Исмагулова Күлайм Ауезхановна
Исмагулова Күлайм Ауезхановна
Мекен-жайы: Астана қаласы,
№58 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Кешірім.
Роза Әбдіқадырова.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын әңгімелер, сөзжұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен өлеңдер құрастыру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, музыка
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут
Жаңа білім
Бағалау парақшасымен таныстыру
Шаттық шеңбері
Топтарға бөлу. Түрлі түсті конфеттерге жазылған сиқырлы сөздер арқылы топтарға бөлу
1-топ «Кешірімділік»
2-топ «Кішіпейілділік»
3-топ «Әдептілік»
4-топ «Қамқорлық»
Жаңа тақырыпты ашу(көрніс арқылы)
Ойланайық, пікірлесейік
-Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
-Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
-Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Роза Әбдіқадырова. Кешірім.
Өз беттерімен мәтінді түсініп оқиды. Сосын оны бірлесіп топта талқылайды. Содан кейін сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін талдау.
1.Мәтін кім туралы?
2. Тұрсын неге мектептен көңілсіз қайтты?
3.Атайға не болды?
4.Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
5. Атай балалардың қылығын кешірді ме?
6. Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
«Жақсы іс деген не? Жаман іс деген не?»слайд
Биязы мінез тіл алғыш,,
Бал-бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол – ? (жақсы)
Беті-қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап
Бейбастық өссең сол – ? (жаман
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол – ? (жақсы)
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол – ? (жаман
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай.
Ақылды болсаң сол – ? (Жақсы)
Ата –ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол – ? жаман)
Топпен жұмыс
1-топ Тұрсын атайдан қалай кешірім сұрады деп ойлайсыңдар? Сахналау
2-топ сөзжұмбақ шешу
1. «Тақиям толы сөк, ерте тұрсам жоқ»
2. Спорттық құрал
3. Жыл мезгілі
4. Үй жануары
5. Ас ішетін зат
3-топ Әдепті бала қандай болу керек? (балалар топпен бірлесіп әдептілік жайлы сурет салады.)
4-топ Қамқорлық жайлы бес жолды өлең құрастыру.
Оқулық,
мәтіндері
бойынша жұмыс.
Ортасы
5 минут
Қолдану
Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Сергіту сәті
2 минут
Сергіту сәті «Жаңа күн»
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
бағалау, парақшалары арқылы оқушылардың алған ұпайларын есптеп бағалау. Ерекше белсенділік танытқан оқушыларды атап өту.
Ағашқа тілек жазылған жапырақтарды жапсыру
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.
Биязы мінез тіл алғыш,,
Бал-бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол – ?
(жақсы)
Беті-қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап
Бейбастық өссең сол – ?
(жаман
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол – ?
(жақсы)
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол – ? (жаман
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай.
Ақылды болсаң сол – ? (Жақсы)
Ата –ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол – ? жаман)
Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі,
Өзін-өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі дария,
Қап түбінде жатпайды.
Тон бітпеске тон бітсе,
Қағуменен тоздырады.
Жаманменен сөйлессең,
Көңіліңді қалдырады.
Кез болсаңыз суайтқа,
Өтірік айтып нандырады.
Өсекшімен сөйлессең,
Ұрмай-соқпай талдырады.
Жолдас болсаң сараңмен,
Жол үстінде қалдырады
Балаң жақсы болса –
екі көздің шамшырағы.
Балаң жаман болса –
көрінгеннің мазағы.
Жүректен жүрекке. «Ізеттілік әліппесі»
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, қане соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік.
Үлкеннің алдынан….
Кішкене баланы…
Құстарды…
Қыз баланы…
Сабақтан…
Үйге жүгіріп…
Үлкен кісіні…
Оқу құралдарын…
Жақсы болу үшін…
Шешеннің қартайған шағында ел арасында даулы мәселе болып, соны шешу үшін билік айтуға жастар арасынан адам шыға қоймайды. Соған қынжылған Жанқұтты би:
– Қарағайға қарсы бұтақ бітнше, еменге иір бұтақ бітсейші, бір атадан алты жаман туғанша, алты атадан бір жақсы тусайшы, елге тұлға болатын, – деген нақыл сөз айтыпты.
Жанқұттының жыр үлгісінде айтқан накылдарының бірі мынау екен:
Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі,
Өзін-өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі дария,
Қап түбінде жатпайды.
Тон бітпеске тон бітсе,
Қағуменен тоздырады.
Жаманменен сөйлессең,
Көңіліңді қалдырады.
Кез болсаңыз суайтқа,
Өтірік айтып нандырады.
Өсекшімен сөйлессең,
Ұрмай-соқпай талдырады.
Жолдас болсаң сараңмен,
Жол үстінде қалдырады
Балаң жақсы болса –
екі көздің шамшырағы.
Балаң жаман болса –
көрінгеннің мазағы.
Жүректен жүрекке. «Ізеттілік әліппесі»
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала – кішіпейіл бала
Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: Білімділік: Кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, дәптер, оқулық
І. Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
ІІ. Ойланайық, пікірлесейік
Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?
ІІІ. Оқып, үйренейік
Р. Әбілқадырова Кешірім
ІV. Сұрақ – жауап
1. Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
2. Атай балалардың қылығын кешірді ме?
3. Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
V. Дәйек сөз.
Кешірім – ізгіліктің белгісі
Халық даналығы
VІ. Сергіту
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
VІІ. Дәптермен жұмыс
1 – тапсырма
Төменде берілген тапсырмалар бойынша өз ойларыңды жазыңдар.
1. Егер сен кешірім әңгімесіндегі атаның орнында болсаң, не істер едің?
2. Тұрсынның орнында болсаң ше?
VІІІ. Жаңа ақпарат
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.
Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір – бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
ІХ. Жағдаяттарды талдау, сахналау.
1. Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті…
2. Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті…
3. Дәулет сабаққа кешігіп қалды…
4. Алпамыс байқамай Құралайды қағып кетті…
Х. Оқып үйренейік
Ә. Шынбатыров Автобуста
Әңгімеден қандай ой түюге болады?
ХІ. Назар аударайық.
татуласуға бірінші қадам жасау
қателікті мойындау кішіпейіл болу
өзара түсінісу ренішті ұмыта білу
ХІІ. Дәптермен жұмыс
«Досым көп болсын десең…» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
ХІІІ. Мадақтау
ХІV. Жүректен жүрекке
Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім.
Мақсаты: Оқушылардың «достық»құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
— мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері, қағаздан жасалған бұлт, үнтаспа т.б.
Шаттық шеңбері
Балалармен бірге шаттық шеңберін құрып . Бәрі бірге мына өлең жолдарын қайталайды:
Түсінісу
Л.Тілеуова
Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі жайттың?
Ұғыспайды бір – бірін. Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма
Келіспеуі тым қиын. Бәрекелді жарадың!
Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала
Тату — тәтті тұрады. Жауап берді ойланып
Бір – бірімен тайталаспай, «Сыры мұның – түсінісу» —
Қас — қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырып, оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады.
Әңгімені мұғалім айтып береді.
Мақтаншақ жолбарыс
Ертегі
Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын» , — деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.
— Кет қазір, менің бағымнан! – дейді жолбарыс қаһарланып.
— Біраз сайрасам қайтеді? – депті бұлбұд жалынып. Жолбарыс:
— Мен саған сайрағанды көрсетейін! – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір – екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қойарға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.
Оны көрген қарға:
— Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.
— Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным – ай ! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:
— Жүріңіз мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді инесімен оп – оңай суырып тастайды, — деп оын жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.
— Менің инелерім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған найзаны да алып береді, — деп аюдың үйіне алып барады. Аю мән — жайға қаныққан соң:
— Е мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.
Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.
— Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып –ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, — депті піл.
Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән – жайды түсіндіреді.
Қолтырауын:
— Менің тісіме тікен ілікпейді. Аану бақта бұлбұл бар. Ол — өте мейірімді құс. Барып өтін, оп – оңай алып тастайды, — депті. Бәрі жиналып бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм – мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.
Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешіпім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын — сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.
Мұғалім балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.
• Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
• Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
• Сендерде де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Дәйексөз
Балалардың жауаптарын мұғалім дәйексөзбен түйіндейді.
— Адамдар абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.
Ойын – жаттығу
Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жаслаған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.
Мұғалімнің балаларды 3 – 4 топқа бөлуіне болады. Әр топ күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда 3 – 4 гүл жасалынады. Әр топтың балалары жазған сөздерін дауыстап оқуына болады. Бұлттар алынып тасталады.
Жағдаяттарды талдау
1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.
— Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдина мен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:
— Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, — деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.
— Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.
Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.
• Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
• Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?
• Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады.
— Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді.
Сергіту сәті
Оқушылардың денесін сергітіледі.
Бес топқа бөлінген балалар қол ұстасып бес шеңбер құрып еденге отырады. Мұғалімнің «Қане тұрайық!» деген сөзін естігенде бәрі бірдей қимылмен қолдарын жібермей бірге тұру керек. Тұрған соң қол ұстасқан күйі артқа шалқайып, ашылып келе жатқан гүл шоғырын бейнелейді.
Жаттығуды толық меңгергенше қимылдарды бірнеше рет қайталауға болады.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады.
«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет ».
Тапсырма
Сабақта оқушылардың білімдерін шыңдау үшін мынадай тапсырма беріледі:
«Сыныптастарыңмен келісімге келіп, кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар».
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақтан түйген ойлары тапсырма арқылы бекітіле түседі.
— Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін…» айдарымен берілген бол жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
— Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.
Жүректен жүрекке
Мұғалім балалармен бірге шаттық шеңберін құрып дөңгелене тұрады.
А. Оразақынның «Татуласу» өлеңін бәрі бірге қосылып оқиды.
Татуласу
А.Оразақын
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, қане соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік.
Кешірімділік-көңіл кеңдігі
Мақсаты: кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйреті.Міндеттері:
Білімділік- «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру
Дамытушылық- айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру
Тәрбиелік-кешірімділікке тәрбиелеу
Шаттық шеңбері: Т.Молдағалиевтің «Адам» өленің хормен айту
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнің.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қ-сы Адам боп өтейік, Адам боп туған соң. Мақсатқа жетейік, Мақсатты қуған соң.
Әңгімелесу: берілген сұрақтарға жауап беру
1. Кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
3.Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме? 4.Сені қандай жағдай өкпелетіп, ренжітеді?
5.Басқаларға деген өкпе-назыңның себебіне үңіліп көрдің бе?
Оқу ақпараты: Адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа өкпе, реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек. Өкпе, реніш-адамның көңіл күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.Берілген өлең жолдарын оқып, ондағы ой тұжырымдарды
Көзқарас-Себеп-Мысал-Қорытындылау әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.
Ә.Рудаки
Өмір маған ақыл айтты-сол ізгі,
Қарап тұрсаң, өмір-ақыл теңізі.
Өмір айтты: бақытты деп өзгелер, Күйінбесең, саған рақат кез келер.
Қанағат көр басындағы бағынды,
Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағынды.
Өмір айтты:
Тоқтата біл ашуды,
Опа таппас бұл дүниеде ашынған.
Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,
Бұғаулатар екі аяғын түбінде.
Жүректен жүрекке
Мен жайдары, ақ көңіл және белсендімін
Менің қолымнан барлығы келеді
Мен айналама тек жақсылық тілеймін
Мен бақыттымын
