БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тараз қаласы № 39 Дмитрий Панфилов
атындағы мектеп-гимназиясының бейнелеу
өнері пәнінің мұғалімі
Қансейітова Альбина Қуанышбекқызы
Бейнелеу өнері – оқушыларға көркемдік
білім мен эстетикалық тәрбие береді. Жалпы
білім беретін мектеп реформасында негізгі
бағыт « Аса маңызды міндет — оқушыларға
көркемдік білім беру мен эстетикалық
тәрбиені айтарлықтай жақсарту». Осынaу
жауапты да күрделі міндетті шешуде, жас
ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық
тәрбие беруде бейнелеу өнері пәні
мұғалімдеріне ор жауапкершілік жүктеледі.
Білім жүйесінің жаңа құрылысы мен оқу
әдістемелік жұмыстарының мазмұнының
өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін
жаңартуды, шыңдауды талап етеді.
Жаңа технология жүйесінде іскерлік ойын
арқылы оқытудың да маңызы зор.
Бұндай сабақтар оқушылардың логикалық
ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын
арттырады.
Оқушыларға көркемдік білім беру мен
эстетикалық тәрбие, әсемдік сезім мен
дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер
шығармаларын, тарих пен архитектура
ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы
мен байлығын түсініп, бағалай білу
қасиетін қалыптастыру.
Оқыту барысында қарапайымнан күрделіге
қарай меңгерту. Оқушылардың іскерлік
дағдыларын қалыптастыру. Оқушының
ізденімпаздық ойлау қабілетін дамытатын
жолдарға сыныптық кезеңдер, сурет салу
жұмыстарын орындаудың кезеңде рі, оқыту
саласының қажеттілігі педагогикалық сурет,
тақырып бойынша сурет салу болып табылады.
Сыныптық кезеңдерде оқушының мүмкіндігі
мен жас ерекшелігі үлкен рөл атқарады.
Сол себепті оқыту процесінде 1-2
сыныптарда бейнелеу өнері сабағында —
сурет салуға арналған құралдармен танысу,
жұмыс жасау, қағаз бетіне орналастыра
білу, пішімдер мен түстерді ажырата білу
жұмыстарымен танысу болса, ал 3-4
сыныпта қағаз бетіне бейнелерді
орналастыра білу, бояу түрлерімен жұмыс,
бейнелеу өнері т үрлерімен танысу, реңдік,
натюрморттық бейнелер, жарық — көлеңкені
анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Орта буында, яғни 5-6 сыныптарда өнер
түрлері ерекшеліктерімен, перспектива
кескіндеме, сызықтық перспектива сияқты
күрделі сурет түрлерімен жұмыс
жүргізіледі. Сонымен бірге оқушылардың
шығармаларымен таныстыру формалары, яғни
оқыту процесіндегі күнделікті сабақтан
тыс үйірмелер, көрмелер ұйымдастыру және
мектептен тыс мұражайларға , өнер
мекемелеріне саяхат түрлері оқушылардың
бейнелеу ө неріне деген қызығушылықтарын
қалыптастыруда және бейнелеу өнерін өз
деңгейінде қабылдауда маңызы зор.
Осындай іс-шаралар барысында
оқушының сабаққа деген ынтасы мен
талабы және оқушы мен оқытушының қарым—
қатынасы арта түседі.
Ал сабақ үстіндегі оқытушымен оқушы
арасындағы қарым- қатынас оқушының іс
әрекетіндегі эмоциялық көңіл – күйі арқылы
пайда болады.
Сондықтан мұғалім оқушылардың оқу іс–
әрекеттерін ұйымдастыра білу қажет.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері
оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына,
танымды тапсырмаларды шешу барлық ақыл–ой,
ерік күштерін жұмылдыруға ықпалын
тигізеді. Сол себепті бейнелеу пәні
шығармашылық жұмыстарда оқушының
қызығушылығы мен білімінің жетілуіне
тигізетін әсері зор.
Сол себепті мұғалім оқушымен жұмыс жасау
кезінде тақтаға сурет салу кезінде
тақтадағы сурет мүмкіндігінше көлемді
болу қажет.
Сурет салу кезінде әрбір орындау
техникасының әр түріне қысқаша түсініктеме
беріп отыру қажет. Оқушылардың өздігінен
жұмыс жасау кезінде мұғалім кейбір оқушыға
жеке жәрдем көрсетіп отыруы қажет.Мұғалім
оқушының сурет дәптерінің шетіне бейнелеу
жолдарын, жіберілген катені түзету
жолд рын көрсетіп тұсінік береді
Сабақ барысында таныстырумен бірге
сыныптан тыс әңгіме, лекция, көрме,
экскурция және кездесу өткізудің балаларға
көркемдік тәрбие беріп көркемдік білім
негіздерін меңгерудің аса ұғымды жолдары
болып табылады.
Музей мен көрме ұйымдастырудың бір
ерекшелігі оқушылардың өнерге деген
қызығушылығын, жан-жақты білімінің
жетілуіне өнерге деген көсқарасының
артуына ықпал етеді, көркемдік талғамы мен
өнерге деген ұғымдарының қалыптасуына
жәрдемдеседі.
Оқушыларға бейнелеу өнері
уындыларының көркемдік ерекшеліктерін
таныстырудың саяси – идеялық, эстетикалық
тәрбие берумен қатар, бейнелеу өнерінің
ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сондықтан өнер шығармаларының көркемдік
ерекшеліктерін таныстыру сабақ беру
методикасын дамыту. Оқыту саласындағы
қажеттіліктің бірі.
Осыған байланысты әңгіме сабақтарында;
-оқушылардың ой-өрісіне, түсіну
қабілетінің дәрежесіне қарай жоғарғы
идеялы шығармаларды таңдап алу,
-шығармаларды таныстыру барысында
оқушыларды қатыстыру,
-көру, қабылдау қабілеттерін дамытып
отыру. Оқушы ынтасын арттырады.
Мұғалім бейнелеу өнері туындысының
мазмұнын, мағынасын оқушыларға талдап
түсіндірумен қатар балалардың өз
бетінше сол шығармалардың көркемдік
ерекшеліктерін таба білуге үйретуді
мақсат етуі тиіс.
