Сабақтың тақырыбы: Техникалық модельдеудің әдістері. Белдік ті әйел бұйымдарын техникалық модельдеу. Қымтымаларды ауыстыру.
ОҚО. Шымкент қаласы
№72 жалпы орта мектебі
Технология пән мұғалімі
Ногаева Малика Темуровна
Сабақтың тақырыбы: Техникалық модельдеудің әдістері. Белдікті әйел бұйымдарын техникалық модельдеу. Қымтымаларды ауыстыру.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға қымтымаларды ауыстыру тәсілдерін үйрету
- Дамытушылық : қымтымаларды ауыстыру дағдыларын қалыптастыру
- Тәрбиелік: оқушыларды қымтымаларды ауыстыру кезінде ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Өзіндік жұмыс.
Құрал саймандар : Сантиметрлік таспа, қарандаш ,сызғыз,қағаз А4,түрлі түсті қағаз, желім.
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Жаңа тақырыптардың мазмұны мен жүйесі:
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», — деген екен.
Модельдеудің екі түрі болады:
1) көркемдік (шығармашылық); 2) техникалық.
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қолтық ойындысына, мойындыққы, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай). Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
4. сабақтың практикалық бөлігі. Кіріспе нұсқау. Омырау букпесін ауыстыру ережесі.
а) бүкпнің жаңа орнын белгілейді. б) бүкпені кеседі.
Модельдеу омырау бүкпесін ауыстыру әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
1. түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.
2. нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бойының жартысын қияды.
3. жаңа бүкпені орналастыратын орынды белгілейді.
4. белгіленген сызықтар бойымен қияды.
5. алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.
6. омырау бүкпесін нобайсызығына сәйкес ауыстырады: а) бүйір; ә) қолтық ойындысына; б) мойындыққа; в) бел сызығына; г) алдыңғы бойдың ортасына қарай.
Сабақты қорытындылау:
- Шалбардың ұзындығын қалай анықтаймыз?
- Бөксе сызығының деңгейін қалай анықтаймыз?
- Отыру биіктігінің сызығын қалай анықтаймыз?
- Бел сызығы бойынша белдің енін қалай анықтаймыз?
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: Шалбардың артқы жартысын құру


