| -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айының нешінші айы?
-Аптаның нешінші күні?
« Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабақтарды еске түсіріп, қайталаймыз.
Балалар сұраққа жауап береді.
Суреттегі заттардың бас әріптерінен сөз шығару.
ТАЙ
-Тай сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-Ол не?
-Түйе
Қыт-қыт етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.
-Ол не балалар?
-Тауық
Аудио үнтаспадан Т дыбысын тыңдатып, көрсету.
Т дыбысымен таныстыру, дауыссыз дыбыс екенін айту. Т әрпінен келетін сөздер айттыру.
Оқулықпен жұмыс.
Аудио үнтаспадан Әли мен Мерейдің сұхбатын тыңдатамын. Ал олай болса Мерейдің жол бағыты сызбасын қарайықшы. Заттарға жасырынған әріптерді атаймыз.
Мерейдің мектепке барар жолда тапқан жасырынған сөздерін кестедегі суреттерден оқитынын айтамын.

АТ АТА
ОР ТОН
АЛ ТАЛ
Балалар шығып, суреттердің көмегімен жасырынған сөздерді табады. Тапқан сөзін оқып береді. Сөздерді хормен оқыту.
1-тапсырма
«Тез ойла,сөз ойла» ойынын ала отырып, сандар бойынша әріптерден сөз ойлап табады.
А Н Л О Р Т
1 2 3 4 5 6
1 2 1 – 2 1 2 –
4 6 1 2 – 1 5 1 –
Әр топ сөзді тауып жазады, сонымен қатар орыс және ағылшын тілінде айтады.
Ойын:
Т дыбысынан келетін сөздерде шапалақ
О дыбысынан келетін сөздерде аяғын тарсылдатады
2-тапсырма
Дәптермен жұмыс.
1.Т дыбысын тақтаға жазу
2.Ауада жазу
3.Үзік сызықтарды басып жазу.
3- тапсырма
Кел , ойнайық!
«Көбелекті қондыр»
Әр түрлі суреттерге көбелек қондыру арқылы сол суретті талдайды.
|