Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интерна ты» КММ

Аты-жөні
Сейсенова Камажай Жұмабаевна, бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ
Мекен-жайы
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы Бородина көшесі 6үй
Үй телефоны
87212474113
Ұялы тел.
87021839957
E-mail
kamazhay1980
Пәннің аты: математика
Уақыты: 04.09.17
Кабинет:109
Мұғалім:
Сейсенова Қ.Ж.
Сабақтың тақырыбы:
0-ден 10-ға дейінгі сандар, толық ондықтар.
Мақсаты
0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы.
Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау
Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
1 Сандарды қайталау.
Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау
Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.
10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).
5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
3,9,1 сандарының көршілерін ата
6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады? Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.
2 Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

3 Қосу кестесін қайталау.
«Мақсатыңа жет» ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.
Тізбектер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 5+4-3+2, 9+1-8-1+7, 5+0-2+7-10.
Ойын соңында тапсырманы жақсы орындағандарды атап өту.
4 Сандар құрамын қайталау.

Мағынаны тану
ІІІ. Оқулық бойынша жұмыс.
Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.
1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.
2-жаттығу. Жалпылама ауызша орындауға болады.
Сергіту сәті
Күн ұйықтайды (ұйықтайды)
Күн оянады(керіледі)
Жел соқты (тербеледі)
Жаңбыр жауды (алақан тарсылы)
Найзағай тарсылдады (шапалақтайды)
Жел басылды, күн шылды (тып-тыныш отырады)
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
3-жаттығу. Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады.
4-жаттығу. өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.
5-жаттығу. тақтамен жұмыс. Мұнда оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса, өздік жұмыс дәптеріндегі екі тапсырманы беруге болады.
7-жаттығу. балалар шешуін негіздей отырып, сыныпта орындалады. Оқушылармен бірге талдау жүргізіп, қай фигуралар сыртқы контурды құрайтынын және олар қалай қайталанатынына көңіл аудару керек. Сонан кейін кіші фигуралар қарастырылады.

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма
№6,5-бетте
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Аты-жөні,
қызметі
Дюсембина Мая Аукеновна тәрбиеші
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ
Сабақтың тақырыбы: «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі салт, озық дәстүрді білу, әдептілік, инабаттылық, өнер секілді асыл қасиетттерді бойға сіңіру.Сабақтың түрі: аралас.Сабақтың әдісі: жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, валеология.Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қоржын, суреттер.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі:- Сайыс сабақтың тақырыбымен таныстыру.- Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.- Әділқазылар алқаларымен таныстыру.- Өнер көрсету сайысының шарттарымен таныстыру.
2. Сайыстың барысы.
3. Сайыс қорытындысы.Сабақтың барысы.- Армысыздар қадірменді көрермен қауым!Бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы: «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың». Бұл сайысқа 6 «А» сыныптың «Өнерлі қыздары» және «Сымбатты қыздар» тобы өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.«Ұзақ ғұмыр», «қуаныш», «нұр» сыйласынӨмірдің тыншымайтын ағыстары- дей отырып, ақ маңдай, ашаң жүзді, аққу мойын, бота көз ару қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.1 – шарт «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.2 – шарт «Ана көрген тон пішер», қолөнер бұйымдарын көрсету.3 – шарт Салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.4 – шарт «Білектей арқасында өрген бұрым», шаш үлгісін көрсету.5 – шарт «Ою ойғанның ойы ұшқыр», текемет оюын ояды.6 – шарт Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп беру.7 – шарт « Ас адамның арқауы», салат дайындау.Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,Өнерліге өз басым таң қаламын.Өнерді әділдікпен бағалайтын,Таныстырайын әділқазы алқаларын- Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.1. Технология пәнінің мұғалімі: Жұбатқанова Гүлнар2. Технология пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева ГүлжанБалдық жүйе 5тең – 10ға дейін беріледі.Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағынӨзімізше өзгеріп сән құрамызБұл сайыстың алғашқы кезеңіндеТаныстырсын өздерін топ аруларым.1 – топ «Өнерлі қыздар» тобының басшысы: Аман Аида2 – топ «Сымбатты қыздар» тобының басшысы: Маратқызы ҰлданаСайысымыздың 1 – шарты бойынша топтың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. «Сәлем – сөздің атасы», кезекті « Өнерлі қыздар» тобына берейік.Қандай жақсы майысып тұрғандарыңБойыңа жиғандай өнер бағын.«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын- демекші, келесі кезекті «Ана көрген тон пішер» деп аталатын сайсымыздың күрделі шарттарының бірі – қолөнер бұйымдарын көрсету. Екі топ өз қолөнерін көрсетеді.Ақылдылық аруға жарасады,Көзі ашық кім бүгін санасады.Келесі сұрақ – жауап сайысындаАқылына көркі сай арулардыңСыналар білімі мен парасаты- дей отырып, келесі кезекте салт – дәстүрге байланысты қоржыннан сұрақтарды алып, сұрақтарға жауап береді.1. Ұлттық киімдер түрлері. (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. (сырмақ)3. Ең көне ою. (қошқар)4. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)5. Зергелік бұйымдарды ата. (алқа білезік, сақина, сырға, шолпы)6. Қазақтың ұлттық бас киімі. (бөрік)7. Ыдыс – аяқ салатын киізден жасалған әшекейлі дорба. (аяққап)8. Баланың тұсауын қандай жіппен кескен. (ала)Білектей арқасында өрген бұрым,Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті шаш үлгісіне берейік.« Ою ойғаның ойы ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша екі топтың қыздары текемет оюын оюды. Екі топқа қағаз беріледі. Сол қағаздың бетіне түрлі – түсті қағаздан ою – өрнек ойып, түс үйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыруыңыз қажет.Сіздерге тұрақты сөз тіркесін оқимын мағынасын түсіндіріп беріңіздер.1 – топ сіздерге1. Қыздың жиған жүгіндей (тиянақты, әдемі, тазалық, ұқыптыл2. Үріп ауызға салғандай (сұлу, әдемі)3. Түн ұйқысын төрт бөлу (баласын мәпелеген анаға ғана айтылады)4. Ауызы жеңіл (өсекшіл, аузында сөз тұрмайтын адам)2 – топ сіздерге1. Қатықсыз қара суға семіру ( уайымсыздық, тыныштық)2. аспен көздің арасы (тез жылдам)3. Ауыз буған өгіздей (үндемеу)4. тқан (батыр, ержүрек)Ендеше іске сәт сайыскерлер!Ас көңілдің ажары деген күнімЖақсы ғой тағамның да білген сырынКөрсетсің келесі сәт сайыскерлерДайындаған жаңашыл салат түрін.Салат жасау уақыты да келді. Ортаға салат жасаушы қыздарды шақырамыз.Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,Қазақтың қара көзі аруларым.Тәмамдайық осы кешті әсем әнмен,Өнеріне табынып арулардың- дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары шығарғанша кезекті әнге берейік.«Туған жер» Орындайтын: Арыстанбекова Әдема.Сапарбаева Назерке.Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді.Жүргізуші:Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағаныңызға көп – көп рақмет. Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей отырып жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.

Аты-жөні,
қызметі
Омарова Сагыныш Каригуловна тәрбиеші
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ

Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр.
«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» – деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
1-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
«Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: Мемлекеттік Әнұран
2-жүргізуші:
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.
1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
3- оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
4 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
5- оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Аты-жөні,
қызметі
Кожахметова Бакытгуль Абдикаримовна бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ

Тақырып: Тіктөртбұрыш пен шаршының периметірі
Мектеп: №22 негізгі орта мектеп-интернаты
Күні 13.12.16ж
Қатысушының саны 28
Қатыспағаны
Пән: математика
Мұғалімнің аты-жөні: Кожахметова Б.А.

Сынып:2 сынып
Оқыту
мақсаты:
Оқушылар тіктөртбұрыш пен шаршының периметрін табу алгоритмін қолдануды, есептер шығаруды үйренеді.
Күтілетін нәтижелер:
Барлығы: сыныптың барлығы тіктөртбұрыш пен шаршының периметрін табу алгоритмін, Р – есептеу тәсілдерін қолдана біледі;
Көпшілігі: оқушылардың көбі өз ойларын толық жеткізе отырып, геометриялық фигуралардың қасиеттерін айтып бере алады.
Кейбіреулері: нақты қорытынды шығарып, өмірде қолданау жағдайларын айтып береді;
Тілдік мақсат:
Тіктөртбұрыш –прямоугольник – rectangle; Шаршы-квадрат-sguare
Ректангл, скуэр
Алдынғы (бұрынғы) оқыту;
Геометриялық фигураларды ажыратады. Периметрін таба алады.

