Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн –жұлдыз

Астана қаласы, №74 мектеп-гимназиясының
физика және информтика пәні мұғалімі
Темирова Анархал Жұмабекқызы

Пәні: физика

Сыныбы 8 сынып
Сабақтың тақырыбы §61. §62 Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн –жұлдыз.
Мақсаты Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн –Жұлдыз жайлы мағлұмат беру

Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн -Жұлдыз жайында күнделікті өмірде қажеттілігін қолдана білуге үйрету

Әдіс – тәсілдері «Кім жылдам», «Ойлан,ізден тап» ,«Миға шабуыл», «Өкіл», «Кестені толтыру», «бірін-бірі оқыту» топтық жұмыс
Табыс критериі Сыныпта оқушылардың кем дегенде 70% (орта) 5 минут ішінде 8 сұрақтың 6 қатесіз дұрыс (деңгейлі) жауап беруі керек (әрекет)
Нәтижесі Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн –Жұлдыз жайлы мағлұмат алады.

Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн -Жұлдыз жайында күнделікті өмірде қажеттілігін қолдана білуге үйренеді.

Ресурстар Оқулық, интербелсенді тақта, стикерлер,АКТ
№ Кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру 3 мин Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.Мозайка әдісі арқылы топтарға бөлу. Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді
2 Үй тапсырмасын сұрау 8 мин Өткенді қайталау.

«Кім жылдам» әдісін қолданып формулаларды табу.

«Ойлан , ізден, тап» әдісі арқылы үй тапсырмасын орындайды.

Оқушылар формулаларды жылдам табу керек.

«Ойлан, ізден, тап» әдісін арқылы оқушылар диалог арқылы сұрақтарға жауап береді.

3 Жаңа сабақ 15

мин

Жаңа сабақ АКТ ні пайдаланып слайд көрсету арқылы « Миға шабул» әдісін пайдаланып, сұрақ-жауап

қою арқылы тақырыпты ашу.

«Өкіл» әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндірулерін бақылау.

Жарық

Жарық табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылады. Жарық бөлшектерін фотондар деп атайды. Жарықтың таралу жылдамдығы бұл фотондар жылдамдығы.

Күнделікті тұрмыстан жарық құбылыстарына мысалдар келтіреміз.

Жарық құбылыстарына мысалдар

Жарық көздері

Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.

Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.

Жасандыжарықкөздеріекігебөлінеді: жылулықжәнелюминесценцияланатын (салқынжарықкөздері).

Жылулық жарық көздері:

Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.

Ғаламдағы негізгі жарық көзі –жұлдыздар. Күннің көрінетін беті фотосфера.

Тақырыпты ашу

Сын тұрғысынан ойлап жауап береді.

Әр топдан бір өкіл басқа топтарға барып мәлімет алып келіп, топқа түсіндіреді

Барлық оқушылар қатысады

Оқушылар постер қорғайды

4 Сергіту сәті 2 мин «Формуланы сал» Оқушылар аталған формуланы тауып, салады
5 Жаңа сабақты пысықтау 7 мин «Кестені толтыру» әдісін қолданып кестені толтыру Жұптық жұмыс.

Кестені толтыру

6 Қорытынды 4 мин Бағалау: Критерий арқылы бағалау.

«Биік ағаш» әдісі бойынша кері байланыс алады

Топтық бағалау

Оқушылар тақырыпты қай дәрежеде түсінгені туралы кері байланыс жасайды

7 Үйге тапсырма 1 мин §61. §62 Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн –жұлдыз.

Эссе жазу.

Тақырыбы:

“Адамның тіршілігі мен іс-әрекетінде жарықтың

ролі”

Үйге тапсырма алады

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше