Алманиязова Гулбакыт Амангосовна
Алманиязова Гулбакыт Амангосовна
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің математика пәні мұғалімі
8 класс, алгебра
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық үшмүше. Квадрат үшмүшелікті
көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат үшмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеуге үйрету
Дамытушылық: Квадрат үшмүшеліктердікөбейткіштерге жіктеуге квадрат теңдеулердің түбірін табу алгоритмін қолдана білу
Тәрбиелік: Өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару, ізденіс.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу (сынып үш топқа бөлінген).
- Әр топ өз тобының атын, ұранын айтуы тиіс.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: баяндау әдісі арқылы № 229-230; № 235-236.
ІІІ. Негізгі бөлім: Бұл сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін мына сұрақ- жауапты шешуіміз керек екен:
- Квадраттық үшмүше дегеніміз не?
- Квадраттық үшмүшенің түбірі дегеніміз не?
- Оны қалай табамыз?
- Квадраттық үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
- Биквадраттық теңдеу дегеніміз не?
Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатта ол бір аралға тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Оның қандай бағытта жүру керектігін анықтау үшін ауызша есептер шығару арқылы табамыз.
Ауызша есептер:
- х2 -3х-4=0 теңдеуін шешпестен түбірін тап. (-1; 4)- Ш.
- Квадраттық үшмүше мына көбейтінді түрінде жіктелген:4(х+8)(х-19).Түбірін тап.(-8;19)- Ы
- Түбірлері х1, х2 болатын теңдеуді жаз. х1 =6, х2= -2 . (х2-4х-12 =0)- Ғ.
- а- ның қандай мәнінде теңбе- теңдік тура: х2+ 3х+а = (х+2)(х+1). (а =2)- Ы
- Бөлшекті қысқарт:
Яғни, баласы шығысқа қарай бет алады. Шығысқа қарай қанша жүру керектігін білу үшін мына тапсырманы қатесіз орындау керек:
Теңдеуді шеш:

