Сәрсенбі Мағыфура Манапқызы,
Сәрсенбі Мағыфура Манапқызы,
Жамбыл облысы, №12 «Тараз» колледжіні директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі
Жаһандық өркениеттің туындауы мен дамуы,бәсекелестіктің жаһандық сипатқа ие болуы,әлемнің әл-қуатын бөлісуі қай жерде болмасын білім беру жүйесінің табысты болуымен тікелей тәуелді екенін көрсетуіне байланысты бүгінгі таңда білім беру жүйесінің бағыттары,мақсаттары,мазмұны білім алушылардың еркін дамуына,шығармашылық бастамасына,дербес өз бетімен жұмыс істеу қабілетіне,бәсекеге бейімді,болашақ мамандардың оңтайлылығына бағытталып отыр.Талантты және дарынды мамандарға әлемдік сұраныстың артуы, білім деңгейі жоғарылаған сайын экономикалық көрсеткіштің де жоғары болуы,кәсіби біліктілік деңгейіне қарай сұраныс талабын қойды. Осыдан экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты туындады. Өткен ғасырдың басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Аллалап ал кітапты қолдарыңа» деген екен. Ұлт ұрпағына білім беру ісі қай заманда да күн тәртібінен түскен емес.
Әлемдік өркениеттен ойып орын алам деген ниеті бар, білімі мен білігімен орын қосар ел үшін бүгінгі таңда оқу мен оқыту ортасындағы проблемаларды шешу мен анықтау өте маңызды. Еліміздің индустриалдық- инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттігі туындап отыр.Бұл үшін маманның бойында жүйелі ойлау,экономикалық,экологиялық, құқықтық,ақпараттық,кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру, өз қызметіне талдау жасау, кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу, жаңа білімді меңгеру, әр іске жауапкершілікпен қарауды жетілдіру аса қажет.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Барлық жаңғырту үрдісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі – ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады» сөзі басшылыққа алынып, білім беру мазмұнын жаңартудың өзіндік ерекшеліктері дараланып,нақты көрсетілді.Олар:
• құндылықтарды анықтау – бұл маңызды өмірлік бағдар;
• жаратылыстану – математикалық циклы пәндерінің мәнін күшейту;
• үштілдік білім беруді үйымдастыру;
• бағалаудың критериалдық жүйесін қолдану;
• жобалау-зерттеу қызметі үшін жағдайлар жасау;
• оқудағы және өмірлік міндеттерді шешуде алынған білімді қолданудағы оқушылардың бағдары;
• пәндердің ықпалдастығы және жаңа пәндерді енгізу;
• жоғары мектепте жоғары оку орындарына дайындауға мақсатты бағыттау.
Осы орайда еліміздің экономикасына елеулі үлесін қосатын білікті кәсіп иесін дайындау, экономикалық бәсекелестікке барынша дайын кәсіптік-техникалық саланың мамандарын әзірлеу – білім мекемелерінің алдында тұрған маңызды міндет. Бұл міндеттен мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсаты туындайды. Ол үшін оқыту технологияларын енгізу керек.
«Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысының 2-қосымшасында «білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшем шарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірынғай кешені» деп көрсетілген.
Жаңа білім беру бағдарламалары назарды «оқыту үрдісінен» «оқыту нәтижесіне» бұруды, оқутышылар рөлінің өзгеруіне және білім алушыға көңіл аударуды көздейді.
«Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сапалы білімді қамтамасыз ету, халыкаралық рейтингілердегі білім көрсеткішін жақсарту және оның тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың қызметі бойынша мансаптық өсуін, оқытылуын және кәсіби біліктілігінің дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, педагогтердің еңбегін мемлекет тарапынан қолдау мен ынталандыру мәселелеріне баса назар аударылған. Осыған байланысты еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар әрбір педагогтің сындарлы ойлануына, өткені мен бүгінін салыстыруға, ұсынылған тың идеялармен жаңаша жұмыс істеуіне негіз бола алады. Ол үшін еліміздің ұлттық білім беру саласындағы өзгерістердің теориялық алғышарттарын түсіну, оқу үрдісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану, жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда критериалды бағалау жүйесін тиімді енгізу және өздерінің педагогикалық шеберліктерін арттыру, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру қажеттілігін білуі тиіс.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін әр оқытушы өзіне қажетті біліктер мен нақты дағдыларды қалыптастыруы қажет.Оны қалыптастыру үшін оқу үдерісінде пән мұғалімінің құзыретті дамуы, оның өз құзыреттілігінің сипаты (үлгісі), оқыту үдерісін,оқушылар дербестігін,олардың өз қызметі нәтижесіне жауапкершілігін дамытуына бағыттауы, оқушылар білімін бағалаудың нақты және түсінікті болуы арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін әр оқытушы өзіне қажетті біліктерді, нақты дағдыларды, пәні және оқытудың әдістемесі мен технологиялары бойынша қалыптастыруы қажет. Бүл жағдайлардың жүзеге асырылуы муғалімге келесі міндеттерді жүктейді: оқушылар құзыреттіліктерін сабақта және сыныптан тыс уақытта қалыптастыру, олардың өз ойларын, сезімдерін ашық айтуға, кері байланыстың тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс уақытта да еркіндік беру аркылы жүргізу, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу, түрлі технологиялар қорын жасақтау т.б.
