Асығын алшысынан түссін
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы
селосы МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар
бақшасының дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Қайрбаев Ержан Кармсакович
Жұмысымның тақырыбы: Асығын алшысынан
түссін
Жұмыстың мақсатым: Асық ойнының
ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің
сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының
(техникасының) жоғалып бара жатқандығын
басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға
лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін
дәріптеу. Өйткенді зерделеп, келешек
ұрпаққа насихаттау.
Жұмыс тың міндетім: Қазақтың ұлттық ойынын
меңгерту.Асықты үй жануарларынан
алатынымызды дәлелдеу.Ұлттық ойынның қажет
екеніне көз жеткізу.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта
балалар компьютерге, ұялы телефондарға өте
әуес, асық ойындары қалып бара жатыр, осы
мақсатта ұлттық ойынымызбен асық ойындарын
насихаттап, балалардың бойына сіңіріп
үйрету.
Жұмыстың нәтижесі: Егер қазақтың ұлттық
ойындарында асықтың түрлерін дұрыс қолдана
білсек, асықпен ойнауға деген
қызығушылықпен сұраныс артар еді.
Азаматтық тәрбие негізінде қоршаған
табиғатқа, Отанға жерге деген
адамгершілік , эстетикалық , жан –жақты
дамыған , өзіндік ұлттық намысы мен
көзқарасы бар тұлғаны тәрбиелеудегі
мәні.
Әдістер барысында философиялық ,
тарихи әдебиеттерді талдау , ұлт
ойындарының жас ұрпақ тәрбиелеудегі
маңызына байланысты мәліметтерді
жинақтау, интервью , әңгіме, сұхбат
әдістерін қолдану.
Түсінік хат
Балалардың денсаулығын мықты, шымыр етіп
өсіру, құлқына жайдарылықты дарыту тек ата
– аналардың мәселесі ғана емес , сонымен
қатар, әрбір мектепке дейінгі ұйымның
мәселесі болып отыр. Мектепке дейінгі
жастағы балалардың денесін шынықтырудағы
негізгі мәселе – денсаулық күйін жақсарту,
іс – әрекеттерге қабілеттілігін арттыру,
физиологиялық даму үстіндегі жас ағзаның
функционалды мүмкіндіктерін кеңейту
дененің қозғалыс қимылы мен гигиеналық
дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Асық ойындары балалардың бойында салауатты
өмір сүруге, күнделікті физикалық
жаттығулар жасауға, спортқа деген
қызығушылығын арттыру мен о йлау қабілетін
дамытады соның негізінде тұлғаның
үйлесімді дамуын қалыптастырады.
Жалпы тәрбие берудегі алғашқы алты жасқа
дейінгі дене шынықтыру тәрбиесінің
маңыздылығын ерекше атап өту қажет. Себебі
, мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде
баланың ойы мен бойында денсаулықтың,
өмірлік жан – жақты қимыл – қозғалыс
дайындығы мен үйлесімді физиологиялық даму
негіздері қаланды. Белсенді қимыл
әрекеттерге қызығушылықтары артып қимылды
ойындардың, гигиеналық талаптардың
ережелерін дұрыс пайдалану түсінік ерін
қалыптасады.
Салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған
мәдениеті,ұлттың ұлт екенін әлем халықтары
мойындаудағы төрт белгінің бірі.Біз асылы
бар, жасығы бар,құдайға шүкір,салтқа бай
халықпыз.Асық –ойыны сол бай салтымыздың
бір дәстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен
жаппай шұғылданған тұсында асық –әр үйдің,
әр ауыл балаларының, жастарының да бас
қосуының негізі.
Ертеде қазақ халқы асықты бала кезінде
қолына алып,жас кезінен бастап ойнай
бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей
жатып,жас нәрес еге арнап та жинайтындар
да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған
күш іспетті. Сол себептен де бақсы-
балгерлер асық арқылы болашаққа болжам
жасаған. Ол әу баста ежелгі түріктердің
арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты
«Астралаг» деп ежелгі Грецияда, «Талус»
деп ежелгі Римде салт-дәстүріне
нақышталған ойын ретінде санап әрі
насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың
ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта
Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз,
тәжік т.б. ұлттар да әлі күнге дейін ойнап
келеді.Асық ойындары ның тәрбиелік мәні
зор.Асық ойыны ептілікке, мергендікке,
шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық
ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланың
күш-жігерін арттырып, мергендігін,
шапшаңдығын, ептілігі мен қырағылығын
жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала
ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың
намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген
талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді.
Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-
қозғалысты қажет ететіндіктен, денені
қыздырып, бойдағы қан айналымын
жақсартады.Үнемі отырып-тұр у, жүрелей
отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу,
ширығу жас балалардың денесін шынықтырып,
аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.
Қазағымның кең пейіліндей сары арқа
даласында көсіле жазықта ойнаңанға не
жетсін. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор
болып ойнасаң да, құрдас пен құрдас бір-
біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен
кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да әбден
болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің,
тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің,
ұтасың, ұтыласың, асыққа бай боласың, жоқ
боласың. Таза бәсеке, та за тәрбие.
Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ.
Болмайды да. Міне, асық ойнының кереметі
деп осыны айт.
«Асығын алшысынан түссін»
бағдарламасында білім беру салаларымен
интеграциялауға септігін тигізеді :
«Таным» білім беру саласы : Асықтардың
үлкен, кішісін, түсін, пішінін ажырату.
Ойындар барысында түстерге байланысты ,
пішіндеріне қарай орналастыру.
«Коммуникация» білім беру саласы :
Асықтарға байланысты мақал – мәтелдер,
жұмбақтар, әңгімелер мен таныстыру.
«Шығармашылық» білім бер саласы :
Музыканың сүймелдеуімен ойындар ойнату.
Асықтарды түрлі түстерге бояу.
Ересектер «Қарлығаш» тобының 2017 – 2018
оқу жылында
«Асығың алшысынан түссін» атты
перспективалық жоспары
№
Айлар
Топтама
Тақырыбы
Сағат саны
1
Қыркүйек
Салт дәстүрлерінің ішіне кіретін ұлттық
ойыындар
Асық ойындары оның пішіндерімен түрлерімен
таныстыру.
2
Арқан тартпақ ойыны
1
Теңге алу ойыны
1
2
Қазан
«Ұлттық ойынның бала тәрбиесіндегі маңызы»
Ұлттық спорт ойындарының түрлерін ай у.
2
Көкпар ойыны
1
Асық ойындары
1
3
Қараша
«Асық ойынының тарихы мен оның тәрбиелік
мәні»
Асық ойынның пайда болуы
2
Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру
жолдары.
1
«Ханталапай» ойыны
1
4
Желтоқсан
«Асық ойынның тигізер пайдасы»
«Асық ойнау- балалардың дүниетанымын
кеңейтетін ойын»
2
«Өріс» ойыны
1
Асық ойындары
1
5
Қаңтар
Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру
Асықтың түрлері мен атаулары
2
«Алшы» ойыны
1
«Омпа» ойыны
1
6
Ақпан
Қазақ тың ұлттық ойыны асықты ойнау ережесі
Асықтың түрлері мен атаулары
2
«Тас қала» ойыны
1
«Хан» ойыны
1
7
Наурыз
Асық туралы өлең мен ойындар
«Алтын асық» ойыны
2
«Тас қала» ойыны
2
8
Сәуір
Асықтан жасалған Тәуелсіздік тұлпары
Асық ойыны
1
Алматыда асықтан ат жасаған туралы айту
1
Тәуелсіздік тұлпарын көрсету
2
9
Мамыр
«Асық – үлкен халықтық тәрбие»
Асық ойындарынан жарыстар ұйымдастыру
2
Асық түрлерін жатқа айту
1
Асық ойындарын ойнату.
1
Барлығы
36
Негізгі бөлім
Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың
бір түрі. Асық ойыны-қазақ халқының
дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты
қастерлеген.Біз пәлен ғасырдан бері мал
шаруашылығымен айналысып, малға қатысты
мәселенің бәрінің майын ішкен халықпыз.
Өмір салтымыз, әдет-ғұрпымыз төрт түлік
малға мейлінше байланысты. Қаншама атау,
ұғым-түсінік, таным мен пайым соған
қатысты.Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел
де жеткілікті. Мысалы, қазақта «Асығың
алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол
сәті түсіп, жол болып ұрғандығын
білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы
демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші
демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне
түсінген адамға астарында үлкен мән
жатыр.
«Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса аға ғой.
Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса сақа ғой»,- деген қазақпыз.
Ақындарымыз асыққа қатысты өлең де арнаған
екен. Атап айтсам,
Алтын асық
Жаһанның құшағына сиясың ба?
Жарық күннен жатқам жоқ түк қысылып,
Ойығыма
қорғасын құясың да,
А сықтай иіресің бүк түсіріп,
Жалғыз асық болса да,қызық ойын.
Ханталапай алаңы – тар төсегім.
Сенің дағы белгілі бұзық ойың,
Сақаңның салмағында бар кеселің.
Асығымды түсіріп алшысынан,
Айызың бір қанар ма алақайлап,
Сақаң келіп тигенде дәл тұсынан
Қағып ал да қақпайла талапайлап
Таңдайымды құдай-ау, жарамысың
Иіргенде не бүк, не шік түсемін,
Ұтқан сайын ұлғайып барамысың
Гүлге толып көңілім, тәнге тоят,
Жеңген сайын жеңімпаз жай табам
Алақанда аймала нілге бояп,
Алтын асық қ лмасын айдалада.
Асық туралы мәлімет
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар
тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі,
буынға біткен шымыр
сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-
кішілігіне қарамастан бір пішіндес,
мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа
пішінді болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш
табан», «Шеңбер» сияқты
неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында
асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл
атқарады.
Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны
жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған
бірінші дәрежелі мән беріледі.
Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау
табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші
дәрежелі мәнге ие.
Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны
үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол
үшінші дәрежелі мәнге ие.
Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр
құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық
түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік
шаншылып түсуі.
Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік
шаншылып шоңқая үсуі.
Табан – асықтың тәйке жағы.
Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап,
тәйкесі оң қол бас бармағына басылып
ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ
аяғының тілерсегінде болады.
Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап,
алшысы оң қол бас бармағына басылып
ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң
жақ аяғының тілерсегінде болады.
Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен,
ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан,
оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны
солақай асықтан ұстайды.
Асық түрлері : Аюбай Құралұлының < br>“Ұлттық дүниетаным” атты оқу құралында
асық түрлері мен атаулары былайша
түзілген:
1. Кеней, кентай – асық ойынында ұпайға
тігілетін асық. “Кішкентай” сөзі “Кіші”
және “кентай” сөздерінен шыққан.
2. Сақа – асықтың ең үлкені, ірісі.
3. Ешкімер – ешкінің асығы.
4. Қойлақ – қойдың асығы.
5. Құлжаз- құлжаның асығы.
6. Топай, сомпай – сиырдың асығы
7.Шүкейт – киіктің асығы.
8.Пүш- тәйке түспесін деп, алшы жағы
жонылған асық. “Пұшайман болу” деген сөз
осыдан шыққан.
9.Оңқай – малдың оң жақ аяғының
асығы.
10. олақай – малдың сол жақ аяғының
асығы.
Асық ойыны
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі
ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де
ойналады.
Күндізгісі –мергендікке, түнгісі –
ептілікке баулиды. Иіргенде түскен
қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк,
шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын
құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары –
оңқы аталады. Асық ойынының мынадай
түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы,
хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы,
құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың
жақсы жонылып, табаны қайр лған төрт асығы
болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп
жеңімпазға жүлде тағайындап алады да
кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер
иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт
алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің
жартысын алады, төрт асық төрт түрлі
түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей
алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Асықты мұртынан не жамбасынан
тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс
алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме
ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны
неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты
өтеді. Мақ ат – көп асық ұтып алу.
Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады
да көмбенің тең ортасына сызық бойына
әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген
асықтардың тап ортасына бір асықты
омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек
сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып
түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер
атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген
бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе
алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе,
сол
асықты ғана алады. Асық жаңартыла
тігіліп, ойын жалғаса береді.
Асық ойыны қазақ х лқының дәстүрлі ұлттық
ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты
жілігінен алынған жұмыр сүйек – асықтай
ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай
асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға
арналған арнайы қорғасын құйылып
жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы
– оңқы асық аталады .
Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар
оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі,
ойын балаларға тәрбие бермейді деп
есептелді. “Асық ойнаған, азар, доп
ойнаған тозар -деп мақалдап та жүрдік.
Коммунистік партия еңбекке тәрбиеледі,
әсіресе қара жұмысшының еңбегін жоғары
бағалады. Содан болар ауырдың үсті,
жеңілдің асты деген сөз тіркестері тәрбие
барысында жиі қолданатын. Ерікті ел боған
кезде, Қазақстанның жетістіктерін шет ел
мойындай бастаған уақытта, ұлттық
құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді.
Асық ойыны туралы қазіргі қарттардан
сұрастырып көрсек. Нақтылы талдап айтып
беретін адамдар аз. Қытайдан келген
азаматтардан сұрастырып көгенде де
мардымды жауап ала алмай жүрмін. Ол жақта
тұрмыс ауыр болды асық ойнап қызық куатын
уақыт болған жоқ дейді. Орыс тілді
азаматтар “Алчики” деп асық ойнадық деп
еске алады. Шеңберге асық тіземіз де,
сақамызға сым орап ауырлатып алып көздеп
ататынбыз дейді. Онысы рас қала балалары
ойлап тапқан “Алматинка” немесе “Шымкент”
деген ойын түрлері 1970 жылдары пайда
болды. Кейбір жерлерде осы ойынды
қазақшалап “Табан” деп те атайды. Бұған
келісе қойған жөн болмас. Тар жерде
ойналатын. Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың
кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары.
Сақа арқардың асығы болуы шарт. Ертеде бай
қуаттының балалары ұс тайтын, “Қоңқар”
немесе “Құлжа” арқардың еркегінің асығы.
Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда
мерейің жоғары болып жүреді. Тиген асықтар
быт-шыт болып жан-жаққа бытырай ұшады.
Мықты ойнайтын кедей кепшіктің балалары
“қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт,
жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт” –
деп қулана мақалдап та қоятын. 60-70
жылдары ойнаған ойынымыз “Өріс” деп
аталатын еді. Кең далада ұзындығы 20
метрден кем болмайтын. Қазағымның кең
пейіліндей сары арқа даласында көсіле
жазықта ойнағанға не жетсін. Кемі екі < br>баладан бастап қанша бала ойнасаң да
болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор
болып келісіп ойнасаң да, құрдас пен –
құрдас бір- біріңе бәсекелесіп ойнасаң да,
үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнасаң
да әбден болады. Жүгіресің, секіресің,
көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің,
жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай
боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза
тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ.
Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын.
Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке,
мергендікке, батылдыққа, шешімдік к ,
ырымға ырысқа-тәрбиелейді
Асықтың түрлері
Алшы ойыны. Алшы ойыны – асық ойынында
тігілген асықтарды атуға жарамды сақа
таңдап алынады. Сақа болатын асық
салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе
еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы
болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның
салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты.
Бұл ұту үшін өтеқажет.«Алшы ойынын»
ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар
алдында ойын жүргізуші барлығының
сақаларын жинап алып, ойында әркімнің
кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін
кім асық ату керектігін анықтау үшін,
сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің
сақасы алшы түссе, сол – бірінші, тәйке
түссе – екінші, бүк түссе – үшінші, шік
түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан
кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе,
атқан асығын алып, әрі қарай ата береді.
Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы
түсіп, асық кез
келген жағында жатса да асықты алады, тағы
атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі
түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып,
кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші
ойыншы өз ке егінде сақасын иірген кезде
тәйке түссе, онда
өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде
тұрып оның тәйке түскен сақасын атады,
тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады,
тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек
алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік
түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге
тігілген асықты ата береді. Осы ретпен
көндегі асықты атып тауысқанға дейін
ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды
жалғастыра береді.
Омпа
Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп
атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар
ойнай ы. Оны таза ауада алаңда, не үлкен
бөлмелерде ойнауға болады.Ойнаушылардың
санына шек қойылмайды.Ойынның мақсаты –
асық ұту.Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн
сызады да, біріншісіне төрт бұрыш
жасайды.Дәл ортасындығы сызыққа әрбір
ойыншы өздерінің асықтарын тігеді.
Тігілген асықтардың ортасына бір асық
мұртынан «Омпа» тұрғызады.
Ойнаушылар екінші белгіленген жерден
бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз
кезектерң бойынша қолдарындағы сақаларымен
«Омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім
омпаға тигізсе және төрт ұрыштың шетіне
шығарса, онда көндегі асықты түгел алады.
Ал омпаға тимесе, жанындағы асықтарға
тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара
алса, онда сол атқан асығын ғана алады.
Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан
тігіліп отырылады. Ойын ары қарай жалғаса
береді.
Өріс ойыны
Түзу бойына алшы, тәйке кезектесіп
тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің
бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір
ойыншы басынан асыра жерге тастайды.Алшы
т.скен сақа иесі бірінші, тәйке екінші,
бүк үшінші, шік төртінші болып атады.Са а
асыққа тиіп «алшы» түссе, тізілген асықты
түгел ұтып алады. Сақа асықтарды құлатып,
сақа бүк түссе, шік жатқан асықтарды
ұтады.Ал сақа асықтарға тиіп, шік түссе,
бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады.Бұзылған
асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп
қояды.Келесі кезектегі ойыншы сақасымен
тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда
сақа асықтарға тиіп, өзі омпа түссе,онда
өрістен атылған сақалар домалап түскен
жерінде жатуға тиіс.Келісім бойынша үш рет
қайталауға болады.Кімнің сақасы төрге озып
кетсе, сол бірінші болып кері атады.
Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы
қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра
тастайды.Ұтқан асығыңды жинап отырасың.
Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел
ұтып алады.
Асықты тігіп ойнау
Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс
жерді таңдап алады да оны тазартып,
ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол
төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге
бөледі. Әр жағының қашықтығы Балалардың
жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Содан 1-
1,20 см немесе 1,5 мерге дейін болады.Мұны
«Көн» деп атайды. Ойнаушылардың өза а
келісімі бойынша көннен 4-5 метр не одан
да көп мөлшерде асық ататын орын
белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді.
Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты
ататын болады. Ойынды кім бірінші болып
бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды.
Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып
ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл
тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны
алады да, сақасы түскен жерденқайта атады.
Сөйтіп, көннен шығарғандарын ала
береді.Егер оның сақасы көндегі асыққа
тимей кетсе, асықты келесі
ойыншы атады.Ал ті ілген асықтарды бұзып,
бірақ көннен шығара алмаса, қалған
ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында
атып, көннен шығарып алуы тиіс. Ойын
көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала
береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға
қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық
тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса
береді.
Тас қала
Асық ойынының ендігі бір түрі –«Тас қала».
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Олар
тегіс жерді таңдап алып, шеңбер сызады да,
дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне
бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң асық
тігілген жерден ойынға қатынасушылардың
жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді.
Оның қашықтығы 7-8 метрден кем
болмайды.Ойынды бірінші болып бастайтын
ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді.
Кімнің сақасы бұрын алшы түссе, ойынды сол
бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз
кезектерін алады.Алшы – бірінші, тәйке –
екінші, бүк – үшінші, шік – төртінші.Егер
ойыншының асығы омпа түссе, ол алшыдан
жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды
сол алады.Егер де екі не үш адамның асығы
алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, о да
сақалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға»
сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден
шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы
түскен дерден қаита алады. Шеңберден атып
шығарған асықтарын ала береді. Егер
бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші
ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас
қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден
шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас
қаланы» қайта тұрғызады.Егер атушы «Тас
қаланы»
бұзып, бір асықты шеңберден шығарса, онда
қалған асықтарды шеңберден шығара
алмағанға дейін ата береді.Қалға н
ойыншылар «Тас қаланың» бытырап жатқан
қалдықтарын атып алады.Көнде жатқан
асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта
басталады.
Хан
Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі –«Хан»
ойыны.Ойынға қатынасушыларға шек
қойылмайды.Ойынға қатынасушылар көнге
қанша асық шығаратынын алдын ала келісіп
алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге
басын қосып біріктіреді. Содан кейін көп
асықтың ішінен бір белгілі асықты «Хан»
сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған
( әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға
тиіс) асықты иірет н ойын жүргізушісін
тағайындап алады. Ол жиналған асықты
ортаға екі қолдап иіріп тастай береді.
Барлық асықтарды иіріп болған кезде «Хан»
көп асықтың ішінен көрінбей қалуы
мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың
барлығы асықты иірушінің «Ханды қара
басты» даусын естігеннен кейін бас салып
асықтарды талап алады. Екінші жағдайда
иірген асықтардың арасында «Хан» ашық
жатса, онда «Ханмен » бүк жатқан асықты
ату керек, ойын солай жалғаса береді.
Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты
атқан кезде басқа асықтарды қо зғауға
болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға
дейін немесе барлық асық атылып болғанға
дейін ойын жүре береді. Бұл ойын ойыншыдан
өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы
қалай болса солай дөрекілік көрсетсе,
қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы
ұтылады.Сондықтанойынға қатынасушылардан
байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік
қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-
келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы
дәстүрге тәрбиелеуге, өзін-өзі басқара
білуге машықтандырады.
