Тақырыбы: Шабуылдаудың тактикалық қимылдары,

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі

Паноромалық сабақ
Тақырыбы: Шабуылдаудың тактикалық қимылдары,
«Толқын»; «Крест».

Дене тәрбиесінің оқытушысы:
Умирханова София Балгынгалиевна

Сабақтың мақсаты:
1. Студенттердің волейбол ойыны туралы білімін жетілдіру, шабуылдау қимылдарына машықтандыру. Теориялық білімді практикамен ұштастыру.
2. Студенттердің ойлау қабілетін жетілдіре отырып,
дүниетанымын кеңейту, қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастыру.
3. Студенттердің ойлау қабілетін жетілдіре отырып,
дүниетанымын кеңейту, қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, репродуктивті.
Пән аралық байланыс: АӘД, тән тану, физика, информатика.
Сабақтың көрнекілігі: Волейбол доптары, видеопроектор, слайдтар, секіруге арналған кедергілер, гимнастикалық скамейкалар, суреттер, кодоскоп көрнекіліктері.
№
Сабақтың мазмұны
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
К

І

Р

І

С

П

Е

Б

Ө

Л

І

М

2.

Н

Е

Г

І

З

Г

І

Б

Ө

Л

І

М

3.
Қ
О
Р.

Б

М
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сапқа тұрғызу: Түзел, тіктел!
Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшіден рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Оқушылардың назарына арналған жаттығулар: Оңға бұрыл! Солға бұрыл! Кері айнал!….
Орныңда тұрып жүр! 1-2….
Залды айналып жүр!
Қолдарыңды белдеріңе қойып, аяқтың ұшымен жүр!
Қолдарыңды белдеріңе қойып, өкшемен жүр!
Спорттық жүріс, жүгіреміз!
Оң қапталмен жүгір!
Сол қапталмен жүгір!
Артпен алға қарай жүгір!
Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүріру.
Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
Екі қол мойында толық отырып жүру.
Кедергілерден секіру, гимнастикалық скамейкадан секіру.
Жәй жүру, дем алу, дем шығару.
Жалпы дене қыздыру жаттығуларына оқушыларды тұрғызу.
Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру. (1-4 санау)
Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. (1-4 санау)
Тіреліп тұрып, қолдарды бүгіп жазу.
Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. (1-4 санау)
Екі қолды 2 жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру
Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.

Шабуыл соққысы қарсылас командамен айқаста негізгі қарсы күш болып есептеледі. Шабуылшы, доптың ұшу бағытына, биіктігіне, қарсылас команданың қорғанысына байланысты тиімді шабуыл соққысын жасауды көздейді. Шабуылшының шабуылдау тактикасының әлсіз болуы өз командасына ұтылыс әкеледі.
Волейболда шабуылдай соғу қимылдары үйлестірудегі күрделі іс-әрекетке жатады. Кез келген шабуыл жүгіру, секіру, соғу сияқты қимылдардан тұрады.
Шабуыл соққысының тактикасын 4 –ке жіктедім:
а) Шабуыл бағытына байланысты: жүгіру бағытына қарай, ауыспалы.
ә) Допты көтеріп берудің биіктігіне байланысты: биікке көтеріп беру, орташа биіктікке көтеру, аласа биіктікке көтеру.
б) Серпілу орнына байланысты: алдыңғы сызықтан, екінші сызықтан.
г) алдау арқылы шабуылдау.

Волейбол ойынының тактикасы деп ойын техникасын және ойыншылардың қимылдарын қарсылас командаға шебер ұйымдастыра білуді айтады. Ойыншылардың тактикалық қимыл – қозғалыстары 2 категорияға бөлінеді: Шабуыл тактикасы және қорғаныс тактикасы.
«Крест» шабуыл тактикасы
1-ші нұсқасы: 1- ші нөмірлі ойыншы тордың жанынан допты көтеріп береді, оның әріптесі 3-ші ойыншы жүгіріп қысқа пастан допты соғу жасанды қимылын жасайды, ал екінші ойыншы болса 3-ші ойыншының орнынан шабуыл соққысын аяқтайды. Шабуыл соққысын шебер ұйымдастыру үшін ойынға қосылған допты (подачаны) 5-ші немесе 6-шы ойыншы қабылдауы тиіс.

