№ 3 Ақкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғал імі Отарбаева Жазира Токтасыновна

Ақмола обл. Ақкөл ауданы Ж.Бектұров атындағы

№ 3 Ақкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Отарбаева Жазира Токтасыновна

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасының берілуі.
2.Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. 3. Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету. Ақын шығармалары арқылы балалар бойына адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту, сұхбат жүргізу

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі

Күтілетін нәтиже: Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану, жүйрікті баптау, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, интерактивті тақта, оқушының дәптері

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айту

Сұрақ жауап жүргізу:

А) Бұл өлеңде ақын қандай адамгершілік,асыл мінездерге үндейді?

Ә) «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдарын қалай түсеніміз?

ІІ.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғар» әдісі

(интерактивті тақтадағы ойқазығы етіп алған пікірлерді оқу)

ІІІ. Жаңа сабақ «Мағынаны тану» кезеңі

а) Абай ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер-білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру. 1845-1904 жылдарда өмір сүрген, қазақ әдебиетінің атасы, қазақтың Ұлы ақыны Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.Әжесі Зере, анасы Ұлжан. Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер жазған, сазгер, аудармашы (араб, парсы, түрік, орыс ақындарының шығармасын аударған)

Абайтегі: 1.КішІк.2. Әйтек.3.Олжай.4.Қайдос.5.Ырғызбай.6.Өскенбай.7.Құнанбай.

Аналары:

  1. Күңке-Құдайберді-Шәкәрім.
  2. Ұлжан –Тәңірберді, Абай,Ысқақ, Оспан

  3. Айқыз – Халиолла, Ысмағұл

  4. Торғай (Нұрғаным) – бала жоқ

ә) Абай туралы не білеміз? тақырыбына сұхбаттасу

б) Өлеңнің тақырыбы, аттың сыны — жаратылыстың жанды бір бейнесі болған бәйге атқа арналған өлең. Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын өзгеше түсінеді. Соның ішінде бәйге аттың орны мүлде бөлек. Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауызша әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» болып жырланып келген. Абай өмір кешкен кезде де ат – ер

қанаты жүйрік ат, әсіресе, қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі екендігі.

Өлеңді видео арқылы тыңдату.

б) интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелерін көрсету, сондай-ақ, ақын суреттеуінен аттың түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс-желісі бейнелі сөздермен айшықталғаны жайлы оқушыларға мәліметтер беру.

г) Мұғалімнің түсіндірмесі: Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталатын болсақ, мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай-ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі ақынның шындығы болып келеді. Немесе «арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір-біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз-қалпында алғанда тым қарапайым-ақ. Ал қоянның жағы – ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр. Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.

ІҮ Топқа тапсырма «Ойтолғаныс» кезеңі 3-топқа тапсырма беру.

1-топ

Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап , мысал келтір Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап
шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке Қой

1.Қорада қой су ішіп тұр

2.Кітапты орнына қой

Ой

1.Оның ойы ұшқыр

2.Ауыл ойға қарай қоныстепті

Жақ

1.От жақ

2.Адамның дене мүшесі

3.І,ІІ,ІІІ жақ

Қой

Жақ

Ауыз

Жал

Ой

2-топ

Батырлар жырындағы, ертегілердегі батырлар Астына мінген тұлпары
Алпамыс батыр Байшұбар
Қобыланды Тайбұрыл
Ертөстік Шалқұйрық
Кендебай Керқұла

3­топ:

Сөздердің сәйкестігін тап
Кекілі

Құлағы

Мойны

Жағы

Қабағы

Құйрығы

Аяғы

Тісі

Тұяғы

Ерні

Бақайы

Төсі

Жалы

сырты

Қой

Салпы

Күлте

Шоқпардай

Майда

Тояттаған бүркіттей

Қысқа

Тақыр

Жұмыр

Ұзын

Тік

Келте

Бөкен

қоян

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі

Топқа тапсырма:

І топ: Жылқы малы туралы мақал­ мәтел

Ат биеден,

Аруана түйеден.

Тұлпар шаба жетіледі,

Сұңқар ұша жетіледі. Ат құлыннан,

Батыр баладан.

Ат тұяғын тай басар.

Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.

ІІ топ: Ұлттық ойындар:

Бәйге, Теңге ілу, қыз қуу, көкпар т.б

ІІІ топ: Ат әбзелдерін жазу. Ер тоқым, Қамшы, үзеңгі. Белбау, Ауыздық т.б

Сабақты бекіту:

«Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару)

  1. Кім? Не? Абай
  • Қандай? Ақылды, зерек

  • Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды

  • Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны

  • Синоним Абай — ақын

  • Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

    1.«Ат-ер қанаты» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?

    1. жылқы малының пірі кім? Адам баласына пайдасы қандай?
  • Жылқы малы туралы қандай ән, би, күй аттарын білесіңдер?

  • Ән, би, күй аттары: «Бозжорға», «Жылқының әні», «Көкшолақ», «Құлагер», «Жылқы ішінде бір ала», «Қаражорға», «Ақсақ құлан» т.б.

    Ү. Үйге тапсырма беру кезеңі

    1-топқа. Өлеңнен өздеріңе ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жатқа оқу

    2-топқа мазмұнын қара сөзбен жазу.

    3-топқа теңеу сөздерді жазу,аттың суретін салу.

    ҮІ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше