САҒИЕВА БАҚТЫГҮЛ ЕСЕНОВНА
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АКТ-ны ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
САҒИЕВА БАҚТЫГҮЛ ЕСЕНОВНА
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мөнекей орта мектебінің мұғалімі
В статье рассматривается актуальность информационно-коммуникационной компетенции педагога и средства ИКТ, роль информационных единиц в развитии креативных способностей учеников.
The article deals with information and communication competence of the teacher and ICT tools, the role of information units in the development of creative abilities of students.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. Сонымен бірге кезкелген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі – жаңа формация мұғаліміне тәнбасты белгісі деп айтуымызға болады. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі дегеніміз – рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани – адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті: ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген [1].
«АКТ» жаңартылған білім мазмұнының педагогикалық тәсілдерінің бірі, оны тиімді қолданса оқушының ішкі уәжін тудырып, оқуға деген ынтасын оятуға болады. Қазіргі мұғалімнің басты міндеті оқушыларға ХХІ ғасыр дағдысын игерту, бүгінде сандық технологияны қолдану өзекті. Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторына айналды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі заман талабы және Қазақстан республикасында ақпараттандыру бағытының ең маңызды әлеуметтік-экономикалық жалпы мемлекеттік мәселенің бірі болып табылады. Жалпы орта білім беретін және жоғары мектептерде компьютерлендірудің бастапқы бағыттары мен міндеттерінің бірі – оқытуға ақпараттық технологияны енгізу болып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Жаңа ақпараттық технология: ақпараттық компьютер, жинақтау, сақтау, тасымалдау, көрсету сынды қызметтер атқарады. Бұл қызметтерді жеке-жеке пайдалану арқылы көптеген нәтижеге жетуге болады, сонымен қатар, оның көрінісін шығармашылық жұмыс барысында да көруге болады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесіндегі басты мақсат – білім берудің жағдайын жасау делінген, әрине, білім берудегі негізгі бағыт нәтижеге жету болып табылады.
Қазақстан Республикасыының Президенті өзінің халыққа «Жолдауында Президентіміз Н. Ә Назарбаев: «…Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» дейді. Тәуелсіздік туы желбіреген қазақ елінің ертеңі – бүгінгі жас ұрпағы. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.
Оқытуда ақпараттық технологияларды күнделікті сабақ үдерісінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.Оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану дегеніміз – бағдарламаларда көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру мен қойылған мақсаттарға жетудің ең тиімді жолы, оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі. Жалпы «технология» түсінігі технологиялық үрдіспен байланысты және сөздікке сүйенсек (гректің techne – өнер, біліктілік және logos – оқу ұғымдары), материалдарды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы.«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» дегендей, мемлекетіміздің басты саясатының бірі – жаңаша білім беру – заман талабы. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы – бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінуі тиіс. Білім берудің негізгі тетігі – мұғалім, ал, оның обьектісі – оқушы. Сондықтан да білім беру мұғалім үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру қажеттігі баса айтылған. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалған қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытуда ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды, білім мен ғылымның кіріктірілуі арқылы тұлғаның кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз етуді көздейді.
Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рольді атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өңдеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланыстырады. Ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыстары – қазіргі заманға компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бүгінгі таңда педагогика саласында кең үрдіс алып қолданысқа енгізіліп жатқан оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Осы тұрғыда арнайы технологиялық ақпараттық құралдар негізіндегі педагогикалық технологияларды біз биология сабақтарында да кеңінен пайдаланамыз. Олардың қатарында интерактивті тақта, интернет – ресусрстарымен жұмыс, мультимедиялық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар мен тренингтер және т.б. бар. Жаңа технологиялар білім беру мен тәрбие жүйесін бірдей қамтумен ерекшеленеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс – әректтердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден – бір жолы.
Оқытуды ақпаратгандыру процесі жағдайында мұғалімнің зерттеу қызметінің қалыптасу әдістемесі жасалынды.
Эксперимент, іс-тәжірибе жаңа технологияларды қолдану, іс-тәжірибелерін жинақтау, тарату бойынша кеңестер беріліп, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұрады. Аталған жұмыстар ұжымдық, топтық, жекелей түрде жүргізіледі. Тәжірибелік эксперименттік жұмысымның айқындаушы эксперимент кезеңінде зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамын анықтап, оның теориялық негізделуін жүзеге асырдым. Алынған диагностикалық сауалнама кезінде оқушылардың биология пәндеріне қызығушылығын, білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтерін олардың есеп шығаруға қарым-қатынасын анықтау арқылы тексердім. Нәтижесі бойынша биология пәнінен әр оқушының жеке басының дамуының диагностикалық картасын жасадым. Соның біреуін ұсынғанды жөн көрдім.
Кесте 1 Оқушының жеке басының дамуының диагностикалық картасы
| Оқушының аты-жөні | 7 сынып | 8 сынып | 9 сынып | 10 сынып |
| Болжанатын нәтиже | 4 | 4 | 4 | 5 |
| Алынған нәтиже | 4 | 4 | 4 | 5 |
| анализ | о | о | о | о |
| синтез | о | о | ж | ж |
| салыстыру | ж | о | ж | о |
| логика | ж | ж | ж | ж |
| Оқулықпен өзбеттік жұмыс | 4 | 4 | 5 | 5 |
| Тапсырманы өзіндік орындау | 4 | 4 | 4 | 4 |
| өзін-өзі тексеру | 4 | 4 | 4 | 4 |
| Диагностикалық жұмыстың нәтижесі (кірме, аралық бақылау, қорытынды) | 50% 60% 50% | 61% 52% 64% | 48% 60% 52% | 59% 67% 64% |
Жоғарыдағы кесте бойынша оқушының логикалық ойлау дәрежесі жоғары. Өзінің жіберген қателіктерімен жұмыс жасай алады. Тапсырманы өзбетімен жұмыс істеуі жақсы деңгейде.
Ұсыныс: Кеткен қателіктерімен түзету жұмыстарын жүргізу керек. Деңгейлік тапсырмалар беру керек. Осы ұсыныс бойынша тәжірибелік эксперименттік жұмысымның қазіргі қалыптастырушы сатысында оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ынтасын, білімге құштарлығын арттыру, өздігімен ойлау қабілетін қалыптастыру, сабақта белсенді іс-әрекет арқылы субъектінің құзырлығын қалыптастыру менің басты мақсатым.
Күтілетін нәтиже: Өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, өзінің алған білімін өмірде қолдана білуі, АКТ қолдану пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады. Менің тәжірибелік эксперименттік жұмысымның қазіргі қалыптастырушы сатысында көптеген жұмыстар атқарып келемін. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді.
Ең алдымен, өзім үшін және жеке оқушылар үшін сабақтың мақсатын анықтаймын. Сабақтағы оқу материалын жоспарлағанда, тапсырмалар құрастырған баланың қызығушылығын «осы бүгінгі сабақта алған білім маған бұдан былай қажет» деген ой тудыратындай, оны ынталандыратындай жағдай жасауға тырысамын. Өз практикамда оқушылардың өзіндік, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда инновациялық технологиялардың элементтерін, мысалы деңгейлік тапсырмаларды пайдаланамын. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, өз бетінше жұмыс істеп, білімін жетілдіру үшін ізденеді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы баланың қабілетіне, шама-шарқына, мүмкіндігіне қарай жұмыс жүргізіп дамытамын. Осының барлығын АКТ құралдары арқылы өткізу оқушыны жалықтырып алмай, мотивациясын жоғарылатуға үлес қосты. Міне, осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін-өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі субъектіні қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейлерін (Блум бойынша) анықтау үшін АКТ пайдалана отырып, 2017-2018 оқу жылы 1 тоқсанынан бері жүйелі түрде тақырыптық тексерулер жүргізіліп келеді. Соның нәтижесі бойынша «оқушының білімінің жеке даму бағыты» маман ретінде мен ең алдымен биологияны оқыту үрдісін арнайы және мазмұндық жағынан саралай келе оқушының жоғары дайындық деңгейін қалыптастыру үшін:
- биологияның ғылыми теориясын мектеп көлемінде толық меңгертуді;
-
теориялық білімді практикада қолдана алуды;
-
сандық есептерді есептеу дағдыларын жоғары деңгейге жеткізуді көздеймін. Осы тұрғыда мұғалім биологияның мектеп курсындағы пәнаралық байланыстарының мүмкіндіктерін басты назарда ұстауы керек. Бұл оқушының ғылыми дүниетанымының жоғарыда аталған параметрлерге сай деңгейде қалыптасуына, олардың ақпараттық, интеллектуалдық құзыреттіліктерінің дамуына жеткілікті емес. Сол себептен 7 – сыныптан бастап оқушының есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін АКТ арқылы, сыныптан тыс сабақтарда тәжірибелер жасату мен жеке даму траекториясы» анықталып, салыстырулар жүргізілді.
Қорытындылай келе, соңғы үш жылда білім сапасының 86% артқанын байқадым. Сол тәжірибемді бүгінгі таңда 5 сыныпта жаратылыстану және 7 сыныпта биология пәндерін оқытуда қолданудамын. Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты. Бұл технологияландыру адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда, ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Ақпараттық технология білімді өңдеумен анықталынып, қоғамның материалдық және рухани жағдайын өзгертеді.
Әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасының Білім беру заңы, 2007 жыл, 13 бап, 4-тарау, 16 бап, 4-тарау (2015. 24.11 өзгерістермен).
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «E-learning» электрондық оқыту бөлімі
-
К.С.Құдайбергенева Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы, 2001. -65б.
-
Педагогикалық әдіс тәсілдердің инновациялық технологиясы //Педагогический мир, Өскемен, 2014 ж, №4.
-
О.Т.Солтанбекова. Формирование коммуникативной компетенции будущего учителя. – Семей, 2006. 437-440 с.
