Сәулетті өмір кепілі (Қазақстан Республикасы Конституциясына 22 жыл )

Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды
ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алымбаева Толғанай Дауренбековна

«Адам құқы, ар-ожданы, абырой- намысы
ардақталмаған
жерде әділдік болмайды » ( Д.А.Қонаев)

Ата Заң – арқа сүйер айбынымсың,
Ата Заң – қорғаным мен тірегімсің.
Ата Заң – белгісісің елдігімнің,
Ата Заң – жаршысысың бейбіт күннің! –
деген өлең шумақтары қасиетті Алтын
Заңым туралы толғанысымның арқауы болып
ойыма оралып, жыр болып өрілді.
Қай ел болмасын, өз тәуелсіз
мемлекетін құрған соң, өзінің қандай қоғам
екенін анықтайтын, сол елдің салт-
дәстүріне, мақсат – мүддесіне лайықталған
Конституциясыз – Ата Заңсыз өмір сүруі
қиын. Қоғамдық өмірдің әр саласы бойынша
көптеген заңдар бар. Бірақ, сол заңдардың
бәрінің басын біріктіретін, жинақтайтын,
адамдар мен азаматтардың негізгі құқы мен
міндеттерін анықтайтын, мемлекеттік
биліктердің құзыры мен ауқымын
белгілейтін, жүйелейтін, реттейтін басты
заңы болуы керек. Ол , әрине, Конституция
болып табылады.
Адам шыр етіп жерге түскеннен
бастап, оның өмірін, денсаулығын,
тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ұлы
Заңы – Конституция қорғайды. 1995 жылдың
30 тамызында қабылданған Ата Заңымыз 9
тарау, 98 баптан тұрады.
Біз тарихты оқи отырып қазақ
мемлекетіне тән заң жарғыларының қайнар
көзі көне замандарда жатқандығын
зерделедік. Дәстүрлі құқықтар жөнінде
жазылған зерттеу еңбектерінің көбінде
қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа
жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке
ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар
ту алы айтылады. Сондай – ақ ,тамыры
тереңде жатқан қазақ сотының тарихындағы
билер үкімінің алатын орны ерекше. Дауды
әділ шешкен шешен билерді халық ардақтап
«қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған.
Сол аталар салған сара жолдың жалғасы
іспеттес Конституциямызға биыл 22 жыл
толады. Жиырма екі жыл тарих үшін қас
қағым сәт болғанымен, Егеменді еліміз үшін
үлкен тарихи оқиғаларға, өзгерістерге
толы жылдар еді. Көреген Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікті
ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп
ойлаймын» дег ен сөзі тәуелсіздікті
алудағы дәлел іспетті.Президентіміз :
«Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе
жоқ»,- деп текті елдің ұрпақтары
екендігімізді бір ауыз сөзбен дәлелдеді.
Ата Заңның әр бабы шежіре, тарих. «Ойласып
пішкен тон келте болмас»,-деген бабалар
аманатын жалғастырушы Конституциямыз –
басты құжаттарымыздың бірі ретінде
егемендікпен бірге жасап, бейбітшілік пен
достықты дәріптейтін халқыммен бірге ел
игілігіне қызмет етіп келеді.
«Ұлттық рухтың негізі – тіл», – деп
Мұстафа Шоқай бабамыз тегін айтпаған. Ата
Заңым – ана тіліміздің Мемлекеттік
мәртебесін дәлелдеп, 4-бапта нақтылап
көрсетті. Жиырма екі жылда тілім өз
тұғырына шықты, оның дәлелін сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес.
Бабаларымыздың асыл арманы тәуелсіз
ел болу екендігін, Сарыарқаның киелі төр
болуға лайықты мекен екендігін шежіреден
біліп, ата –баба арманын орындау
мақсатында Қазақстанның астанасы 1997
жылы Сарыарқаның төріне, Астанаға
көшірілді. Шәкәрім Құдайбердіұлы
көрегендікпен мына пікірді дөп басып айтып
кеткен: «Біздің қ зақтың өткен тарихының
терең түбіне қарасақ, неше толқып, аңша
жосып, онда –мұнда кетсе де, қайта айналып
ұшқан ұясы Сарыарқаны таба берген».
Астана –ежелгі қазақ жерінің төрі.
Елбасымыздың сарабдал саясаты арқасында
күллі әлем Қазақстанды тани түсуде.
Ұлтымыздың ардақты ұлы Мұстафа Шоқай
тәуелсіз қазақ елінің құрылуын армандап:
«Алла елімнің тәуелсіздікке қол
жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек
үгіт –насихат ісімен айналысар едім », –
деген екен.
Мұстафадай асыл ағамыздың арманы
орындалды. Мұстаф а Шоқайдың ақ тілегін
жалғастырушы, ол қол жеткізуді армандаған
үгіт – насихатты жүргізетін
тәуелсіздіктің иелері біз, аға буын
өкілдері, қазақ елінің болашағы – жастар.
Ұлылар салған сара жолды жалғастыруға ,
келер ұрпаққа азат елдің мәңгілік кілтін
табыстауға ат салысуыға тікелей
міндеттіміз. Ата Заңымыз тек қана бейбіт
еліміздің өркендеуі жолында қызмет етіп,
қазақтай жайсаң, ақ пейіл ұлтымыздың
мүддесін қорғай берсін.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше