Утепова Райхан Исабековна

Бастауыш мектепте оқушылардың лингвистикалық сөздіктер арқылы тілін дамыту

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік жұмысының мақсаты:

  1. Сөздік қорын кеңейту;
  2. Сөздердің орфографиялық және орфоэриялық нормаларын меңгерту;
  3. Әдеби нормаларды игеру болып саналады.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік жұмысына мынадай талаптар қойылады.

  1. Өз ойын тыңдаушысына білдіру, ұғындыру үшін оқушының
    ең алдымен сөздік қоры мол болуы керек. Ондай оқушының ұғымы да
    кеңейе береді, әрі тілі орамды болып, пікірін толық жеткізе алады. Ал
    сөздік қоры тапшы адам сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын
    дәл білдіруге сөз байлығын арттыру ең басты талап болып саналады.
    Оқушылардың сөзі грамматикалық құрылысы жағынан дұрыс, мінсіз
    болуға тиіс. Яғни, сөйлемдегі сөздер тілдің құрылыс материалы
    болып есептеледі.

Грамматика сөздердің тұлғалары мен өзара бір-бірімен байланысын анықтаумен қатар, жаңа сөз тудыруды да қарастырады. Ендеше сөйлеу барысында тілдің қолданылған сөздер заңдарына сай болуы қажет. Дұрыс сөйлеуге үйрету жұмысы грамматика сабақтарына соған байланыстырыла жүргізіледі. Сонымен қатар бұл жұмыс грамматика сабақтарынан тыс, өз алдына бөлек сабақ ретінде де ұйымдастырылады.

  1. Дұрыс сөйлеу мәдениетін тәрбиелеуде, алдымен бала тілдің
    дыбыстық құрылымын толық меңгеруге тиіс. Сөйлеудің дыбыстық
    жағы фонетика мен орфоэпия деректеріне негізделеді. Бала үлкендерге еліктеу арқылы ана тілінің сөз екпіндерін интонациясын дұрыс сақтауға үйренеді.

Сондықтан әр сөз ауыздан шыққанда оның ішіндегі кейбір дыбыстары немесе сөздің алғысы («желініп») қоймай, түсінікті, анық естілуін қамтамасыз етуі керек.

  1. Оқушылардың сөзі анық болуға тиіс. Айтайын деген ойына
    мағынасы дәлме-дәл келетін сөзді таңдап, теріп алып сөйлеуге қазақ
    тілінің сөз байлығы жеткілікті. Мұғалімнің міндеті — балаларды ойын
    мүлжітпей, дәл айтуға үйрету. Әрине, бұл талап та жоғарыда
    айтылған сөздік қорын молайту талабымен ұштасып жатыр. Дәл
    айтылмаған ойды түсінудің өзі бірсыпара қиындыққа ұшыратады.
  2. Оқушылар ойын тәртіппен бір жүйеге түсіріп айта білуге
    тиіс. Бұлай дағдыланбаған оқушы әңгімедегі оқиғаларды есіне
    түсіруіне қарай байланыссыз, шашыратып айтады да оның мағынасы
    мүлде түсініксіз болып шығады.

Бұл әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына тән кемшілік, өйткені кішкене балалар бір уақиғаны еске түсіргенде оның жүйесін, тәртібін, яғни уақиғаны неден басталып, қалай аяқталғанын басына тоқып ойлап тұрмайды. Оқығаннан еске түскен жайды лақ еткізіп айта салады.

Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті – балалардың айтар ойын тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету. Бұл үшін жоспарлы түрде әдейі сабақтар ұйымдастырылып, онда балалардың көңілдері сөйлемдердің орналасу тәртібіне аударылуға тиіс. Оқушылардың ой жүйесі қатты ескеріледі.

  1. Оқушылар әдеби тілде сөйлеуге үйрену керек. Яғни балалар ойды
    білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге
    дағдыланатын болуы керек.
  2. Оқушының сөзі мүмкіндігінше, бейнелі болуға тиіс. Бейнелеп
    сөйлеген сөз сәнді шығады да, тыңдаушыға күшті әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларынан, әрине толық мағынасындағы бейнелеп сөйлеуді талап етуге болмайды. Мұнда балалар тек бейнелеп сөйлеу элементтеріне еліктейтіндей ғана жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл жұмыстағы негізгі міндет – балаларды көркем шығармада кездесетін бейнелі ұғымдарды түсіне білуге үйрету, кейбір әңгімелердегі бейнелі ұғымдарды түсіне білуге үйрету, кейбір әңгімелердегі бейнелі тіркестерді өздері сөйлегенде не
    мазмұндама шығарма жазғанда қолдана білуге дағдыландыру керек.
  3. Оқушылардың сөйлеген кездегі тұрысына, сөздің айтылуына
    (дыбыстық жағы, мәнерлігі, жылдамдығы, дауыс сазы, екпіні т.б.)
    көптеген талаптар қойылды.

а) Оқушының сөйлегенде дауыс сазы не қатты не тым (естілмейтіндей) жай шықпай, бір қалыпты, орта қоңыр дауыспен сөйлеуге тиіс. Оқушы сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау (бет әлпеті т.с.с.) мәдениетіне жаттықтырудың да зор маңызы бар. Оқушыларды мұндай қасиетте тәрбиелеу олардың болашағы үшін қажет екендігін көрсете келіп, Н.К.Крупская балалардың табиғи сөйлеу мәнерін бұзбай, қайта дамыта түскенде ғана «Ойы мен сезімі бет әлпетінен көрініп, көзінен от шашып тұратын», шешендерді жиірек кездестіруге болатынын айтады.

ә) Оқушылар сөйлем ішінде ойдың тірегі болып тұрған сөзді тауып, оған логикалық екпін түсіре сөйлеуге, лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді тиісті интонацияға түсіріп сөйлеп дағдылануға тиіс.

Оқушыларды осы көрсетілген талаптарға сай сөйлеуге дағдыландыру үшін жоспарлы түрде әдістемелік жұмыс жүргізілуі тиіс.

  1. Ауызша сөйлеу кезінде оқушылар өзіне айтылған сөздерді тыңдап оның мәнін байыппен аңғара білуге жаттықтырылуы тиіс. Сонымен қатар олар әңгімелесу барысында сұрақ қоя алуға және өзіне қойылған сұрақтарға тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландырыла алынады. Оқушылардың біреумен сөйлесе алу шеберліктері, сөз жоқ сөздік қорының байлығына, сонымен сөйлесе алу тілдің грамматикалық құрылысын қандай дәрежеде меңгергендіктеріне байланысты.

9.Көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында немесе басқа жиындарда, тіпті танымайтын аудиторияларда (мерекелерде, үлкендер қатысқан жиналыстарда) тыңдаушыларына қарап ойын асықпай, саспай қысылмай айтып беру – ой ұшқырлығын дамытады, ұжым алдында өзін ұстай алуға дағдыландырады. Сонымен қатар сөздік пайдалануға, фразалар құра білуге, айтылатын әңгімесінің мазмұнын құрастыру шеберлігіне, ойлаудың алуан түрлі қасиеттерін қалыптастыру шеберлігіне, яғни ойлаудың алуан түрлі қасиеттерін қалыптастырып, оларды шығармашылық белсенділікке дағдыландырады. Оқушылардың оқыған материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы түсіну үшін оқу сабақтарында неше түрлі сабақтар ұйымдастырылады. Бұл талаптар алты жасарларға да жат емес. Себебі, мектеп жасындағы бала тілдің фонологиялық жүйесін толық түсінеді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше