жылы тілек айтайық

( шаттық шеңберін ұйымдастырады, өзі тілек айтуды бастайды)

Тілек айтады Ойын түрінде Мұғалім бағасы
ІІ Үй тапсырмасын тексеру 1) 4- тапсырма (оқып береді)

2) эссе «Менің сүйікті тағамым»

3) жұмбақтар шешеді

Суреттер тапсырады, сұрақтарға жауап береді, тест жұмысын орындайды Сыныппен, жеке Мұғалім бағасы, компьютер бағасы
3мин ІІІ. Жаңа сабақ

А) топтық жұмысты ұйымдастыру

В) топ ережесін еске түсіру

– Бүгін біз топта жұмыс жүргіземіз. Ол үшін тағам атауларының суреттері арқылы үш топқа бөлінеміз.

– Сонымен біз топқа бөліндік.

-Ал топта жұмыс жасау үшін не керек? Өткен сабақта қандай ережелерді атадық?

-Ережелер не үшін керек?

(ережелерді еске түсіріп талқылайды)

Суреттерді таңдайды, топқа бөлінеді

Ережелерді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді

Сыныппен –
С) үйде жасалған суреттерге талдау жасау Сұрақтар:

  • Бұл қандай тағам түрлері?
  • Ол неге саған ұнайды?
5мин Жаңа сөздікпен жұмыс

Аудармасын қайталайды

Сөз тіркестерін құрастырады

Дәптерге жазып алады

– Бүгінгі сабақта келесі жаңа сөздермен жұмыс істейміз: тазалау, жуу, кесу, араластыру, қуыру, пісіру, күріш, қасық, (жеке парақтар таратылады) жаңа сөздерді оқиды Жеке , топпен орындайды –
5мин+ 2мин 31мин Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар беру І топ тапсырмалары: «Менің сүйікті тағамым» әңгіме құрастырады

Білім деңгейі

1-тапсырма: Сүйікті тағамның құрамын анықтаңдар

Түсіну деңгейі

2-тапсырма: Сөздерді септе тағам, сәбіз

Қолдану деңгейі

3-тапсырма: Салаттың жасалу ретін дұрыс жазыңдар: Барлығын араластыру керек, көкөністерді, жұмыртқа мен шұжықты сатып алу керек, көкөністерді жуу керек, барлығын кесу керек, картоп пен жұмыртқаны пісіру керек. ( жеке парақтарда терілген)

Мәтінді оқиды, «фаст-фуд» сөзінің мағынасын табады, тағамдарды атайды топпен Бағалаушы-ны таңдау, бағалауды ұйымдастыру( ұпай беру)
ІІ топ тапсырмалары: палау

Білім деңгейі

1-тапсырма: Палаудың құрамын анықтаңдар

Түсіну деңгейі

2-тапсырма: Берілген сөз тіркестерді аударыңдар септігін анықтаңдар: Морковь чистят, жарят на масле, мешают ложкой, покупают мое любимое блюдо, на базаре покупают

Қолдану деңгейі

3-тапсырма: Палаудың дайындығы туралы сұхбат құрастырыңдар

Сұрақтарға жауап береді, шығармашылық танытады топпен
ІІІ топ тапсырмалары: Қазақша ет

Талдау мен синтез деңгейі

1-тапсырма:Жоспар бойынша коллаж және әңгіме құрастырыңдар

Жоспар:

1)Қазақша ет деген не?

2) Қандай ұлттың ұлттық тағамы?

3) Құрамы қандай?

4) Қалай жасалады? Ретін жазыңдар

5) не себепті жақсы көресің?

( ғаламтор көмегіне жүгіну)

2- Тапсырмакелесі сұраққа өз ойынды жаз, дәлелде

«Саған қазақша ет ұнай ма?Неге?»

жағымды, жағымсыз жақтарын ажыратады, өз ойларын жазады Топпен, жеке
Сергіту сәті «Көңілді күн» Орнынан тұрып жаттығу жасайды.
Топтық жұмысты бағалау Топтық жұмысты бағалау ережелерімен таныстыру (кесте бойынша)

кезекпен.: 1-топ сұрақ қояды, 2- топ жауап береді,3- топ бағалайды.

Бағалау парақшасы арқылы бағалайды.
3мин V. Қорытынды жасау Сұрақтарға жауап беру:

Сұрақтарға жауап беру:

  • Сүйікті тағам қандай болу керек?
  • Сүйікті тағам неден тұрады?
  • Сүйікті тағамды кім дайындайды?
  • Қалай тамақтану керек?
  • Нені жеу денсаулыққа пайдалы?
  • Ас атасы не?
  • Қазақ халқы қандай өнімдерді жоғары бағалайды?
Ойланады, сұрақтарға жауап береді жеке
1мин VІІ. Үй жұмысы 4- тапсырма 33 бет Үй жұмысын жазып алады жеке
1мин Кері байланыс Парақшалар таратылады Нені білдім?

Нені білемін?

Нені білгім келеді?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше