Аймуханбетова Арай Жумашевна
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, «Қазақстан орта мектебінің» химия-биология пәні мұғалімі Аймуханбетова Арай Жумашевна
| БЕКІТЕМІН | ПӘНІ | Биология | Сыныбы | 6 | МЕРЗІМІ | ||||
| ТАҚЫРЫП | Жасушалық құрылымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар. | ||||||||
| МАҚСАТЫ | Жасушаның құрамдас бөліктері туралы баяндау. Жасушадағы органоидтардың әрқайсысының атқаратын қызметтері мен жасушалық қосындылар туралы білім беру. | ||||||||
| КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ | Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;
Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді; Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді; Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді; Ақпараттық білімдері сараланады; |
||||||||
| КЕЗЕҢДЕРІ | РЕСУРСТАР | САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ | ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ | БАҒАЛАУ | |||||
| Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут) |
Биология оқулығы | Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа «Ормандағы жануарлар» биінің ұимылдарын қайталау ұсынылады. | |||||||
| Қызығушылық
ты ояту (3 минут) |
«Биолог анықтамалығы» журналы | Оқытушы мәтіннен 4-5 басты сөздерді таңдайды және тақтаға жазады.
«а» нұсқасы: Жұптарға миға шабуыл әдісімен осы терминдерге жалпы түсініктеме беруге және олар келесі мәтінде қалай қатысатынын болжауға 5 минут беріледі. «б» нұсқасы: Оқушыларға топта немесе жеке түрде берілген басты терминдерді қолданып баяндаманың өз нұсқасын құру және жазу ұсынылады. |
Жекеленген оқушыларға көмек | Стикер арқылы бағалау | |||||
| Мағынаны тану
(20 минут) (5 минут) |
Биология оқулығы
Интернет желісі материалдары |
1 саты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не біледі және не ойлайтынын жазу ұсынылады;
2 саты: Ақпаратпен алмасу. Тиімді пайдалануға ұсыныстар: 1. 1-сатыда 5-7 минуттық қатаң лимит; 2. Талдауда ойлар сыналмайды, бірақ қайшылықтар жазып алынады; 3. Айтылған ұсыныстардың жедел жазылуы. |
Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады | Фактілерді
баяндайды Мадақтау (3шапалақ, |
|||||
| Рефлексия
(10 минут) |
«Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекіту | Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау | 2-жұлдыз,
1-тілек. |
||||||
| Қорытындылау | Үйге тапсырма: Үш қатарға:
І қатар:плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар; ІІ қатар: митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері; ІІІ қатар: жасушалық қосындылар. «Стоп кадр» әдісімен бекіту. |
||||||||
