Жануарлардың топтары
Астана қаласы 53 Мектеп-лицей
Нургазина Айжан Сеитовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қысқамерзімді жоспар
Пән:жаратылыстану пәні 2 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің отбасым және достарым
Күні: 19.10.2017
Сынып: 2 Ә
Сабақ тақырыбы
Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер
Сабақ мақсаттары
2.2.2.2 Жануарлардың топтарын ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер.
Бағалау критерийлері
Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілерлермен танысу.
Тілдік мақсаттар
Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілерлер топтарын ажыратады.
Құндылықтарды дарыту
бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырыме жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілерлер
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/
/интернационализм
Жер шарындағы жануарлар тобын қорғауға қатысу.
Пәнаралық байланыстар
Математика, қазақ тілі және әдебиеті
АКТ қолдану дағдылары
Тақырып бойынша слайд
Бастапқы білім
Жануарлар әлемінің көптүрлілігі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.
Сабақ ортасы
20 минут
(Ұ, Т) Мектеп маңында серуендеу. Кез келген кездескен жануарларды фотоға түсіру. Оқушылардан жануарларды омыртқалылар мен омыртқасыздарға жіктеуді сұрау.
(Т, Ж, Ө, Қ) Олардың әрқайсысы жануарлардың қай тобына жататынын талқылау. Жануарларды бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге топтастыруын сұрау. Нәтижелерін суреттер мен жапсырмаларды пайдалана отырып, жұмыс парағына түсіру.
(Т) Оқушыларға «Ұқсастығын тап» ойынын ойнауды ұсыну: бунақденелілердің, балықтардың, қосмекенділердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің екі түрлі суреттері. Оқушылардан әр жануардың жұбын табуды және өз жауабын түсіндіруді сұрау. Содан кейін оқушыларға балықтың қабыршағы, қауырсын, мамық, терінің суреттерін ұсыну. Оқушылардан суреттердің ортақ ұқсастығын табуға тапсырма беру. Жануарларды топқа бөліп, оларға атау беру.
(Қ) Топтардың жұмыстарын бағалау: «жылы-суық»: жылы, себебі…., суық, себебі…
(Ұ) Жануарлардың түрлері, жа уарларды топқа жіктей білуі туралы оқушылардың білімдерін толықтыру үшін «Балық, құс, аң» ойынын ойнату.
(Ж) Оқушыларға Эйлер-Венн диаграммасын таратып беріңіз де, тоқылдақ пен қасқырды, шортан мен бал арасын, бақа мен сары шымшықты, қоян мен тасбақаны салыстыруды ұсыну.
(Қ) Оқушыларға жануарлардың әртүрлі топтарының белгілері бейнеленген «фантастикалық жануардың» суретін көрсету. Жануарлардың тобына сәйкес белгіні тауып, сол туралы әңгімелеуді ұсыну.
(Ұ) Кезекпен әр топтың ұсыныстарын алмастыру және талқылау. Анықтамаларды сәй естендіру.
(Ө, қ) Жануарлардың әрбір тобы үшін анықтамаларды теріп және жазу.
(Ж, Т) Тарақандар, қоңыздар немесе қараңғы мен сыз жерде мекендейтін бунақденелінің жағдайларын зерттеу. Төрт бөлікке бөлінген Петри ыдысын дайындау: құрғақ /жарық, сыз/жарық, ылғалды/жарық және сыз/қараңғы (қара түсті қағазбен қапталған немесе қара түске боялған). Түрлі жағдайларға орналастырылған бунақденелілер санын анықтау.
Оқу мақсатымен таныстыру.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалы дардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Бағалау критерийі. Білім алушы
• Өкілдері бойынша жануарлардың класын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма.
Суретке мұқият қара. Әр жануар қай кластың өкілі болып табылады? Бос орындарға
жануарлар класының атауын жаз.
Дескриптор : Білім алушы
– жануарл арды атайды;
– жануарлардың класын анықтап жазады.
(МК,Ұ) Жануарлардың топтары:
Сүтқоректілер;
бунақденелілер;
балықтар;
қосмекенділер;
жорғалаушылар;
құстар.
(Т) Топпен жұмыс.
Тапсырма 1. Мазайка құрастыру
Мозайка құрастырыңдар және сол жануар туралы не білетіндеріңді айтасыңдар.
1 топ: Сиыр суреті
2 топ: Тауық суреті
3 топ: Тиін суреті
4топ: Балық суреті
(Т) Топпен жұмыс.
(Оқушылар топпен жұмыстар орындау барысында түртіп алу, топтық бағалауды пайдаланамын)
Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Топпен тапсырма лар орындау барысында берілген сілтемемен «Жануарлар әлемі» тақырыбына бейнекөріністі қоямын.
1 топ. Cөйлемді ретімен орналастырып, мәтін құрастыр:
Қасқыр аңдармен, малдармен қоректенеді.
Түлкі ұсақ аңдармен, тышқандармен қоректенеді.
Қоян шөптермен қоректенеді. Оның сүйікті тағамы – сәбіз.
Аю жазда жидектерді жейді. Ол қыста ұйықтайды.
2 топ. Оқушылар ермексаздан жануарлар әлемінің әр тобынан мүсіндеу керек.
3 топ. Құстарды топтастыр..Құстардың ұқсастығы мен айырмашылығын, ортақ қасиеті туралы айт.Оқушыларға құстардың сур ті беріледі.
4топ. Үй жануарларының төлдерін дұрыс тауып қос. Оқушыларға төрт түлік малдардың және оның төлдернің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар оларды төлдерімен дұрыс қосып, аттарын жазу қажет.
(ОТ) Тәжірибе орындау
«Құстың қауырсыны неге суланбайды?»
Нұсқау
1. Қағазды ал, стакандағы суға сал
2. Қағаз алып шетін стакандағы майға сал
3. Екі қағазды кезекпен суға салып көр
Не байқағаныңды түсіндіріп айт.
Қорытынды:
Құстың қауырсыны үнемі түбінен майланып тұрғандықтан, суға түскенде су жұқпайды
Балалар, өздері айтып өткендей жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.Үй жануарының да тіпті жыртқыш жануарлардың да пайдасы бар.Оларды қорғау керекпіз.
(Қ) Оқушылармен қалыптастырушы бағалау жұмысын ұйымдастырамын.
Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын.
1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
2. Киелі құс
3. Қандай құстың құйрығы айыр?
4. Жыл құстары дегеніміз не?
5. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
Жануарлар суреттері, аквариум.
Слайд
Жануарлар суреттері
Желім, жануарлар суреті
Суреттер, үлестірмелі карточкалар
Ермексаз, тақтайша
Венн диаграммасы,
постер, түсті қарындаш,
суреттер
Сурет қиындылары
Қағаз, 1 сткан су, 1такан сұйық май, құстың қауырсыны
Сабақтың соңы
5 минут
Сабақты қорыту.
Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
Омыртқалы жануарларға қандай жануарлар жатады?
Омыртқасыз жануарларға қандай жануарлар жатады?
Кері байланыс: «Бағдаршам»
Бағдаршам суреті
стикер
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсызу ;
Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер туралы біледі;
Жануарлардың топтарын ажыратуды біледі;
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
