«Физика әлеміне саяхат» атты сабақтан тыс іс-шара
«Физика әлеміне саяхат» атты сабақтан тыс іс-шара
Мақсаты: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын, ойлау қабілетін дамыту. тәлім-тәрбиесін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
– Уа жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Физика – астрономия елінде
Физика – астрономия тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам жасайық,
Кеш қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Қане, енді бастайық.
2-жүргізуші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Кәнеки, кім шығады сайысуға.
1-жүргізуші:
Ендеше, құрметті көрермендер, «Физика әлеміне саяхат» атты физикалық кешімізді тамашалайық. Алдымен 7кл, 8кл, 9класс оқушыларын ортаға шақырайық. Содан соң ағылшынша A, B, C деп үш топқа бөлінеміз. Кешіміз мынадай турлардан тұрады:
Кештің жоспары:
I тур. Таныстыру.
II тур. «Блиц – турнир»
III тур. Физиканың заңдарын білесің бе?
IV тур. Физикалық тұрақтылар.
V тур. «Есеп эстафетасы»
VI тур. Сергіту кезеңі
VII тур. «Раундровер»
VIII тур. «Қанша тілді білесің?»
Енді қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
I тур. Таныстыру. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады.
II тур. «Блиц – турнир» – деп аталады. Мұнда әр топқа 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
«Қысым» тобына
1. «Физика» деген сөз грек сөзі «фюзис» білдіреді. (табиғат)
2. «Физика» сөзі ең бірінші рет ұлы ойшыл қай ғалымның еңбектерінде пайда болды? (Аристотель)
3. «Физика» сөзін орыс тілінде енгізген ғалым? (Ломоносов)
4. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар? (бақылау, эксперимент, теория)
5. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен көлемін өзгертетін деформация қалай аталады? (пластикалық)
6. ХБЖ жылдамдықтың өлшем бірлігі? (м/с)
7. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? (υ)
8. Дене деформацияға түскен кезде әсер ететін күш? (Серпінділік күш)
9. 1 тоннада қанша килограмм бар? (1000 кг)
10. Күшті қандай әріппен белгілейді? (F)
11. What kind of fuels do you know? (Керосин-kerosene, спирт-alcohol, анаилин-anailin, сұйық сутегі-hydrogen, оттегі-nitrogen, оқ дәрінің арнайы түрі-special typeof).
12. Satellite of Earth is (Ай-Луна-Moon)
13. Y.Gagarin is the (Ғарышкер-Космонавт-Spaceman)
14. What kind of formula pressure? ( )
15. Electrical charges can be ……… (+) or ……….(-) (positive, negative)
16. To measure electric currents you use an ………. (ammeter-амперметр)
«Күш» тобына
1. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (кг/м3)
2. Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? (динамометр)
3. Деформация дегеніміз не? (Дененің пішінін немесе көлемін өзгертуі)
4. Дененің массасы қандай әріппен белгіленеді? (m)
5. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? (спидометр)
6. Қысымның өлшем бірлігі? (Па)
7. Уақыт қандай әріппен белгіленеді? (t)
8. Дененің массасын өлшейтін құрал? (таразы)
9. Уақытты өлшейтін құрал? (сағат)
10. Күштің өлшем бірлігі? (Н)
11. The first space speed (8км/с-eight kilometres per second)
12. How many planets in Solar System? (8-eight)
13. T.Musabaev is (Қазақ ғарышкері-Казахский космонавт-Kazakh spaceman)
14. What kind of formula speed? ()
15. A positive charge and a negative charge …….. each other (тартылады-притягивать-attract)
16. The Sun gives out its own ………. (жарық-свет-light)
«Масса» тобына
1. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? (бірқалыпты қозғалыс)
2. Заттың неше күйі бар? (қатты, сұйық, газ)
3. Дененің температурасын өлшейтін құрал? (термометр)
4. Деформацияның қандай түрлері бар? (пластикалық және серпімді)
5. Қысым қандай әріппен белгіленеді? (Р)
6. Көлемді өлшейтін құрал? (мензурка)
7. Ең қарапайым құрал? (сызғыш)
8. Аспан денелерін зерттейтін құрал? (телескоп)
9. Үдеу дегеніміз не? (Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама)
10. Үйкелістің неше түрі бар, ата? (домалау, сырғанау, тыныштық)
11. The first space woman is (В.Терешкова)
12. The first spaceman from Kazakhstan (Т.Мұсабаев)
13. The founder of cosmonautics (К.Э.Циолковский)
14. What kind of formula moment of force? ( )
15. Two charges that are the same ………. each other (тебіледі-отталкивать-repel)
16. A magnet has a ………. pole and a ……… pole (north, south-солтүстік, оңтүстік)
III тур. Физиканың заңдарын білесің бе? Бұл турда заңның аты айтылады. Оқушылар сол заңның анықтамасын және формуласын жазуы керек. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.
«Қысым» тобына
1. Гук заңы ( 1660ж ағылшын физигі Роберт Гук ашты. Дененің созылуы немесе сығылуы кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал)
2. Термодинамиканың бірінші заңы ( Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін жұмысына жұмсалады)
3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ( Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827ж Г.Ом ашты. Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал)
4. Жарықтың шағылу заңы (түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінде шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең)
5. Ньютонның бірінші заңы (егер денеге басқа денелер әрекет етпесе н/е оларға әрекет ететін басқа денелердің әрекеті компенсацияланған болса, онда инерциялық деп алынатын санақ жүйелеріне қатысты дене өзінің жылдамдығын өзгертпей сақтайды)
«Күш» тобына
1. Кулон заңы ( Француз ғалымы Ш.Кулон 1785ж ашты. Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі)
2. Паскаль заңы (сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл Паскаль заңы деп аталады)
3. Толық тізбек үшін Ом заңы ( тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электрқозғаушы күшінің шамасына тура пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал)
4. Жарықтың сыну заңы ( түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады)
5. Ньютонның екінші заңы ( денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал)
«Масса» тобына
1. Архимед заңы ( сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті Архимед күші деп атайды)
2. Джоуль-Ленц заңы ( Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Ленц зерттеді. Сондықтан Джоуль-Ленц заңы деп аталып кетті. Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал)
3. Электролиз заңы ( М.Фарадей 1832 жыл ашты. Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр зарядының мөлшеріне пропорционал)
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы ( И.Ньютон 1687ж ашты. Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады)
5. Ньютонның үшінші заңы ( әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы)
IV тур. Физикалық тұрақтылар. Бұл турда екі топқа бірдей тұрақтының аты айтылады. Қай топ бірінші қолдарын көтерсе, сол топ жауап береді. Оқушылар сол тұрақтының мәнін тақтаға жазуы керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1. Еркін түсу үдеуі ()
2. Вакуумдегі жарық жылдамдығы ()
3. Элементар немесе электрон заряды ()
4. Электронның массасы ()
5. Электр тұрақтысы ()
6. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура ()
7. Гравитациялық тұрақты ()
8. Жердің орташа радиусы ()
V тур. «Есеп эстафетасы» деп аталады. Бұл турда екі топқа бірдей деңгейдегі есептер беріледі. Әр есепке 5 ұпайдан. 10 мин уақыт беріледі.
«Қысым» тобына
1. Жылдамдығы 0,8м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 16км жол жүрді?
2. Көлемі 18,75л керосиннің салмағын есепте. Керосиннің тығыздығы 800кг/м3.
3. Массасы 60т, ал маторларының тарту күші 90кН болатын реактивті ұшақ ұшар кезінде қандай үдеумен қозғалады?
«Күш» тобына
1. Автобус 9км жолды 36км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті? Уақытты секундпен өрнекте.
2. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 200г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7кг/м3 болса, оның көлемі қандай?
3. 90Н күш денеге 1,2м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3м/с2 үдеу береді?
«Масса» тобына
1. Трамвай алғашқы 200 метрді 5м/с жылдамдықпен, кейінгі 600метрді – 10м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Оның барлық жол бойындағы орташа жылдамдығын тап.
2. 500Н ауырлық күші әрекет ететін ыдыста қандай көлемде су бар?
3. Автокөлік радиусы 100м айналма жолмен 36км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
VI тур. Сергіту кезеңі. Сергіту кезеңінде оқушыларға ағылшын тілінде жаттығу өткізіледі.
VII тур. «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық шамаларды жазады. Бір физикалық шамаға 1 ұпайдан беріледі. Қанша ұғым жазса, сонша ұпай жинайды. 5мин уақыт беріледі.
VIII тур. «Қанша тілді білесің?» деп аталады. Мұнда екі топқа бірдей жұмбақтар жасырылады. Қай топ бірінші қолдарын көтереді, сол топ жауап береді. Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек. Дұрыс жауапқа 3 ұпай.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток-ток-energy)
2. Жоқ өзінде бас та, қаста, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш-линейка,-ruler)
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)
4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа-воздух-air)
5. Керегіңнің басында кетпен жаулық,
Кет десемде кетпейді, неткен жаулық. (күн-солнце-sun)
6. Арқалап бірін қоймай көтергенін,
Аяғы еш уақытта талғам жоқ. (білім-образование-an education)
7. Өз еркіне жіберсе дүниені бүлдірер. (от-огонь-a fire)
8. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі түсті жарық шоқтарына жіктелуінен пайда болатын тамаша көрініс. (кемпірқосақ-радуга-a rainf lake)
9. Көкке қараған,
Жұлдыз санаған. (телескоп-телескоп-telescope)
10. Сұйық, қатты, бу болып құбылатын,
Ішіп, кешіп, жүзетін қандай затың? (су-вода-water)
11. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш-сила-force)
12. Пайдаланған мені жұрт
Отын әрі жарыққа.
Қызмет етем әрқашан,
Мені білген халыққа. (электр тогы-электрический ток-electric current)
13. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (энергия-энергия-energy)
14. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит-магнит-magnet)
15. Тар шеңбер айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды. (сағат-часы-clock)
1-жүргізуші:
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ-қарасын айырып,
Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.
2-жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге мың рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенще сау болыңыздар.