Ханталапай
Асықпен ойналатын ойы нның тағы бір түрі
–«Ханталапай». Балалар бұл ойынды
үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға
қатынасушы балалардың санына шек
қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің
айналасына жарты шеңбер құрып
отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты
«Ханталапай» деп ортаға қарй шашып
жібереді.Отырғандар тез-тез жиып
алулары керек. Кім аз жиып алса, сол
жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты
– балалардың жылдамдығын жеделдету,Жүйке
жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда
сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Құмар
Бұл да – сықпен ойналатын ойын.Бұл ойынды
үлкен-кіші демей ойнай береді.Ойынға
қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы
керек. «Құмар» үйде, аулада, тақыр, тегіс
жерде отырып ойналады. Ойынға төрт асық
қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті
бояуға боялады.Ойынның кімнің бірінші
болып бастайтынын асық иіру арқылы
шешіледі. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүке
үшінші, шіге төртінші т. с. с. кезек
алады.Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі
түсетін негізгі төрт қыры болады.Сондай-ақ
оларды мал атауымен де атайды. Алшыны –
жылқы , тәйкені – түйе, бүгені- қой, шігені
– ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт
асықтың бір түрлі түсуін
айтады. Мысылы, төртеуі де алшы түссе –
«Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке
– үш, бүге – екі, шіге – бір ұпай алады.
Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын
тұқыртып ішке қарай айналдыра еденге шаша
тастайды немесе алақанына салып, қолын
сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді.
Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша
ән айтып, күй шертеді.Ертеде терме айтып,
арты отбасылық ойын- сауыққа айналған.
Атқапыл
Мұ ны кей жерде «Көтеріспек» деп атайды.Бұл
ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын
иіріп, екіншісі сол сақаны екінші бала өз
сақасы жатқан жерге дейін көтеріп
апарады.Осылайша екі бала бірінің сақасын
бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп
ойнай береді. Бұл ойын балаларды
шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге
үйретеді.
Иірмекіл
Бұл ойын екі немесе төрт бала ойнауға
ынғайлы. Ойынды екі бала айнаса, тәртібі
төмендегідей: әр балада 5-6 асықтан болуы
керек. Екеуі бір-бірлеп асық иіреді. Қай
баланың асығы алшы түссе, с ол осы екі
асықты уыстап алады да жерге жайлап шашып
жібереді. Екі асықтың бірі алшы түссе,
онны алады. Екінші асықты иіреді. Ол алшы
түссе, оны да алады. Бұдан соң екі бала
тағы да асықтарын бір-бірлеп иіреді. Асығы
алшы түскен бала екі асықты сыпырып алып,
жерге тастайды. Сол кезде бір асық алшы,
бір асық шіге түссе, екеуін де алады.
Осылайша асығы алшы түскен баланың
тастаған
асығы шіге түсіп отырса, ол ұтысқа ие бола
береді.Асық алшы түспей, басқа ыңғайды
шіге ұтысқа саналмайды. Екі бала кезек-
кезек иіріп отырып, ойынды жалғастыра
береді. Бұл ойын балалардың есте сақтау
қабілетін арттырады..
Қорытынды бөлім
Қорыта айтсам, кейінгі кездері жастар мен
жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет
сынды зиянды ойындарға әуес болып барады.
Кез келген ойын автоматтарына бас сұқсаң
көбіне көп қазақтың баласын
кездестіресің.Ойын автоматтарының зиянын
атап өтсем, оларды төмендегінше жіктеуге
болады.Біріншіден, бұл ойындардың адам
денсаулығына тигізер залалы көп.
Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау
шеңбері белгілі бір жү еде шектеліп
қалады. Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық
көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе
жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп,
дәлдікке, мергендікке үйретеді. Бір
байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан
оқу құралға емес, осындай компьютер ойнына
ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып
соғатынын кім білсін?.. Сосын ол
балалардың тәбеті бірте- бірте құмар
ойындарына да шабуы ғажап емес.Ал, асық
ойынын кез келген жерде, қалаған уақытында
ақша төлемей-ақ ойнай бересің. Бірақ қазір
түр –түрімен жаңарып, санамызды улап
жатқан құмар ойындарының көптігінен
құмарпаздар асық ойнына аса мән бермей
жүр. Уақыт өте келе асық ойнының
денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті.
Бір жағынанадам денесі қимыл- қозғалыс
арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден,
жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек
тазалықтың ойыны дер едім.