2-ші нұсқасы: 1- ші нөмірлі ойыншы тордың жанынан допты көтеріп береді, 3ші ойыншы ойынды байланыстырушының (связующии) артынан келіп жасанды допты соғу қимылын жасайды, ал 2-ші ойыншы 3-тің орнынан келіп шабуыл соққысын аяқтайды.

«Толқын» шабуыл тактикасы
«Толқын» шабуыл тактикасын 3 ойыншы іске асырады. Нөмірі 2-ші ойыншы жүгіріп келіп қысқа паспен ойынды байланыстырады, 3-ші ойыншы шабуыл соққысының жасанды қимылын жасайды, 4 -ші ойыншы шабуыл соққысын аяқтайды.

Қауіпсіздік ережелері
– Оқушылар міндетті түрде спорттық формамен, спорттық аяқ киіммен сабаққа қатысуы тиіс.
– Сауатты және қарқынды жалпы дене қыздыру жаттығулары жасалу тиіс.
– Ойын алаңын және көрнекі құралдарды мұқият тексеруден өткізу қажет.
– Доптардың куйін, жағдайын тексеруден өткізу.
– Тактикалық және техникалық амал – әдістерді үйрету барысында оқушыларды үнемі қадағалап тұру.
– Допты ойынға қосу және шабуылдау барысында допты жұдырықпен ұрмау.
– Шабуылдау жаттығуларын орындау барысында доптың аяқ астында кедергі келтірмеуін қадағалау

  • Оқушылардың назарына, тыныс алу жолдарына, дене құрылымына арналған жаттығулар
  • Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау
  • Оқушыларды бағалау.

1 мин.

1 мин.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек

30 сек.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

4 мин.

6 мин.

5 мин.

5 мин.

5мин..

5мин..

3 мин.

1мин.

1 мин.

Негізгі тұрыс: Өкшеміз бірге, аяқтың басы алшақ, иығымыз жазылған, иегіміз көтеріңкі.

Оқушылардың денесін тіке ұстауын қадағалау.

Сол қапталдан қарау.

Оқушылардың жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.

Тізені бүкпеу.

Оқушылардың жаттығуларды орындау барысында дұрыс тыныс алуын қадағалау.

Шабуыл соққысын орындайтын ойыншы:
Екінші берілген доптың сапасын бағалай біліп, тиімді соққы жасай білуі,
қарсылас команданың қорғанысын және тосқауылын бақылай білуі,дұрыс шығарылмаған допты ұтылмауы, оң-сол қапталдан, тосқауылды бұзып, айла-тәсілдерді толық меңгере білуі қажет.

Допты соғу екі қолдың көмегімен орындалады, яғни қолдарын алға жоғары қозғалтып кеудесін түзетеді және алға қарай ұмтылыс жасайды.

Доп жақындағанда ойыншы аяқтарын бүгеді, кеудесін біршама жоғары және алға көтереді.

Допты соғу иықпен орындалады, қолдарын алға-жоғары қозғалтып, кеудесін түзетеді және аяқтарын жазады.

Алға аттап, аяғымен серпіп ойыншы кеудесін төмен-алға жібереді, қолдары артқа кеткен. Ұшқан допты соғу алақанның сырт жағымен жүзеге асырылады.

Ойын кезінде ойыншының торға тиіп кетуі, ортадағы сызықты басып не одан өтіп кетуі, қателік болып саналады.

Команданың ойыншылары допты жерге түсіріп алған жағдайда, допты ойынға қосу екінші командаға ауысады;

Оқушының берілген тапсырманы дұрыс орындауын қадағалау.

Ағзаны бастапқы қалпына келтіру. Жаттығуларды орындау барысында көпшіліктің жіберген қателігін, жекелеген оқушылардың жеткен жетістіктерін атап көрсету.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. “Егемен Қазақстан” №828. 831 (27902) 15 желтоқсан 2012ж.
2. Методическое пособие по обучению игре в волейбол и ее совершенствование.
3. Е. Уаңбаев.Дене тәрбиесінің негіздері Алматы «Санат» 2000
4. З.А.Джаркешев Игра в волейбол начинается в школе Алматы «Мектеп» 1987
5. Ю.Д.Железняк Волейбол в школе Москва « Просвещения» 1989
6. А.Г.Фурманов Волейбол на лужайке в парке, во дворе Москва «Физкультура и спорт» 1982
7. Волейбол, пляжный волейбол Москва -2004

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше