№ 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымының
№ 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымының
Тәрбиешісі Жасақбаева.Кенжегул Хамзақызы.
Ақтөбе қаласы
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар.Біздің бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап.
Алақанды соғып қой.
Шөп сарғайып, өңі тайып
Дала сұрғылт тартады.
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Жүргізуші: Ендеше балалар, ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін
Күз ханшайымын шақырайық.
Келші, келші Алтын күз
Келші, келші Жарқын күз.
Мерекні жалғастырып
Ойнап күлші Алтын күз.
Әуенмен Күз ханшайымы кіреді.
Армысыңдар балалар
Күзгі бақтағы қонақтар.
Өздеріне әкелдім.
Күздің сыйын көз тартар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, қолыңыздағы сыйлықтарды балаларға берсек бола ма?
Күз ханшайымы. Бұл сыйымды, балалар еңбек етіп алулары керек.
Жүргізуші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Берекесін сыйлауға
өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ән: Күз.
Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сынғырлап
Би билейік зырылдап.
Би. Жапырақтар
Жүргізуші. Жемістеріміздің өнерлерін тамашалайық.
Қызылша Мадияр .
Ақ түсім бар қант алар.
Қызыл түсім бар қанға нәр
Зияным жоқ біліп қой
Қызылшамын пайдам бар.
Шие Радмир.
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсын көк күйде
Санап қара қанша
Менің атым шие.
Алмұрыт Марғұлан
Тіл үйірер алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттын
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім
Жүргізуші: Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып теріп алған сон
Той жасайтын салтымыз
Мол өнімді жинаймыз
Барлық елге сыйлаймыз.
Келесі кезекті « Шалқан» ертегісіне береміз
Жүргізуші Олай болса әдемі әнімізді щырқап берейік.
Ән.Жемістер.
Жүргізуші Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Би.Күзгі Ән.Жаңбыр
Күз ханшасы Балалар мені сендер сияқты басқа балалар күтіп отыр.Мен соларға барайын. Сау болыңдар .
Тәрбиеші Олай болса күз ханшасының сыйлығын алып топқа барайық.Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.Тек қана молшылықта,амандықта жүздесейік.
