Кусаинова С.Г.
«Балапан» бірінші кіші тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности
в первой младшей группе «Балапан»
Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц, год проведения: «25» сәуір 2017 ж./г.
Тәрбиеші/Воспитатель: Кусаинова С.Г.
Білім беру саласы/ Образовательная область:Коммуникация, таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/
/Раздел организованной учебной деятельности: Сөйлеуді дамыту,сенсорика,сурет салу, көркем әдебиет
Тақырыбы/ Тема:«Күнді іздеуге шығайық» (Ашық сабақ)
Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды,геометриялық пішіндерді іріктеуді бекіту.Балалардың жануарлар туралы білімдерін бекіту. Сұрақтарға сөзбен және екі, төрт сөзден тұратын сөйлемдермен жауап беруге үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Тәрбиеші соңынан белгілі бір бағытта қозғалу дағдыларын қалыптастыру, Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстау дағдыларын жетілдіру.Есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды, саусақпен сурет салуды қалыптастыруды жалғастыру. Ойын барысында балалардың сөздік қорларын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача:Экологиялық тәрбие беру, табиғатқа, жануарларға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа баулу.
Көрнекі құралдар/ используемый материал: күннің,бұлттың суреті, желдің соққан дауысы, күн, доптар мен ыдыстар, су,көпір және геометриялық пішіндер, қоян ойыншығы, шыршалар.
Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: Күн-солнце- sun , қоян- заяц-hare
| Іс-әрекет қызметі/
Этапы деятельности |
Тәрбиешісінің іс-әрекеті/
Деятельность воспитателя |
Балалардың іс-әрекеті/
Деятельность детей |
| Мотивациялық-қозғаушы
Мотивационно-побудительный |
Балалар бүгін бізге топқа қонақтар келіпті.
Кәне бәріміз амандасайық.
Шаттық шеңберін құрады. Қайырлы таң, Күн ана Қайырлы таң , Жер ана. Қайырлы таң, Аспан ата. Қайырлы таң, достарым. Сендерді көргеніме қуаныштымын. -Балалар, күн жарқырап тұр еді ғой қайда жоғалып кетті? Бұлт шығады да күн жоғалып кетеді. |
Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып, қимыл-қозғалыстарын жасайды. Таңырқап қарайды. |
| Іздену -ұйымдастырушы
Организационно-поисковый |
Балалар күнді іздеуге жолға шығайық.
Тілдің үштұғырлығы: Күн-солнце- sun (сан) 1. Желдің гуілдеген даусы шығады. -Жел, сен күнді көрген жоқсын ба? -Ой ,балалар бізге бір кедергі болып тұр, мына жерде жатқан доптарды түстеріне байланысты жинап, ыдыстарға салсақ, жел бізге жол көрсетеді, ары қарай өткізеді.
Кедергіден өттік,ары қарай жүреміз.
Ол үшін көпірді жөндеп беруіміз керек екен. Мына жерде көпір бар. Бірақ бізге судан өту үшін көпірді жөндеу керек.ол үшін геометриялық пішіндерді тиісті орындарға қою керек.
3.Келе жатқанда жолда шырша өсіп тұрады. – Не өсіп тұр? -Түсі қандай? – Жапырақтары қандай? тікенекті Ол бізге таза ауа береді. Мұрынмен демалу. Шырша артында отырған қоянды көреді. Ол көңілсіз онымен ойнайық. Тілдің үштұғырлығы: қоян- заяц-hare Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян. Естіп қалып сыбдырды. Ойлы -қилы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді.
Шөре -шөре лағым. Тентек болма шырағым. Секектеме деміңді ал. Селтеңдемей құлағың. Сенің атың -балапан Менің атым-балақан. Балапандар шоқуда Балақандар оқуда. Торғай,торғай торғайсың. Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал. Сонда аязға тоңбайсың. Домала доп домала, Балшыққа тек жолама Жек көремін оныңды Бүлдіресің қолымды. Күннің суреті шығады.
|
қайталайды
желдің дауысын естиді. Балалар доптарды түстеріне байланысты жинап ыдыстарға салады. Сары түсті доп. Көп доп. Сылдырап аққан судың дауысын естиді. Геометриялық пішіндерді тиісті орындарға қоюды, атайды. Жауап береді Көпірден өтеді. Шыршаны көреді Шырша өсіп тұр. Түсі жасыл. Мұрынмен демалады. Қоянмен амандасады қайталайды Ойын ойнайды, қимыл -қозғалысын көрсетеді. Қоянның құлағы ұзын. Құйрығы қысқа . Аяқтары бар. Тақпақтар айтады. Қуанады . Күн бұлттың артына тығылып қапты. |
| Рефлексивті-түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий |
Міне , тобымызға да келдік.
Саусақпен күннің суретін салайық. Балалар сендерге серуен ұнады ма ? – Бүгінгі серуен сендерге ұнап, көңіл-күйлерің көтеріңкі болса, көңілді смайликтерді, ал қиыншылықтар болса, көңілсіз смайликтерді таңдайық. – Сен неге бұл смайликті таңдап алдың? – Саған не ұнады? – Жақсы, келген қонақтарымызбен қоштасайық, сау болыңыздар! Суретті бояуды сыйлау. |
Топқа қайтады.
Балалар саусақпен күнді салады. Балалар смайликтерді таңдап алады. Өз ойларын айтады. |
Күтілетін нәтиже\Ожидаемый результат:
Білу / Знать:дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауды, ақпаратпен бөлісуді, көлемі жағынан шағын тақпақтарды. Түстерді -қызыл,жасыл,сары ,көк; геометриялық пішіндерді- үшбұрыш, шаршы, дөңгелекті.
Түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды,геометриялық пішіндерді іріктеуді.
Түсінуге тиіс / Иметь:шыршаның үнемі жасыл түсте болатынын.
Істей білу керек/ Уметь:Түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды,геометриялық пішіндерді іріктеуді. Қойылған сұрақтарды түсініп, оларға сөзбен және қарапайым сөйлеммен жауап беруді. Қоянды сипаттауды