Кәсіби құзыретті мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны жеке ізденістерден, зерттеушілік қызметтен, оқушымен және ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Өйткені ой-өрісі жүйрік,бәсекеге қабілетті, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын және өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өзгерісгерге бейім, белсенді әрі шығармашыл, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тек қана кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім қалыптастырады.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері тек теориялық білімге ғана негізделмейді,сонымен қатар ол оның бойындағы ақпараттық, коммуникативтік,әдістемелік құзыреттіліктерге де сүйенеді. Бұл құзыреттіліктердіжетілдіру үшін оқытушы оқу үрдісінде алуан түрлі тәсілдер мен жұмыс түрлерін өзгерте отырып пәндік дидактиакалық материалдарды іріктеуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, ұлттық нысандарына, басқа да әлеуметтік-аймақтық факторларға мән бере отырып әдістемелік жұмыстың жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ете алады.
Әр пән оқытушысы білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қайта қарастыру арқылы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына, зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыруды көздейді. Бүгінгі күні дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол – адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы. Ал оқушының қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын турғысынан талдауы және жана тапсырмаларды орындауда қолдану – жаңартылған білім мазмүнынын нәтижесі. Бұл білім беру саласындағы өзгерістер халықаралық үрдістермен, білім беру бағдарламасын құру теориясымен және оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттармен, жүйелі түрде қолданылатын бағалау тетіктерімен, кері байланыс және рефлексия жүргізумен тығыз байланысты.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы үш негізгі құжатқа – оқұ бағдарламасы, оқу жоспары және оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатындағы критерийлік бағалау жүйесіне негізделген.Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі(критериалды бағалаудың ерекшелігі-алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы, айқындылығы,бағаның әділдігі,өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі).Білім беру бағдарламасының үйлесімділігі ескеріліп, оқу материалдарының күрделілігі спиральді ұстаным қағидатына сүйене берілген және бағдарламалар негізгі дағдыларды қалыптастыруы / зерттеу дағдылары, проблеманы шешу, сын турғысынан ойлау, деректерді өңдеу, жобалау, т.б. / сабақтың әр кезеңдерінде өткізіледі. Әртүрлі педагогикалық стратегияларды, оқытудың әр алуан әдіс-тәсілдерін оқу үрдісінде тиімді пайдалану білім алушылардың нақты жағдаяттардағы іс-әрекеттерді үйренуіне ықпал етеді. Жоспарланған оқу мақсаттарын орындау түрлі әрекеттерде жеке, жұптық, топтық жумыстарды жүргізу арқылы меңгертіліп, бағалау түрлерінің нақты сабақтың қай кезеңдерінде қолданылатыны және оның дескрипторларының айқын болуы ескерілуі тиіс(дескриптор-оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым, ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі). Ол оқу мақсаттарының нақтылануына, ресурстар мен материалдарды тиімді таңдалуына, оларды өзгерту немесе бейімдеу арқылы қолданылуына,сабақ жоспарының тиімді жасақталуына пайдалы. Оқытушының қолдауымен өткен әр белсенді оқу, кері байланыс, сабақтың саралануы және рефлексия жасалуы оқушы жауабын дамытумен қоса, білімнің сапа көрсеткішінің арттырады. Оқыту үдерісінде сәтті ұйымдастырылған жұмыстарда ғана оқушы өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға ұмтылады, жаңаны қабылдауға дайын болады, өмірдің түрлі жағдайларында саналы және жауапты таңдау жасауға қабілетті әрі алуан түрлі мәселелер мен міндеттерді шеше алады. Оқу материалдарын пайдалануда оның мазмұнының шынайы өмірге сәйкестігі, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға,функционалдық сауаттылықты, қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынады. Оқудағы іс-әрекеттің түрлері мен сипатын жобалау білім алушылардың жас ерекшеліктеріне негізделеді, бұл олардың бір-біріне толеранттылық пен сенімділік сезімдерін қалыптастырады. Оқушылардың тапсырмалар түрлерін өз бетімен таңдауы, жүзеге асыруы оларды білуге ынталандырады, жетістікті болу ахуалын орнықтырады. Әр сабақты жоспарлау кезінде жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру түсіністік және ынтымақтастық ахуалына негізделуіне, оқушылар білімінің әділ бағалануына, олардың іс-әрекеттеріне уақытылы қолдау көрсетілуіне, дербестігіне, айрықша ойлары мен түжырымдарының мадақталуына көңіл бөлінеді. Әр сабаққа деректік, теориялық, тәжірибелік материалдар мұқият іріктелуі тиіс. Ең бастысы, олардың бәрі пайдалану үшін мазмүнды жүйелі, тиімді және нәтижелі болып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатын, адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін және сыни тұрғыдан ойлауға бейімдейтін жұмыс түрлеріне жинақталуы тиіс.