Керекті жабдықтар
Математика 2 сынып, 2013 «Алматыкітап» , стандарт бағдарлама, электрондық оқулық, сюжетті суреттер, оқу құралдары, тірек сызба, қарындаш, сызғыш, геометриялық фигуралар суреттері, карточкалар, тест,критериалды тапсырмалар.
Ж о с п а р
Жоспарлау уақыты (минутпен)
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы (3 минут)

Мұғалім оқушылармен амандасады.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Қонақ күту салтымыз, Оқып біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге, Сәлем бердік жалпымыз.
Психалогиялық дайындық.
Әр топ бір –біріне жақсы тілек, ниеттерін білдіру.
(Күн шуағы түскен гүл қалай өседі?) жақсы
Постер,фламастер.
Гүл ,күн.

Барлығымыз
күн шуағының жылуын сезіну үшін сабаққа белсенді қатысуымыз керек.

Әр топ бір-біріне гүл арқылы тілегін білдіру
Ортасы
(30 минут)
( 7мин)

Үй тапсырмасын тексеру. 6
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 сантиметр, ені 2 сантиметр тіктөтіктөртбұрыш сызып, Р-периметірін тап.
Әр топ көршісінің дәптерінен үй тапсырмасын тексеру.
Тақтада дұрыс жауабын көрсету. (оқушылардың алдына үлгісін беру). Бағалау парағын жас ау
Топқа бөлу. 6 минут
І топ. Тікткртбұрыш -қызыл түс
ІІ топ. Шеңбер -сары түс
ІІІ топ. Үшбұрыш – жасыл түс
ІV топ. Көпбұрыш -көк түс
V топ. Шаршы – қызыл тү
Осы топтың ішінде түсі бірдей геометриялық фигура бар ма?
Олар қандай фигура ? (тіктөртбұрыш, шаршы)
Дұрыс айтасыңдар балалар . Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы тіктөртбұрыш пен шаршының периметірін табу. Тақырып бойынша мақсатымыз не? Кім айтады ?
Электрондық оқулықтан анықтыма тыңдату. 3 минут
Ендеше сендермен біз осыған байланысты тапсырмалар орындаймыз.
1.Дәптермен жұмыс. 7 минут
Күнді жазу.
Көркем жазу.
Толтырған санға байланысты өрнектер жазу.

2.Топпен жұмыс. Әр топқа қарточка тартқызу , таратып беру 7 минут
1.топ
2.топ
3.топ
4.топ
5.топ
Сергіту сәті. Жіппен ойын ойнату 2 минут
3. Жұппен жұмыс. Екі конверт тарату. 2минут

Қосылғыш
40
60
80
70
90
Қосылғыш
3
5
8
4
1
Қосындының мәні

Азайгыш
47
97
61
74
85
Азайтқыш
40
7
60
4
80
Айырманың мәні

  1. Танграм құрастыру. 2 мин

Карточка, дәптер.

Критериялық талаптары бар карточка.
(Есептің шартын дұрыс құрғандар-3 ұпай,
фигураны дұрыс сызғандар -2 ұпай,
Р- тапқандар -3 ұпай,
8-ұпай алған оқушы-5
5-ұпай алған оқушы -4
3-ұпай алған оқушы-3
Геометриялық фигуралар арқылы оқушылырды топқа бөлу. (Әр топ геометриялық фигуралардың қасиеттерін айтып, қорғау).
Постер қорғау:
1. Топтың аты
2. Қасиеті.
3. Периметірін тап.
Бүгін біз сендермен тіктөртбұрыш пен шаршының периметірін табамыз.
Оқушылардың жауабы
Электрондық оқулық.

Жазған өрнектерін оқыту.

Оқушылар орындаған тапсырмаларын сағат бағыты бойынша тексеру.
Бас бармақ әдісі бойынша бағалау 7

Топтарға жіптен геометриялық фигуралар құрату.

Аяғы (5 минут)
Кері байланыс кезеңі: Тест .3мин

Үйге тапсырма
№ 6. 73 бет 1мин

Оқулық
Рефлексия (3 минут)
Мұғалім оқушыларды смайликтермен бағалайды. 2жұлдызт, 1 тілек.

Қосымша ақпараттар
Дифференциация
Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?
Анағұрлым дағдысы қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?
Бағалау – қатысушылардың білімін/прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз? (ақпартатты қорытындылау/бағалау идеясы)
Пән аралық байланыс : ана тілі, математика
Жасаған тәжірибеден тұжырым,қорытынды шығара алады
Әр тапсырма соңында оқушылар смайликтермен бағаланады

Рефлексия
Оқыту/сабақтың мақсаттарына жете алдыңыз ба?
Бүгін қатысушылар нені үйренді?
Оқытуда атмосфера қалай болды?
Менің дифференцирленген әдіс-тәсілдерім жұмыс барысында қаншалықты орындалды?
Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?
Бұл орынды өз сабағыңыз бойынша бақылау барысын жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сұрақтарға жауап бере өз сабағыңыз бойынша жазыңыз

Қорытынды бағалау
Сәтті болған екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)
1:
2:
Сабақты жақсартуға мүмкін болатын екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)
1:
2:
Сынып/аудитория жайында мен қандай жаналық білдім, сонымен қатар жеке қатысушылар туралы не білдім, менің келесі сабақты өткізуіме осы аталғандар қалай әсер етеді/қалай көрініс табады?

Аты-жөні,
қызметі
Конысбаева Жанерке Серикжановна тәрбиеші
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ
5 «А» сыныбы
Тәрбие сағат тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Тәрбие сағаты мақсаты:
1. Дамытушылық: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Тәрбиелілік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Білімділік: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
2 жүргізуші
1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз
Ауыр күнді артымызға тастауы
– Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1-жүргізуші
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін. – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!
Елбасым ер жүректі ер мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)
Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.
2-жүргізуші
Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
Қазағымның жарқыратқан маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым
Қақтырған талай дүниенің таңдайын,
Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым.
1-жүргізуші:
Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Елбасымыз – еліміздің тірегі,
Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.
…Бар қазақтың мақтанышы Астана,
Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.
Бар өмірін өз еліне арнады,
Мәңгілік елге айналдыру арманы.
Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,
Азаттығы қыран болып самғады.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде…
2-жүргізуші:
Н.Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
«Ұлы достықта».Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған.
Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. «Замандастар көзімен» Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті -Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін! Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті – Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.
Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған,
Татулықты зор жеңіс деп санаған.
Достық пенен сыйластықты ту етіп,
Халқың үшін қашандағы бол аман
Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді. Кофи Аннан- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.
Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз. :
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. БіздіңПрезидентімізНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев осындай тұлға

Аты-жөні,
қызметі
Каюпова Мейрамгул Каратаевна воспитатель
Жұмыс орны
КГУ«Основная средняя школа-интернат №22» Октябрьского района города Караганды
Классный час ко Дню Независимости РК
ТЕМА: «Мой Казахстан»

Цель: Воспитание патриотизма и гражданственности, чувства гордости за родную Республику, национального самосознания.
Задачи: 1.Способствовать развитию познавательной активности, интеллекта;
2.Расширить кругозор учащихся;
3.Формировать чувство бережного отношения к культуре своего народа и языку;
4.Повышать культуру речи учащихся, развивать умение выразительного чтения;
5.Развивать глубокое уважение и любовь к истории своего государства;
Оборудование: доска с оформлением; видеофильм об Астане; выставка книг о Казахстане; табло с секторами;
Ход мероприятия:
1. слово учителя.
Родина моя. Н. Полякова
– Что значит «Родина моя»? –
Ты спросишь. Я отвечу:
Сначала тропочкой земля бежит тебе навстречу.
Потом тебя поманит сад душистой веткой каждой.
Потом увидишь стройный ряд домов многоэтажных.
Всё это – Родина твоя, земля твоя родная.
Чем старше станешь и сильней,
Тем больше пред тобою
Она заманчивых путей доверчиво раскроет.

Вед.1:Құрметті ата-аналар, әріптестер, сіздері Республикамыздың Тәуелсіздік күнімен кұттықтаймыз! Сіздерге тілейтініміз зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан.
Вед.2:Здравствуйте, уважаемые гости! Сегодня мы хотим расcказать о нашей любви к Родине, воспеть красоту родной земли и поздравить вас с большим праздником – 22-летием со Дня Независимости РК!
Вед.3:Құрметті қонақтар, ата-аналар, Тәуелсіздік күні мерекесі құтті болсын! Баршаңызға бақыт, денсаулық тілеймін.
(звучит гимн РК)
Вед.4:Вот и наступил этот торжественный день. Сегодня мы отмечаем День Независимости суверенного Казахстана. Суверенным называют наше государство, потому что это свободная, независимая, сильная и богатая страна!
Взгляните на карту, на наш Казахстан.
Там снежные пики, степной океан,
И реки, что свет посылают в аулы,
И горы, где дышит в ущельях туман.

