Тулегенова Бибигуль Мухановна
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
№1 мектеп- гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Бибигуль Мухановна
орыс тілді сыныпта
қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті тағамым» .
Сынып: » 4 сынып
Күні: 23.11.2017 жыл
Мақсат: Жеке, топпен жұмыс жасай отыра, диалогтік әңгімеге қатыса отыра бір-бірінің жұмысын бағалай білуге үйрену; Өзінің сүйікті тағамы туралы мәлімет беруге, септіктерді қолдануға үйрену.
Күтілетін нәтиже:
Оқытудың нәтижесі(табыс критерийлері):
1)Төмен деңгейлі оқушы үшін: Өзінің сүйікті тағамының құрамын айтады, неге сүйікті екенін дәлелдейді, септік жалғауларын қолданады
2)Орта деңгейлі оқушы үшін: Өзінің сүйікті тағамының құрамын атайды, жасалу ретін белгілейді, өз ойын дәлелдейді, диалогке түседі, септік жалғауларын қолданады.
3)Жоғары деңгейлі оқушы үшін: септік жалғауларын қолданады, сүйікті тағамы туралы жоспар бойынша айтады, дәлелдейді, ақпаратты жүйелейді
Түйінді идеялар:
1) Өзінің сүйікті тағамы туралы өз ойларын жеткізу
2) Өз идеяларын ұсыну ( топтық жұмыс барысында)
3) сабақ бойынша рефлексия жаза білу
| уақыт | Сабақ кезеңдері | Педагог қызметі | Оқушы қызметі | Ұйымдастыру формасы | Бағалау түрі |
| 2мин | І Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу В) жылы атмосфера орнату |
– Сәлеметсіңдерме
-Көңіл-күйлерің қандай? -Қазір біз шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі сабаққа бір-бірімізге жылы тілек айтайық ( шаттық шеңберін ұйымдастырады, өзі тілек айтуды бастайды) |
Тілек айтады | Ойын түрінде | Мұғалім бағасы |
| ІІ Үй тапсырмасын тексеру | 1) 4- тапсырма (оқып береді)
2) эссе «Менің сүйікті тағамым» 3) жұмбақтар шешеді |
Суреттер тапсырады, сұрақтарға жауап береді, тест жұмысын орындайды | Сыныппен, жеке | Мұғалім бағасы, компьютер бағасы | |
| 3мин | ІІІ. Жаңа сабақ
А) топтық жұмысты ұйымдастыру В) топ ережесін еске түсіру |
– Бүгін біз топта жұмыс жүргіземіз. Ол үшін тағам атауларының суреттері арқылы үш топқа бөлінеміз.
– Сонымен біз топқа бөліндік. -Ал топта жұмыс жасау үшін не керек? Өткен сабақта қандай ережелерді атадық? -Ережелер не үшін керек? (ережелерді еске түсіріп талқылайды) |
Суреттерді таңдайды, топқа бөлінеді
Ережелерді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді |
Сыныппен | – |
| С) үйде жасалған суреттерге талдау жасау | Сұрақтар:
|
||||
| 5мин | Жаңа сөздікпен жұмыс
Аудармасын қайталайды Сөз тіркестерін құрастырады Дәптерге жазып алады |
– Бүгінгі сабақта келесі жаңа сөздермен жұмыс істейміз: тазалау, жуу, кесу, араластыру, қуыру, пісіру, күріш, қасық, (жеке парақтар таратылады) | жаңа сөздерді оқиды | Жеке , топпен орындайды | – |
| 5мин+ 2мин 31мин | Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар беру | І топ тапсырмалары: «Менің сүйікті тағамым» әңгіме құрастырады
Білім деңгейі 1-тапсырма: Сүйікті тағамның құрамын анықтаңдар Түсіну деңгейі 2-тапсырма: Сөздерді септе тағам, сәбіз Қолдану деңгейі 3-тапсырма: Салаттың жасалу ретін дұрыс жазыңдар: Барлығын араластыру керек, көкөністерді, жұмыртқа мен шұжықты сатып алу керек, көкөністерді жуу керек, барлығын кесу керек, картоп пен жұмыртқаны пісіру керек. ( жеке парақтарда терілген) |
Мәтінді оқиды, «фаст-фуд» сөзінің мағынасын табады, тағамдарды атайды | топпен | Бағалаушы-ны таңдау, бағалауды ұйымдастыру( ұпай беру) |
| ІІ топ тапсырмалары: палау
Білім деңгейі 1-тапсырма: Палаудың құрамын анықтаңдар Түсіну деңгейі 2-тапсырма: Берілген сөз тіркестерді аударыңдар септігін анықтаңдар: Морковь чистят, жарят на масле, мешают ложкой, покупают мое любимое блюдо, на базаре покупают Қолдану деңгейі 3-тапсырма: Палаудың дайындығы туралы сұхбат құрастырыңдар |
Сұрақтарға жауап береді, шығармашылық танытады | топпен | |||
| ІІІ топ тапсырмалары: Қазақша ет
Талдау мен синтез деңгейі 1-тапсырма:Жоспар бойынша коллаж және әңгіме құрастырыңдар Жоспар: 1)Қазақша ет деген не? 2) Қандай ұлттың ұлттық тағамы? 3) Құрамы қандай? 4) Қалай жасалады? Ретін жазыңдар 5) не себепті жақсы көресің? ( ғаламтор көмегіне жүгіну) 2- Тапсырма келесі сұраққа өз ойынды жаз, дәлелде «Саған қазақша ет ұнай ма?Неге?» |
жағымды, жағымсыз жақтарын ажыратады, өз ойларын жазады | Топпен, жеке | |||
| Сергіту сәті | «Көңілді күн» | Орнынан тұрып жаттығу жасайды. | |||
| Топтық жұмысты бағалау | Топтық жұмысты бағалау ережелерімен таныстыру (кесте бойынша)
кезекпен.: 1-топ сұрақ қояды, 2- топ жауап береді,3- топ бағалайды. |
Бағалау парақшасы арқылы бағалайды. | |||
| 3мин | V. Қорытынды жасау | Сұрақтарға жауап беру:
Сұрақтарға жауап беру:
|
Ойланады, сұрақтарға жауап береді | жеке | |
| 1мин | VІІ. Үй жұмысы | 4- тапсырма 33 бет | Үй жұмысын жазып алады | жеке | |
| 1мин | Кері байланыс | Парақшалар таратылады | Нені білдім?
Нені білемін? Нені білгім келеді? |
