(Шылаулар сипаты) 1 слайд

Сабақ тақырыбы: Абайды білмек парыз, ойлы жасқа (Шылаулар сипаты) 1 слайд

Сабақтың мақсаты: Шылау туралы оқушылардың түсінігін орнықтыру, оның түрлерін жетік біліп, еркін қолдануын қалыптастыру. 2 слайд

Міндеттері: білімділік –оқушылардың шылау бойынша алған теориялық білімдерін қайталау арқылы пысықтау, еске түсіру,бекіту

Дамытушылық –оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, қызығушылығын ояту, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамыту

Тәрбиелік – халқымыздың ұлттық қасиеті мен адамгершілігі жөніндегі түсінігін кеңейту. Тез ұтымды пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар шылау туралы, оның түрлері, ерекшеліктері туралы еске түсіреді, алған білімдерін пысықтап, бекітеді. Абай туралы жан-жақты мағлұмат алады.Танымдық қабілеттері артады.Тез ұтымды пікір қалыптастырады. Өз ойларын еркін жеткізеді.Сөздік қорлары молаяды.

Түрі: қайталау сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,топпен жұмыс, СТО стратегиясының элементтері.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, үлестірмелі тапсырмалар, видеоролик, Абай портреті.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,ән

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)

Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)

Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күлімдейді)

Еңбек етіп ерінбей,Жақсы баға алайық (бас бармақтарын көрсетеді)

Сдайдта көрсетіледі.

Шын хакім, асыл сөзің баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес.(М.Жұмабаев)

Сұрақ. Балалар, «хакім» сөзі қазақтың қай ақынына берілген?

Жауап. – Дұрыс, Абай Құнанбаевқа арналған. Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Қ туғанына 170 жыл толып жүр. Иә, сонымен бүгінгі сабағымызда «Абайды білмек парыз, ойлы жасқа» айдары жұмыс істейді.

Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.Жаңа сабақтың ерекшелігін айту,мақсатымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.Қызығушылықтарын ояту.Оқушыларды топқа бөлу.

Олар топқа бөлінеді.Парақшаларды таңдап алады. Әрқайсысы өз парақшаларындағы мақал-мәтелдердегі жазуларға сәйкес орналасады.

І топ: Септеуліктер ІІ топ: Жалғаулықтар ІІІ топ: Демеуліктер 4 слайд .Әр топ өздерінің шылауларын атап шығады.

1.Миға шабуыл

І топ Шылау ерекшеліктері

ІІ топ Шылау түрлері

ІІІ топ Қасиеті

«Абайды білмек парыз, ойлы жасқа» айдары слайдта шығады.

2. 3 топқа Абайдың шылауы бар өлең, қара сөздерінен үзінді беріледі.

І топ Өлең «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап.»

ІІ топ М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді

ІІІ топ 26 қара сөзінен үзінді

3.«Біліміңді байқап көр»

І топ Сатылай кешенді талдау

ІІ топ Фонетикалық талдау

ІІІ топ Морфологиялық талдау

4.Сөзжұмбақ «Осы жұрт Абайды біле ме екен?»

1.Анасы Ұлжан қойған аты (Абай )

2.Абайдың азан шақырып қойған аты ( Ибраһим)

3.13 ж атастырған Алшынбай немересі (Ділдә)

4.Абайдың туған елі (Семей)

  1. «Абай жолы» романының авторы (М.Әуезов)

6.Абайдың анасы (Ұлжан)

7.Абайдың руы (Тобықты)

8.Жеңгесінің еркелетіп қойған аты (Телқара)

9Абайдың әкесі ( Құнанбай)

10.Абайдың баласы ( Ақылбай)

11.Абайдың тентек інісі (Оспан)

5.Постер құру

Бұл тақырып бізге бұрыннан таныс болғандықтан әр топ өздеріне берілген шылауларына байланысты құрастырады. Әр топ өз тапсырмаларын орындап, қорғайды.

6.Сергіту сұрақтары– «Жылдам сұрақ,ұшқыр жауап»

І топ

1.Әрі зат есім,әрі демеулік шылау (ау)

2.Бір әріптен тұратын шылау (я)

ІІтоп

3.Сан есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған шылау (үш+ін)

4.Әрі жалғаулық, әрі демеулік (да,де,та,те)

ІІІ топ

5.Сан есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған шылау (бір+ақ)

6.Сілтеу есімдігінің алдына дауыссыз дыбыс қойсаң, жалғаулық шылау шығады (ж+әне)

7. Семантикалық картамен жұмыс 17 слайд

№ Мысалдар Септеулік Жалғаулық Демеулік
1 Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?. +
2 Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады +
3 Бір көрмеге тәп-тәтті,

Қазаны мен қомбаңы

+
4 Бір сөз үшін жау болып, Бір күн үшін дос болып +
5 Қайғы мен ыза қысқан соң,

Зар шығады тілімнен.

+ +
6 Абай Тоғжанға жақындап кеп, үндемей ғана бетінен сүйді. +

8. Лездеме «Сырлы сезім» шығармашылық жұмысы( шылауларды қатыстырып)

І топ «Абай мұраларынан өзім қандай ғибрат алдым?»

ІІ топ «Жақсы сөз жалынды оттан шығады » (Абай нақыл сөздері туралы ойларын жазу)

ІІІ топ «Абай армандаған жан келбеті» ой толғау

9. Кері байланыс (Оқушылар үш топ бойынша сөйлеп, шылаудың үш түрін схема бойынша сызып көрсетеді)

10.Ассоциация құру Абайға

11.Қорытындылау «Абай деген-терең теңіз,алып мұхит.Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай біз бүгін осы сабағымызда ұлы ақын төрткүл дүниеге аты әйгілі кемеңгер ақын Абай атамыз туралы білімімізді тереңдете түстік. Сонымен қатар Абай шығармашылығын талдай отырып шылаулардың жасалуын есімізге түсіріп біраз мағлұмат алдық.Бұл келешекте өздеріңнің білімдеріңді шыңдай түседі.ҰБТ-ге алдын-ала дайындық деп те түсінуге болады.

«Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

Намысыңды қамшыласын үнемі» дей келе сабағымызды аяқтаймыз.

12. Оқушылар өздерін бағалайды.

Бағалау парағы

№ Оқушының аты-жөні Өз-өзіне баға беруі Топ басшысының бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
1
2
3

13. Үйге тапсырма. Әдеби шығармалардан шылаулардың түріне қатысты 3 мысалдан жазып келу

ШҚО Катонқарағай ауданы Майемер ауылы

КММ «Майемер орта мектебі»

Ашық сабақ

Тақырыбы: Шылаулар сипаты

(8-сынып)

Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі Кайсинова З.Б

2017-2018 оқу жылы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше