Шардарбекова Ментай Адырбеккызы
Шардарбекова Ментай Адырбеккызы
Талас ауданы Тамды ауылы Акниет балабақшасынын тәрбиешісі
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Туған өлкем
Мақсаты: 1. Балалардың өз Отандары Қазақстан Республикасы және туып өскен жерлері туралы білімдерін кеңейту.
- Отынына деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
-
Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: көрсету түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Көрнекіліктері: слайд, суреттер
Билингвизм: туған өлкем-родной край, отан-родина
Сөздік жұмыс: Отан, туған өлке
Инклюзитивті әлеумет: Баяу балалармен жұмыс.
| Іс-әрекет бөлімі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру Іздестіру Сергіту сәті Рефлексивті түзету |
Қолдарын кеудеге қойғызып Әнұран айтқызу
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді Әнұраннан бастаған себебіміз, біздің Отанымыз, Туған өлкем жайында айтатын боламыз. -Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? -Елордамыз қай қала? -Елбасымыз кім? -Отан дегенді қалай түсінесіңдер? -Біздің тұрып жатқан жеріміз, туған ауылымыз қалай аталады? -Жарайсыңдар, балалар! Біздің туып өскен жеріміз – Тамды ауылы. Ауылымыздағы қандай мекемелерді білесіңдер? -Өте жақсы -Ал, сендер келіп жүрген балабақшаның аты қалай аталады? -Балалар, естідіңдер ме? Бізге қонақ келген сияқты. (Осы кезде есіктен Білімпаз Ата кіріп келеді) Білімпаз ата: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Білімпаз ата: -Балалар, 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі жақындап келеді. Ал, сендер өз Отандарың Қазақстан туған өлкелерің туралы не білесіңдер? Білімпаз ата: -Ендеше, мен сендердің ақылдарың мен білімдеріңді көрсем деймін. Тәрбиеші: -Білімпаз ата, сіз біздің балаларымыздың білімдерін көргіңіз келсе, онда біздің тобымыздың орталықтарына қош келдіңіз. 1-орталық: «Өнер» орталығы «Өнер» орталығында ертегілер еліне саяхат жасаймыз. 2-орталық: «Көркем сөз» орталығы (Тақпақтар айтылады) 3-орталық: «Мақал-мәтел» орталығы 4-орталық: «Құрастыру» орталығы Алдарында тұрған картаның қиындыларын құрастыру ұсынылады. Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Қолымызбен көк тіреп, Киіз үйді құрайық. -Білімпаз ата, сіздің балаларымыздың білімдері қалаң екен? Білімпаз ата: -Мен балаларға риза болдым. Өте білімді, ақылды екен. Мен енді Білімділер ордасына қайтайын. Сау болыңдар балалар! -Балалар, сендер өз туған өлкелеріңді қалай жақсы көретіндеріңді білімдеріңмен көрсете білдіңдер. Ендеше, мына жүрекшелерді алып, осы жүрегімізбен отанымызға, туған өткемізге, жылы сөздер айтып, мына карта бетіне орналастырайық. Ашық оқу іс-әрекетін сұрақтар қою арқылы қорыту. Балаларды мақтап – мадақтау. |
Қолдарын кеудеге қойып әнұранды орындады.
-Қазақстан -Астана -Н.Ә.Назарбаев -Отан дегеніміз – ол біздің туған жеріміз, ауылымыз. – Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды ауылы -Әкімшілік, Мешіт, Кітапхана, Мәдениет үйі, Мектеп, Балабақша. -«Ақниет» балабақшасы Сәлеметсің бе Білімпаз ата? -Білеміз -Балалар «Бауырсақ» ертегісін сахналайды. -Айымжан: Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем. Мейіржан: Туған жер сәніміз, Мәуесі мол бағымыз. Саясында жетілер, Балдай бала шағымыз. Еркеназ Туған жерім-кең далам, Қандай ыстықсың сен маған. Туған жерім-Қазақстан, Әнге қосам әрқашан. Нұрайдар Алтын астық даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем. 1.Отан-отбасынан басталады. 2.Отан-оттан да ыстық. 3.Туған елдей-ел болмас. Туған жердей – жер болмас. 4.Ата қоныс-алтын қоныс. 5.Туған жер-тұғырың, Туған ел-қыдырың. 6. Туған жерге туын тік. Қазақстан картасын құрастырды. Шеңберге тұрып, қимылмен орындады. -Сау болыңыз, Білімпаз ата! 1.Менің Отаным-өте сұлу. 2.Менің Отаным-өте әдемі. 3.Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады. 4.Менің Отанымда өте бауырмал адамдар тұрады. 5. Менің Отанымның табиғаты тамаша. |
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Ақниет» балабақшасының тәрбиешісі
Шардарбекова Меңтай Адырбекқызы
Тамды ауылы
