Тлеужарова Айгерим Ерболатовна
С а б а қ ж о с п а р ы
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлеужарова Айгерим Ерболатовна
Сынып: 3«Ә»
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Мақсаты:
Түбір сөз және туынды сөз жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Зейінділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үлестірмелер бойынша, интерактивті тақта, слайд, видео.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: – Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау
ІІІ. Өткенді пысықтау: Үлестірмелер мен жұмыс жүргізу.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Амандасу
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтап сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз.
Ал, балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шеңбер болып тұрайық. Мен қағаз таратам сендер бірін тандандар. Тандаған қағазымызды оқиық және сол арқылы топқа бөлінейік. Ал енді қолымызды нұсқау арқылы көшбасшысын сайлап алайық.
Жарайсындар!
Ү. Жаңа сабақ:
Балалар мен сендерге бір сурет көрсеткім келіп тұр.
Қарандаршы бұл ненін суреті?
Бұл гүл ненін белгісі? Иә
Expo 2017 astana қаласында өткен көрмесі.
Жарайсындар!
Балалар енді мен сендерге Expo 2017 astana қаласында өткен көрме жайлы видео көрсеткім келіп тұр. Барлығымыз интерактивті тақтаға қарайық.
Сонымен біздің Қазақстан Астана қаласында Expo 2017 astana көрмесі өте қызу өтті.
Балалар біздің елден басқа елдерде де Expo көрмесі өткен. Сол көрме өткен елдерден бізге тапсырмалар, есептер келіпті.
Ақш елі – бізге сұрақтар жіберіпті.
- Қаратпа сөз қалай ажыратылады? Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.
-
Сөйлем мүшесі құрамына қалай бөлінеді? Бастауыш және баяндауыш болып бөлінеді
-
Бастауыш сұрақтары қандай? Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі?
-
Баяндауыш сұрақтары қандай? Не істеді? Неғылды? Қайтті?
-
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін не деп атайды? Тұрлаусыз мүшелер.
-
Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары қандай? Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда
Жарайсыңдар!
Португалия елі – кітаптың 120 бетін ашындар депті. Және сол беттегі
19 – жаттығуға қарандар делінген.
19 – жаттығу. Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.
Жұмыс – шы, дос-тық, сый-лық, талап-кер, қызмет-ші, дойбы-шы, ас-тық.
Ереже: Түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз: ерлік , татулық, жұмысшы.
Жапония елінен келген хатта 20- жаттығуды ауызша орындау керек екен.
20 – жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз екенін айт.
Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан.
Сергіту сәті: видео
Италия елінен келген хатта21, 23 – жаттығуларды 2 топқа бөліп орындандар депті.
21 – жаттығу. Мақалды оқып жатқа жаз.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
23- жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Қарамен жазылған сөздепрді сөз құрамына талда. Олардың ішінен туынды сөзді тап.
Шын іскер – жұмыскер,
Жұмыскер – шын іскер.
Жұмысты кім істер,
Жоқ болса жұмыскер.
Испания елінен келген хатта 22- жаттығуды тақтаға орындандар делінген.
22- жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық. Кітапханаға оқушылар,студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар. Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.
Туынды сөздердің астын сыз.
Кітапханаға барғаның жайлы әңгімеле.
ҮІ. Білімдерін тексеру
Қытай елінен келген хатта. 25- жаттығуды орында депті.
25 – жаттығу. Түбір сөзге жалғанатын жұрнақты тауып білгілендер.
-лы
-лі
-ді
-шы
ші
-кер
құрылыс
көңіл
төрбиее
тау
сән
еңбек
жыр
сын
Қандай сөздер шықты? Осы сөздердің әрқайсынан қандай сөздер жасауға болады?
Туынды сөздердің кейбірін қатыстырып екі – үш сөйлем құрап айт.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін не білдік?
Қазақстан елі. Ауызша сұрақтар.
- Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы қандай сөз құралады? Түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.
Туынды сөзге мысал келтір: жұмыс –шы, егін-ші
Кері байланыс : Балалар тілектерін жабыстырады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 24- жаттығу, 121 бет ,бағалау
«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Тлеужарова А.Е.


