“Тілге құрмет-елге құрмет” сыныптан тыс шара
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин жалпы орта
білім беретін “мектеп-балабақша” кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Давлетьярова Батима Базарбаевна
Тақырыбы:Тілге құрмет-елге құрмет
Мақсаты: оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру, тіл байлықтарын, сөздік қорын дамыту, өз тіліңді және өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер. тіл туралы нақыл сөздер, суреттер, шарлар.
Көп тіл білсең көк жиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп тө рге озар.
Қай елде жүрсеңде бұл,дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Барысы
Мұғалім:
-Құрметті әріптестер,оқушылар! Бүгінгі «Тілге құрмет-елге құрмет»атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер.Шарамыздың мақсаты-басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын,сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру.
Ана тілі- қазақ тілі, туған тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл де, келесі ойын шарттарымен таныс б лыңыздар.
1. Таныстыру
2. Дода
3. Сөз мәйегі- мақал
4. Әріп жұмбақтар
5. Ойлан тап
6. Өнерпаз болсаң….
Қатысушыларымызды бағалау үшін қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі
3. Тәуелсіз сарапшылар (11- сынып оқушылары)
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар бойынша түсіндіріліп ,топтарды әділқазылар бағалап отырады.Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарды белгілеп алулары қажет.
Сайысқа 2 топ қатысады.
І кезең.Таныстыру.
1-топ «Жасұлан»
Қалықтап көкте жас қы ран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің «Жасұлан»
2-топ «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің «Топжарған»
2-кезең. Дода
Әр кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады.Берілген сұраққа тоқтаусыз,дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.
1-топ:
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Тәуелсіздік мерекесі қашан?
3.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
4.ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
5.Қыста не жауады?
6.Күздің алғашқы айын атаңдар?
7.Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
8.Наурызда пісіретін басты тағам қалай аталады?
9.Жыл мезгілдерін ата.
10.Бір тәулікте неше сағат бар?
2-топ:
1.Апта күндерін ата.
2.Қыс айларын ата.
3.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
4.Бір жылда неше күн бар?
5.Бүгін қандай күн?
6.Әнұранның авторларын ата.
7.Қазақ тілінде неше септік бар?
8.Қазақстанның астанасы қай қала?
9.1 желтоқсан қандай мейрам?
10.Қыста не жауады?
ІІІ кезең: «Сөз мәйегі- мақал»
Сайыскерлер Отан,тіл,достық туралы мақалдар айтудан жарысады.
ІV кезең: «Әріп жұмбақтар»
Сайыскерлер қандай әріп ек нін табу керек,сонымен қатар сол әріптен басталатын бір сөзді үш тілде айту керек.
Есік сөзінде бар,
Үй сөзінде жоқ.
Каспий сөзінде бар,
Теңіз сөзінде жоқ . (K әрпі)
Жүрек сөзінде бар,
Өкпе сөзінде жоқ.
Гүл сөзінде бар,
Шөп сөзінде жоқ. (Ү әрпі)
Құдық сөзінде бар,
Су сөзінде жоқ.
Қарындаш сөзінде бар,
Кітап сөзінде жоқ. (Д әрпі)
Астана сөзінде бар,
Қала сөзінде жоқ.
Сағат сөзінде бар,
Қарбыз сөзінде жоқ. (Т әрпі)
Бақша сөзінде бар,
Алмұрт сөзінде жоқ.
Тақта сөзінде бар,
Кітап сөзінде жоқ. (Қ әрпі)
Дәріхана сөзінде бар,
Дүкен сөзінде жоқ.
Елік сөзінде бар,
Арқар сөзінде жоқ. (І әрпі)
V кезең: «Ойлан тап»
Бұл кезеңнің шарты екі топқа да бірдей «Қарлығаштар» сөзі берілген.Осы сөздегі әріптерден жаңа сөздер құрау.
VІ кезең: «Өнерпаз болсаң…..»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталамыз.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң,байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-дей отырып бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.
