Арғынғазина Шынар Мубараковна

ШҚО, Катонқарағай ауданы, Майемер ауылы

«Майемер орта мектебі» КММ.

Химия жəне биология пəнінің мұғалімі

Арғынғазина Шынар Мубараковна

Сабақтың тақырыбы. Экзотермиялық және энодотермиялық реакциялар.

Химиялық реакцияның жылу эффектісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын түсіндіру. Термохимиялық теңдеу туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.

Дамытушылық:Термохимиялық теңдеулерді құрастыру білігін қалыптастыру.

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару дағдысын, ойлау қабілетін,

белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға байланысты іс-шараларды қолдана білуге тәрбиелеу..

Тірек білім мен біліктер. Химиялық реакция, химиялық реакцияның жүруіндегі сыртқы белгілер,зат массасының сақталу заңы, химиялық теңдеулер, энергияның сақталуы және жылу процестері жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығару.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ –жауап, Л.Шаталовтың тірек сызбалары

Көрнекілігі: тірек сызбалар, үллестірме деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар, видеофильмдер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./

ІІ. «Психологиялық дайындық» /сергіту сәті, топқа бөлу/
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл»/ деңгейлік тапсырмалар тарату, өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу /

ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық: «Ой қозғау» жаңа сабаққа жетелеу сұрақтарын қою.
Ү.Жаңа сабақ түсіндіру

«Мағынаны тану» / тірек сызба, баяндау, мысалдар келтіру, сұрақ жауаптар, салыстыру/

ҮІ. Бекіту

1.«Білімді тиянақтау» /жаңа сабақтағы ұғымдарды пайдалана отырып есептер шығару/.«
2.Ой түю» /жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін семантикалық картадағы сұр арқылы тексеру/
ҮІІ.Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Сабақты бағалау. Бағалау парақтары бойынша.

РЕФЛЕКСИЯ / оқушы өз ойларын , сабақтан алған әсерлерін жеткізу/

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./

ІІ. «Психологиялық дайындық» /сергіту сәті, топқа бөлу/

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл»/ деңгейлік тапсырмалар тарату, өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу /

Деңгейлік тапсырмалар:

І-топ

1-деңгей

Ауаның құрамын кімдер және қашан зерттей бартады?

2-деңгей

P2O5, Fe2O3, оксидтерін жану реакциясының көмегімен алыну теңдеуін құрыңдар, оксидтерді атаңдар.

3-деңгей

10 г кальций жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша

ІІ-топ

1-деңгей

Озонды қай жылы және кімдер анықтады?

2-деңгей

Күрделі заттардың жану реакциясының теңдеулерін құрыңдар, коэффициенттерін қойып, теңестіріңдер.

С3 Н8 +О2 = ? + Н2О

C2H6 +O2= ? + Н2О

3-деңгей

10 г кальций жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО зат мөлшері қанша?

ІҮ. «Ой қозғау» Өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
– ауа, оттек, азот , көмірқышқыл газы, су буы, аргон, криптон ұғымдарын дене және зат ұғымдарына ажыратыңыздар./ауызша сұрақтар қою/

  • Заттардың өзгеріске ұшырауы қандай құбылыстарға жатады? СЛАЙД №4
  • Физикалық, химиялық құбылыстар дегеніміз не?
  • Химиялық құбылыс, химиялық реакция дегеніміз не? СЛАЙД №6
  • химиялық реакциялар жүргенде байқалатын сыртқы белгілерді атаңдар СЛАЙД №7
  • жану реакциясы дегеніміз не?

жанудың сыртқы белгілері қандай?

/Бұл сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар химиялық реакцияның жүргенін тек бастапқы заттардың түсінің, исінің өзгеруі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі сияқты белгілермен қоса жылудың бөлінгені не сіңірілгені арқылы да білуге болатындығын еске түсіреді. Зертханалық тәжірибе жүргізу

Кейбір реакциялар жүрген кезде жылу мен жарық бөле жүреді. Жылу мен жарық бөле жүретін реакцияларды жану реакциясы деп атаймыз. Демек химиялық реакция жүрген кезде байқалатын сыртқы белгілердің ішіндегі ең маңыздысы жылудың бөлінуі мен сіңірілуі екен.

Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

«Химиялық реакцияның жылу эффектісі»/оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады/

Ү.Жаңа сабақ түсіндіру

«Мағынаны тану» / тірек сызба, баяндау, мысалдар келтіру, сұрақ, жауаптар, салыстыру/

  • Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
  • Жаңа білімді балалар өз беттерімен оқып, меңгереді.

Оқушылар дайын болған соң постерлерін қорғайды.

ҮІ. Бекіту

1.«Есептер сыр шертеді» жаңа сабақтағы ұғымдарды пайдалана отырып есептер шығару/.

І топ

1.Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:

СаО+Н2О=Ca(OH) 2+67кДж

10г кальций оксиді сумен әрекеттескенде қанша жылу бөлінетін есептеңдер.

ІІтоп

Берілген термохимиялық теңдеулер бойынша:

S+O2=SO2+297кДж

Массасы 4г күкіртті жаққанда бөлінген жылу мөлшерін есептеңдер

2.Ой түю» /жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін семантикалық картадағы сұр арқылы тексеру/

Ішке Бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері Жылу эффек-тісі көрсетіл-ген реакция Жылу бөле жүретін реакция Сыртқа Жылу сіңіре жүретін реакция
Жылу эффектіcі дегеніміз не?
Эндотермиялық реакция дегеніміз не?
Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
Термохимиялық теңдеу деп нені айтады?
«эндо» грекше
«экзо» грекше


ҮІІ.Үйге тапсырма.
§27.73,74 бет,5-7 есеп. 1-4,8-10 сұрақтар.Темірболатова есептер жинағы «Өрттен сақтану шаралары ситуациялық тапсырмалар дайындау.

ҮІІІ. Сабақты бағалау. Бағалау парақтары бойынша.

РЕФЛЕКСИЯ «Өрмекау тоқу»/ оқушы өз ойларын , сабақтан алған әсерлерін жеткізу/

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше