Сагимбаева Анар Тураровна
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы
№ 3 Хромтау орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Сагимбаева Анар Тураровна
Математика, 5 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жай бөлшек ұғымын қайталау, Жай бөлшектерге амалдар қолдана білуге,
жай бөлшек пен бүтін санды көбейту есептерін шешу кезінде тиімді
пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және іскерлікке баулу.Өз бетінше ізденіп,
алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны
тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту кезіндегі білімдерін
жетілдіру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық іс
әрекеттерін қалыптастыру. Өз бетімен есептер шығара білу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Слайд, плакаттар, карточкілер
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, интерт тәсілі, оқулықпен жұмыс
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
ІІ. «Қайталау – графикалық диктант ▬ иә; … жоқ
IІІ. «Кім жылдам» ойыны Инсерт әдісі
ІV. Сөзжұмбақ шешу Сергіту сәті
V. Сәйкестендіру
VІ. Сабақты қорытындылау «Адасқан әріптерді орнына қой»
VIІ. Оқулықпен жұмыс
VIII. Логикалық тапсырма
IX. Үй тапсырмасы.
X. Бағалау
І. Ұйымдастыру.
Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, құралдарын түгелдеу, сыныптың тазалығына көз жүгірту.
-Оқушылар орнымыздан тұрып, көзімізді бір сәтке жұмып, мен айтқан сөздерді қайта қайталайық.
-Бүгінгі сабаққа белсене қатысамын, күн шуағындай жадырап жүреміз.арайлап атқан таңымыз қуанышқа толы.бүгін жақсы деген баға аламын.Орнымызға отырайық. Математика сабағынан « 5 » алғың келсе, сені бүгінгі сабағымызға, белсене қатысуға шақырамыз. Топқа бөліп аламын!
ІІ. Қайталау – графикалық диктант ▬ иә; … жоқ
1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
2. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
3. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады
4. 15 минут сағаттың ¼ бөлігі
5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады
6. Бұрыс бөлшек 1 – ге тең немесе бірден үлкен
7. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін, аралас сандардың бөлшек бөлігін ең кіші ортақ бөлімге келтіру, бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек
8. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.
9. Аралас сандарды көбейту үшін, оларды сол қалпында көбейту керек.
10. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, натурал санды бөлшектің бөліміне көбейту керек.
Графикалық диктанттың жауабы:
0 – 1 – қате 5 ұпай
2 – 3 қате 4 ұпай
4 – 5 қате 3 ұпай
5 қатеден көп – 0 ұпай
IІІ. «Кім жылдам ойыны? ». Инсерт әдісі. Не білесің?
I топ
II топ
III топ
ІV. Сөзжұмбақ шешейік
І топ
Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек
2*2 неге тең?
Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан
Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті өрнек
Б
Ө
Л
у
ІІ топ
Ребус шешу.
1. Бөлшектерді өсу ретімен жаз;
2. Бөлшектердің қатары бойынша әріптерді орын – орнына қойсақ, қандай сөз шығады?
У
Е
Ң
Д
Т
Е
ІІІ топ
1. Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.
2. Бөлшек сызығының астындағы сан.
3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан.
4. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық.
5. Ең кіші жай сан.
6. Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.
V. Сәйкестендіру тесті
1)
А)
2)
Б)
3)
В)
4)
Г)
5)
Д)
6) алымы 5, бөлімі 6
Е)
7) 2 бүтін сегізден бір
К)
8) бестен алты
Н)
Жауаптары:1 – д 2 – б 3 – е 4 – г 5 – к 6 – н 7 – а 8 – в
VI. Оқулықпен жұмыс № 99 (а , ә, б) №101 (а, ә.б)
VIІ. Логикалық тапсырма
1)Жеті жолақ бар еді. Олардың кейбіреуін үшке бөлгенде, барлығы он үш бөлік болып шықты, қанша жолақ кесілген?
2) Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз?
4 7 8
6 3 ?
9 6 6 14 12 16
VIІІ. Үй тапсырмасы. № 102
IХ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Х. Рефлексия