Білім мазмұнының тәрбиелік мәнін ашу арқылы білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болу адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру да жүзеге асырылады. Өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылу, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік таныту, салауатты өмір салтын үстану, өзінің және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға ынталы болу көзқарастары қалыптасады. Әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алу, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білу көзқарастарын қамтамасыз ету ескеріледі.Кәсіби құзыретті оқытушы білім алушылардың ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білулері, таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерулері, олардың жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттіліктерін мен көптілді мәдениеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сабақтың қолжетімді оку мақсаттарын қою, жобалау, мультимедиялық құралдарды технологиялармен байланыстыра пайдалану, қарым-қатынас дағдыларын дамытатын тест тапсырмаларын құрастыру, оқытудың белсенді тәсілдері мен әдістеріне сәйкес заманауи сабақ жоспарларын жасақтау мүғалімнің шығармашылық қабілеті мен тынымсыз ізденісіне байланысты. Сол себепті оқытушы әдістемені, қойылған мақсаттарға жету үшін жоспарлаудың жаңа түрлерін қолдануды, білім алушылардың топ ішінде немесе өз бетінше жұмыстарын қатысымдық тапсырмалар арқылы тиімді ұйымдастыру жолдарын нақтылай білуі тиіс.
Сабақта пайда болған психологиялық кедергілерді жою жолдарын таба білуі мен оқушыларға педагогикалык қолдау көрсету тәсілдерін ұтымды пайдалана алуда оқытушының кәсіби құзыреттілік деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан мүғалім оқытудың белсенді тәсілдерін тиімді қолдануы білім сапасының артуына ықпал етумен қоса, білім нәтижесін әділ бағалау жолдарын нақты, айқын жүзеге асыру қажеттілігімен үндесетінін ескеруі керек. Құзыретті мүғалімнің оқыту жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын зерделеу, кәсіби әрекеттерді өзіндік талдауға, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі іске асыруға қажеттіліктерін дамыту, білім беру мазмұнын жаңартуда рефлексияны тиімді тәсіл ретінде пайдалану, окушылармен кері байланыс жүргізу түрлерін меңгеру, оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді және орынды қолдану мүмкіндіктері жоғары. Бүгінгі мүғалім өз оқушысын дүниежүзілік білімнің, әлемдік ақпараттың, нарық экономикасының кеңістіктеріне шығуға, бәсекеге қабілеттілік жағдайында өмір сүруге бейімдей тәрбиелеуі керек. Ол тек кұзыретгі мүғалімнің қолынан келеді. Әрине, ол өз пәні мен кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, ақыл-парасатын, адами қасиеттерін аянбай жұмсау қажеттілігін сезіне білетін және аса жауапкершілікпен қарайтын тұлға екені түсінікті. Өйткені білім беруде мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, окушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, түлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен аткаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман ғана құзыретті оқытушы атағына ие. Қорыта айтқанда, интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп жатқан бүгінгі таңда еліміздің ертеңгі үміті жас жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты кетеруді терең ойлайтын, оқыту үдерісінде педагогикалық алуан технологияны іс тәжірибесінде тиімді қолдана білетін құзыретті муғалім ғана жетістікке жетпек.
