Тәрбие отбасынан басталады
Тәрбие отбасынан басталады
ОҚО, Шымкент қаласы 127 жалпы орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Тұяқбаева Жанар Құрақбайқызы
Ата-ананы құрметтеу.
Қазақтың ұлы ақыны, жазушы Абай Құнанбаев атамыздың «… Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар», – деуі жай нәрсе емес. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. Ата-ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі өмірдегі асыл қазынасы. Ана мен әкенің бізге деген ыстық махаббаты шексіз. Ойлап қарасақ, саусақпен санарлық жандар анасына – құрмет, әкесіне ізет білдіріп жатады. Бірақ біз қазақ деген бабаның киелі ұрпағымыз. Сол себепті әрқашан ата-аналарыңды сыйлаңдар.
Осы ойымды салмақтай келе мына бір жайтты айта кеткім келіп отыр. Өмірде ана алақанының қызуымен, әке-шеше мейірімін, тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек. Ғалымдар аналарынан айырылған маймыл балалары үшін екі қуыршақ маймыл ана жасайды, біріншісі омырауынан сүт шығатын бірақ денесі қатты және суық болады, екіншісі омырауында сүті жоқ бірақ денесі жылы да жұмсақ етіп жасайды. Маймыл балалары сүті болмаса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдайды. Міне бұдан түйеріміз, кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Үлкендерді сыйлау – қазақ халқының ата салты. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» – деген халқымыздың дана сөзі бар. Үлкенді сыйлау – ең алдымен ата-ананы сыйлаудан басталады. Өз отбасын өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оны ер жеткенде отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Қазақ халқы «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп ежелден дария кеуде тау мүсін, отбасының бірлігін сақтап, берекесін келтіріп отырған қарттарымыз асқар тауға тең. Сол қария ата-әжелерімізді құрметтеуіміз керек. Ата-әженің ақылымен өскен бала өте тәрбиелі, мейірімді, биязы, салмақты болып өседі. Отбасындағы ана мейірімінен кейінгі балаға ерекше әсер ететін фактор ол әпке және жеңгелер. Баланың мейірімді, сыпайы, салмақты болуына септігін тигізетін, тұлғалар осы әпке мен жеңгелер яғни егер бала осы үлкендерді анасындай сыйлап, құрмет көсетсе, осы кісілерден жақсы қасиеттерді үйреніп алуына керемет мүмкіндік болады. Қазақ халқының ұл балалары да әпке жеңгелерін сыйлаған. Жеңгелерімен қайнылары, әпкелері мен інілері сырын айтатын сырлас болған. Қазақ ата бабамыз айтқандай бір – бірімен жақын араласқан адамдардың арасында сынықтан басқаның бәрі жұғады демекші. Адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттің бәрі өз әсерін тигізеді. Қазіргі жастардың үлкендерден үйренетін ізгі қасиеттері өте көп. Әр бала бақытты өмір сүруіне айналасындағы адамдардың қолдауын қажет етеді. Ал, әр бала қолдауды өзі сыйлап құрметтейтін ұстазы, ата-анасы, аға-әпкесі және жеңгесінің мейірімділіктерінен табады.
