Даулетова Асемгул Төлегенқызы
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Казталов ауылы
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Әлеуметтік-педагог Даулетова Асемгул Төлегенқызы
Сабақтың тақырыбы Білім әлеміне саяхат.
Біздің оқу құралдарымыз.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқу құралдары туралы түсінік бере отырып, оқу құралдарын күтіп ұстауға үйрету арқылы ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түзете – дамыту: 2.Оқу құралдарын ұқыпты жинауға, сөмкеге дұрыс жинақтап сала білуге, кітап, дәптерлерді т.б жыртпауға, сызбауға, қарындаштарды сындырмауға, таза ұстауға үйрету арқылы өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: 3.Ұқыптылыққа,жинақылыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.Түзете –
дамыту арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
машықтық жұмыс жасаған уақытта қауіпсіздік ережелерін
сақтай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сарамандық .
Сабақтың әдісі:әңгіме,сұрақ – жауап, сарамандық.
Көрнекілігі: Оқу құралдары т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа кіріспе, психологиялық дайындық.
Балаларды шеңберге тұрғызу:
-Балалармен амандасу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Түзету жұмыстары.
Балалар, мен сендерге сабағымызды бастамас бұрын бір жұмбақ жасырайын .Сендер оның шешуін тапсаңдар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Шиыр-шиыр жол көп, өзі сөйлей білмейді.
Басқан ізі сөйлейді.
( қарындаш)
1.Оқу құралдарымен таныстыру.
2.Оқу құралдарын күтіп ұстауға үйрету.
3.Өзіне -өзі қызмет ете білуге үйрету, сөмкеге құралдарды ұқыпты салғызып үйрету.
4.Ойын: «Құрал-жабдықтар» дүкені.
5.Сергіту сәті: «Ормандағы аю».
1.Сабаққа қажетті оқу-құралдарымен таныстыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен кеңінен таныстыру.
Балалар оқу-құралдарына нелер жатады бірге атайықшы?
-Кітап, дәптер, қаламсап,өшіргіш, түрлі – түсті бояулар, сурет салуға арналған альбом, түсті қағаздар т.б
2.Балалар жаңа оқу жылы басталды, соған байланысты оқу құралдарымыз да жаңа, осы құралдарымызды біз күтіп ұстауымыз қажет екенін білеміз бе?
Сұрақ – жауап алу.
3. Өзіне -өзі қызмет ете білуге үйрету, сөмкеге құралдарды ұқыпты салғызып үйрету.Оқу құралдарын үнемі сабаққа алып келгенде де үйде де ұқыпты, таза ұстайық. Оқу құралдарына нелер жатады бәріміз бірге тағы да қайталап жіберейік.
Сұрақ-жауап алу.
4.Сарамандық жұмыс.
Дәптерлерін, кітаптарын қаптатып сыртына, өзінің аты-жөнін мекен –жайын толық жазғызып үйрету. Жыртылған кітаптапрды қалай түптеу керек екенін үйрету.Желіммен жапсырмалау әдістерін үйрету.
5. Ойын: «Құрал-жабдықтар» дүкені.
Балалар біріміз дүкенші, қалғандарымыз сатып алушылар (тұтынушылар) болып дүкен ойынын ойнайық.
Ойынның мақсаты: Балаларға дүкеннен түрлі заттар соның ішінде сабақ құралдарын сатып алуға үйрету. Дүкенде өздерін қалай ұстауға, сыпайы сөздерді айтып үйренуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сергіту сәті:
Ормандаға аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
1.Балалар бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?
2.Оқу құралдарына нелер жатады екен?
Бәріміз бірге қайталап жіберейік.
Сұрақ-жауап,бекіту.
