| Сабақ негізделген оқу мақсаты |
Оқушылар аудиовизуалды материалдар бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің негізгі ойын анықтайды, өз көзқарастарын білдіреді, білімдерін бағалайды, ауызекі сөйлеуін дамытады , топта бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады, топ мүшелерінің пікірлерін құрметтеуге тәрбиеленеді |
| Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, негізгі ойды анықтайды;
Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, негізгі ойды анықтайды, қосымша мәліметтер ұсынады |
| Тілдік мақсаты |
Негізгі сөздер мен тіркестер: субұрқақ, субұрқақтар күні, субұрқақта шомылады
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер/ Алматыда субұрқақтар бар ма? Олар қандай? «Субұрқақтар күні » қалай тойланады?
Талқылауға арналған тармақтар: Саған субұрқақтар ұнайды ма? Әлемдегі ең үлкен субұрқақты білесің бе? |
| Басталуы
10 мин. |
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық ахуал жасау. Шаттық шеңбері. /2 мин/ Оқушылар бір – бірлеріне тілек білдіреді. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Әуенжазба тыңдап /су тамшылары, сылдырлаған су дыбысы /, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мен субұрқаққа барамын.
Сен субұрқаққа барасың.
Сіз субұрқаққа барасыз.
Ол субұрқаққа барады.
Сөздік жұмысы. Субұрқақ – фонтан – fountain |
әуенжазба
Субұрқақтың суреті |
| Ортасы
30 мин
Сергіту сәті
Кері байланыс
Рефлексия. |
Үнжазбадан мәтінді тыңдайды. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді тыңдайды; 2. Мәтінді оқиды; 3. Мәтіннің желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. 4. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін үш сөйлемді анықтайды. 5. Үш сөйлемнен негізгі ойды білдіретін үш сөзді анықтайды. Топтық бағалау. Критерий: мәтіннің негізгі ойды білдіретін сөздерді табады; Дескрипторлар: 1. Мәтіннің мазмұнын түсіне алады; 2. Мәтіннің желісі бойынша сұрақтарға жауап бере алады; 3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды; 4. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін үш сөзді табады;
Әлемдегі ең үлкен субұрқақты білесіңдер ме? Оқушыға алдын ала тапсырма берілген. 2 – тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.
![image-166-png]() ![image-167-png]() 4 – тапсырма. «Кім көп біледі?» Әріптерден сөз құраңдар. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңімпаз атанады. А,ж,қ,ы,о,қ,д,н,ң,ғ,ә,с,ү,ұ,п,т,і,е,л,м «Біздің Қазақстан» өлеңі жатқа мәнерлеп оқылады. «Өз миыңды суретте» сабақта меңгерген білімдерімен толықтырады. Үй тапсырмасы: «Біздің Қазақстан» өлеңді жаттау, сөздік
Оқушылар сабақ соңындағы көңіл – күйлерін білдіреді |
үнжазба
оқулық
смайликтер
Бейнежазба.
Оқушының мәліметі
тақта, оқулық, суреттер
әріптер
стикерлер |