Там взоры бескрайний простор окрылит.
Озера притянут к себе, как магнит.
Наш край от Тянь-Шаня до высей Урала
И душу, и сердце, и взор восхитит.

Песня «Наш Казахстан» Дымов
Вед.5:Казахстан – многонациональное государство. Все народы, населяющие его, равноправны. Все они, благодаря проводимой политике нашим Президентом, уважаемым Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым, развивают свой язык, национальную культуру.
Слова Н.А.Назарбаева о Казахстане:
Казахстан! Республика моя!
Край родной и дом,
Где вырос я.
Все узнать, страна я о тебе хочу,
Над тобой с друзьями полечу.
Мы садимся в вертолет,
Отправляемся в полет.
Над горами и морями,
Над бескрайними полями,
Над любимой страной,
Над столицей – Астаной.
С высоты орлиного полета
Хорошо видна моя страна.
На степных просторах засияла
Драгоценным камнем – Астана!
(ролик об Астане)
Широко и привольно раскинулся Казахстан. Весне нужно два месяца, чтобы прошагать через весь Казахстан.
Солнышко встает из степи, весь день идет над степью, встречается с дремучими лесами и тысячами озер, заходит оно тоже в степи. Когда на севере еще лежит снег, у подножия гор, на юге уже зацветают плодовые деревья.
Республика омывается водами Каспийского и Аральского морей. На ее территории находится около 11 тысяч рек и озер.
Сказочно богаты недра древней казахской земли – уголь, нефть, золото, титан, свинец, цинк, железо, бокситы.
Богата и щедра казахская земля, величественна и прекрасна ее природа, неповторима красота снежных гор и бескрайних степей, голубых озер и горячих песков.
Каждый человек, любящий свою Родину, не может не стремиться знать историю своего народа, своей Родины.
«Моя Родина»
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты, как в сказке, и звездные ночи,
Рассветы ясны, как красавицы очи.

Там вольные ветры, быстрые реки,
Яркое солнце, широкие степи.
Манящие тайной святые озера
И лоз виноградных витые узоры.

Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость, так радость, беда – не беда,
Гостям в каждом доме рады всегда!

Вы спросите, где это, я вам отвечу
Краткой, но убедительной речью:
«Осы маған, олу Отан
Касеіті жер Казахстан!»
Учитель: Мы приглашаем вас на интеллектуально-познавательную игру «Мой Казахстан». Класс разделен на три команды: «Мыслители», «Умники», «Эрудиты». Каждая команда будет выбирать сектор на табло и номер вопроса (от 1 до 5). За каждый правильный ответ 1 балл. Помогать оценивать игру команд будет наше уважаемое жюри.

Наши праздники
Имена
Символика Казахстана
Природа
Все о Казахстане
Загадки
Государственный язык

Сектор «Наши праздники»
1.Какой праздник мы отмечаем 30 августа? (День Конституции)
2.В этот день мы отмечаем праздник всех мужчин и мальчиков в нашем государстве – День Вооруженных сил РК. Что это за день? (7 мая)
3.Весь народ рад празднику, который мы отмечаем 22 марта. (Наурыз)
4.16 декабря наш Казахстан отмечает…(День Независимости РК)
5.Какой праздник мы празднуем 1 мая? (День единства народов Казахстана)

Сектор «Все о Казахстане»
1.Что в переводе означает слово Наурыз? (новый день)
2.Как называется импровизированный поэтический спор акынов? (айтыс)
3.Как называется напиток из кобыльего молока? (кумыс)
4.С каким государством граничит Казахстан на севере? (Россия)
5.Государственная валюта Казахстана. (тенге)

Сектор «Имена»
1.Кто автор романа «Путь Абая»? (М.Ауэзов)
2.Назовите первого казахстанского космонавта. (Тохтар Аубакиров)
3.Ученый, писатель, переводчик, строил школы для казахских детей, где сам и обучал их, создатель первых учебников. (Ыбрай Алтынсарин)
4.Назовите имя известного казахского героя народных сказок? (Алдар-Косе)
5.Чье имя носит1 школа? (Балана Шалака )

Сектор «Загадки»
Отгадки – на русском и казахском языках.
1.Рассыпалось к ночи зернго,
Глянули утром – нет ничего. (звезды – жұлдыз)

2.Он пушистый, серебристый.
Но рукой его не тронь,
Станет капелькою чистой,
Как поймаешь на ладонь. (снег – қар)

3.Его пинают, а он не плачет.
Его бросают – назад он скачет. (мяч – доп)

4.Шевелились у цветка
Все четыре лепестка.
Я сорвать его хотел –
Он вспорхнул и улетел. (бабочка – көбелек)

5.Кто, угадайка,
Седая хозяйка?
Тряхнет перинки –
Над миром – пушинки. (зима – қыс)

Сектор «Символика Казахстана»
1.Как называется торжественная песня, принятая как символ государства? (гимн)
2.Главный закон нашего государства. (Конституция)
3.Образ общего дома всех людей, проживающих в Казахстане на государственном гербе Республики? (шанырак – верхняя сводчатая куполообразная часть юрты)
4.Кто управляет государством? (президент)
5.Государственный символ – полотнище определенного цвета? (флаг)

Сектор «Государственный язык»
Перевод на казахский язык слов:
1.Столица (Астана)
2.Флаг (ту)
3.Народ (халық)
4.Герб (елтаңба)
5.Город (қала)

Сектор «Природа»
1.Какие моря омывают Казахстан? (Каспийское, Аральское)
2.Самое лучшее время в степи – это весна, в это время больше всего цветов. Эти цветы называют «цветами счастья». Что это за цветок? (тюльпан)
3.Это животное – символ прогресса и развития Казахстана. (барс)
4.Это животное обитает в пустыне и своим видом напоминает кенгуру, но намного меньше. (тушканчик)
5.Это горная страна, расположенная на юге Казахстана, в переводе с китайского означает «небесные горы». Что это за горы? (Тянь-Шань)

Игра окончена. Жюри подводит итоги. Для всех ребят музыкальный номер – казахский танец.
(награждение победившей команды, поздравление от жюри)
Учитель: Мы увидели, что вы многое уже знаете об истории своей Родины, успешно изучаете казахский язык, а значит вы являетесь настоящими патриотами своей страны. Мы должны гордиться тем, что являемся гражданами такого государства.
Стихотворение «Родина» Ивана Коваленко
Мне не нужна страна иная,
Страна степей широких,
Страна озер глубоких,
Страна мест дивных,
Страна людей наивных.

Одно я вам скажу
И, если надо, я докажу и покажу
Мою любимую страну.
Родину мою одну.

Босое детство провел здесь я,
Здесь мои родные, мои друзья,
И каждый камень и травинка те же,
Все о чем-то говорит и прошлым отдает.
Мне не нужна страна иная,
У меня есть одна страна родная.
Земля меня вскормила,
Родня взрослила,
Воспитала Родину любить,
Дружить, последнее делить с людьми.

Защищай Родину свою
От страшных бед.
И сколько ни прошло бы лет,
Про Родину мою
Скажу я всем одно:
Тебе не зря дано
Родиться здесь, в стране своей,
Так будь же верен ей!
Праздник заканчивает песня «Я Казах».

Аты-жөні,
қызметі
Бекмолдаева Асем Болтриковна қазақ тілі мұғалімі
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ
Сабақ: Көкөністер
Мектеп: №22 НОМИ
Күні:
Мұғалімнің аты жөні: Бекмолдаева А.Б.
Сынып: 1 Б
Қатысқаны :
Қатыспағаны :
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.6.1 Тыңдаған оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін ( келісемін/ келіспеймін, ұнайды/ ұнамайды) білдіру
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған / тыңдаған / аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: ұсынылған суреттер бойынша сипаттау сөздерін қолданады
Көпшілігі орындай алады: күнделікті өмірде қажет сөз, сөз тіркестерін қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады: сурет бойынша сөз,сөйлем құрастыра алады
Алдыңғы оқу
«Жемістер». «Зуылдақ» стратегиясы.
Сабақта меңгерілетін сөздер
Қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, пияз, орамжапырақ.
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу
Ресурстар
Басы
Психологиялық дайындық:
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Көкөніс суреттері арқылы топқа бөлу.
1-топ: Қызанақ
2-топ: Сәбіз
3-топ: Қияр

Т1 Кубизм әдісі бойынша көкөніс атауларын айтады. Әр оқушы кубикті лақтырғанда қай көкөніс түссе соны қазақша атау керек.

Дескриптор: көкөніс атауларын атайды.
Табиғи әдіс

Көкөніс суреттері.

Кубик көкөніс суреттерімен.

Ортасы
ТЖ «Рецепт» ойыны. Мұғалім топтарға көкөніс суреттері мен ыдыс береді. Үш топ үш түрлі салат жасау керек. Мұғалім салат суреттерін ұсынады.
Дескриптор: керек суреттерді таңдайды, неліктен таңдағанын түсіндіреді, басқа топтар тексереді.

Сергіту сәті
«Бақшада»
Бақшада, бақшада,
Тәтті сәбіз өсіп тұр,
Ені оның осындай,
Ұзындығы осындай,
Кел, сәбіз, келе ғой,
Бізбен бірге билей ғой,
Шаршасаң отыра ғой.

Көкөніс суреттері.

Табиғи әдіс
Соңы
Т3 «Гармошка» ойыны. Топтарға қағаз беріледі, мұғалім әр топқа екі көкөніс атын атап кетеді, оқушылар сол айтқан көкөністің суретін салу керек, сосын салған суреттерін екінші топқа береді, басқа топ сурет жанына көкөніс атауын жазу керек.
Дескриптор: көкөніс атауларын жазады.

Ақ қағаз.

Қосымша
Видиоролик көрсету. «Көкөністер».
Талқылау
Смайлик арқылы бағалау
Саралау
Бағалау
Пәнаралық байланыс
Тапсырма:
«Ыстық орындық» стратегиясы

Дескриптор:

Бармақ арқылы бағалау

Қызанақ, сәбіз, қияр, пияз.

дұрыс жауабын шешеді.
АКТ, дене шынықтыру, бейнелеу өнері
Рефлексия

Оқушылар сөздерді зейін қойып тыңдады ма?

Қабілеті жоғары оқушылар тапсырмасын дұрыс орындады ма? Қандай қателер жіберді?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Кері байланыс
«Өрмекші торы» әдісі арқылы жеміс пен көнөніс атауларын атайды.
Қысқаша бағамдау

Аты-жөні,
қызметі
Альжанова Маира Маратовна қазақ тілі мұғалімі
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ

Қысқа мерзімді жоспар тарауы: Мектеп:№22НОМИ
«Ежелгі дәуір әдебиеті» Альжанова Маира Маратовна
Күні: 14.11.2017ж
Сынып:9А сынып
Сабақтың тақырыбы
«Оғызнама »жырының негізгі идеясы.Жырдағы мифологиялық суреттер
Оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)
Мақсаты:ел тәуелсіздігі үшін күрескен Оғыз қағанның бейнесін таныту;
Жыр үзінділерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру және ауызша сөйлеу тілдерін дамыту;
ұлттық мұраны қастерлеуге және тұлғалық қабілетті дарыту
Сабақ мақсаты
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Тірек сөздер мен ұсынылған суреттер арқылы тақырыпты болжап бере алады, тақырып мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Әртүрлі жанрдағы мәтінді талдай алады, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар
Сөз, сөйлеу мәдениеті, тіл байлығы, ана тілі, тілдік құзіреттілік,
сөз құдіреті, жанрлар
Құндылықтарға баулу
1)қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу белгіленді.
3. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.
Пәнаралық
байланыс
Тарих,бейнелеу, көне түркі тілдер (түркология пәні)
Алдыңғы білім
Ежелгі дәуір әдебиеті
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Топ құрамындағы оқушылар саны бойыншақағазды беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып; бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну

Тұсаукесер

Ортасы
10 минут

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Болжау» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут

Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер

Аты-жөні,
қызметі
Орынтаева Рыскүл Нұрбековна математика пәні мұғалімі
Жұмыс орны
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» КММ

a) ; Ы в) ; Қ c) ; З д) . Б
е) ;К г А ж) Е

1

1

а ) + ; Ы в) ; Қ с) – ; З д) ; Б
е) К г) ; А ж) ; Е

1

; Қ в) ; Ы c) ; З д) .Е
е) ;К г А ж) Б
1

1

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше