Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар | Мектеп: | ||||||||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
| Сынып: 5 | Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||
| Сабақ тақырыбы |
Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? |
||||||||||||
| Сабақтың түрі | Жаңа білімді игеру сабағы | ||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау | ||||||||||||
| Бағалау критерийлері | 1.Сақтардың А.Македонский әскеріне қарсы күресін сипаттап әңгімелейді. 2.Сақтардың халықаралық аренадағы роліне баға береді. |
||||||||||||
| Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология
Тайпа,тайпалық бірлестік, абыздар,жауынгерлер,егіншілер мен малшылар Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, археология, оба, қорған,ескерткіш ат әбзелдері Жазылымға арналған тіркестер: – Сақтар мен А.Македонский әскерлері арасындағы шайқас туралы сипаттап, жаза алады. – Картамен жұмыс жасап,негізгі белгілерін жазады. |
||||||||||||
| Құндылықтарды дарыту | Осы тақырыпты оқыта отыра, оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтардың \бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара келісім\ мәні мен мазмұнын түсінуге бағыттау. | ||||||||||||
| Пәнаралық байланыстар | Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті «Ескендір» поэмасы А.Құнанбаев | ||||||||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Сабақ кезінде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнеролик , презентация көрсету. | ||||||||||||
| Бастапқы білім | Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары туралы біледі. | ||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
| Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту кезеңі 3-мин 2-мин |
Оқушылармен сәлемдесу
«Миға шабуыл» Бұл бейнероликте баяндалған оқиға қайжерде болып жатыр? Басты кейіпкері кім деп ойлайсыңдар? Сіздердің ойларыңызша бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін? Оқушылардың ойларын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады. |
https://www.youtube.com/watch?v=Gp0Zt5rxuV00:00- 3:12 2- слайд |
|||||||||||
| Сабақтың ортасы
10-мин 15-мин 1-мин 14-мин 2 – сабақ 10-мин 15 мин |
Оқушыларды « Стикер » әдісі арқылы топқа бөлу.
Сабақ уақыты басталмас бұрын мұғалім сыныптағы үстелдердің астына стикер жапсырып кояды. Екі түсті стикер. ( топтың санына байланысты.) Оқушылар бір стикерді таңдап сол арқылы топқа бөлінеді. Мәтін мен жұмыс жасайды 1-топ. Македония: Неліктен бүкіл әлемді жауланған македон әскері сақ жеріне неге толық ене алмады? 2-топ. Сақтар: Сақ әскерінің Македондықтарға қасры қолданған тәсілі қандай болды? Әр топ бірін-бірі бағалайды. (Бағдаршам ) Бейне ролик көрсету. Оқушылар бейнероликті көріп болғаннан кейін топпен жұмыс жасайды. Сергіту сәті: «Көзге арналған жаттығу» стратегиясы қолданылады. Жұптық жұмыс: Диалог құру . (Тарихшы ғалым, оқырман.) Сөйлеу дағдысы. Оқырман тарихшы ғалымға Сақтар мен Македондықтар арасында болған шайқас туралы сұрақтар қояды. 1- сұрақ. Александр Македонский туралы айтып беріңізші? 2-сұрақ. Ол соғыстарда қалайша жеңіске жетті? 3-сұрақ. Македонскийдің сақ жеріне жорығы неліктен сәтсіз аяқталды? 4-сұрақ. Сақ әскерлері қандай тәсіл қолданды? Әр жұпқа әр түрлі сұрақтар беріледі. Диалог жазуға пайдалы сөздер тізбегі: Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, археология, оба, қорған,ескерткіш массагет, аримаспылар, цитадель, дромас,менгир,тиграхауда,парадарайа, хаумаварга. Жұптарды қалған оқушылар бағалайды. Смайликтермен бағалайды. Зерттеу мен талдау. Ресурспен жұмыс. Сақтар мен Александр Македонский арасындағы соғысты сипаттайтын деректер таратыңыз. Оқушылар келесі сұрақтар аясында деректермен жұмыс жасайды: 1-Македония тобы: Македон әскерінің артықшлығы неде? 1-сұрақ. Александр Македонскийдің сақтарға жорығының себептері қандай? 2- Сақтар тобы. Сақтардың әскери өнері ? 1- сұрақ.Сақтар Александр Македонскийдің әскеріне қалайша тойтарыс берді? Топтар бірін-бірі бағалайды. Смайликтер арқылы бағалайды. Интерпретация. Топпен жұмыс: Ролдік ойын. Т. Әр топқа сақтардың соғыс өнері жазылған бірнеше карточка таратыңыз. Осы карточкалар негізінде өз жерін қорғау үшін «әскери жоспарын» жасауға тапсырма беріңіз. Топтың басшысы сақ қолбасшысы Спитаменнің рөліне еніп, өз «әскери жоспарын» ұсынады. Топтар өз «әскери жоспарымен» таныстырып, талқылайды. Тапсырманың соңында барлық сынып қай топтың ұсынған жоспары ең ұтымды екенін таңдап, дәлелдеуі тиіс |
3- слайд
https://www.youtube.com/watch?v=vv2yyPzUH_o2- https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE 4- слайд 5-слайд 6-слайд |
|||||||||||
| Сабақтың соңы
Қорытындылау кезеңі 7-мин 8-мин 5-мин |
«Синквейн» әдісі
1-топ Александр Македонский 2-топ Сақтар Осы сөздерге бес жол өлең құрастыртыңыз Кері байланыс: Таразы стратегиясы. Әр оқушы меңгерілген тақырып туралы алдынғы білім деңгейімен сабақта алған білім деңгейін салыстыра отырып өзін-өзі бағалайды және болашақта тақырыптарды толық меңгеру үшін қандай бағытта жұмыс жасау керектігін жоспарлайды. Мысалы, оқушы: «Мен 3-ші деңгейде едім, себебі жауын-шашын туралы біраз ақпараттар білген едім, қазір 8-ші деңгейдемін, себебі бүгін сабақта жауын-шашынның таралу заңдылықтарын түсіндім, бірақ 10 деңгейде жету үшін мен қазақ тілінде өз ойымды жеткізе білу үшін, қазақ тілінде сөздік қорды көбейту керекпін».
|
7-слайд
8-слайд 9-слайд |
|||||||||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||
| Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.
Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады |
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды. | Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою. | |||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||
| Оқу мақсаттары дұрыс құрылған. Барлық оқушылар бүгінгі сабақта белсене араласып өз мақсаттарына жетті. Сабақ уақыттар берілген минут кестелеріне байланысты нақты сақталды. Сабақ кезінде сабақ жоспарынан еш ауытқулар болмады. | |||||||||||||


