Мадьярова Мадина Исабековна

Ұстаз туралы ақпарат: Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ангарата жалпы орта білім беретін мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Мадьярова Мадина Исабековна

Материалдар тізімі: Мұғалімдермен өткізілген коучингтер №1,№2,№3,№4

Тақырыбы: №1. Коучинг пен тәлімгерліктің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Мақсаты: Әріптестермен жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы өздерінің көшбасшы екенін сезіндіру, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау,заман талабына сай өзгеру ниетіне ықпал ету. Коучинг пен тәлімгерліктің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуге бағыттау.
Оқытудың нәтижелері: Әріптестер бойында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары жетілдіріледі.Жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп іс-тәжірибелерінде қолдану нәтижесінде мұғалімнің жұмысында оқыту сапасы артады.
Негізгі идея: Коучинг пен тәлімгерлікті оқу мен оқыту барысында тиімді пайдалану, ықпалдастыру.
Ресурстар: Стикер, маркер, плакат, сабақ тақырыбы бойынша әзірленген мәнмәтін.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Өткізу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті
Ұйымдасты

ру

Психология

лық ахуал туғызу

Топқа бөлу

5мин

4мин.

Амандасу.

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

«Шаттық шеңбері» Шеңбер жасай тұрып өз-өзіне баға беру.

Өлең жолдары жазылған кеспелерді таратып,қай өлең екенін тапқызу арқылы коучинг қатысушыларын топқа бөлемін

Ой шақыру. 8мин Топтың атына сәйкес 1-2 шумақ өлең оқуын ұсынады және қарсы топтарға бағалауды тапсырады.
Топтарға тапсырма 5мин Коучинг пен тәлімгерлік туралы әр топқа мәтін ұсыну.
Мағынаны тану 3мин Жұппен, топпен жұмыс
Жинақтау 10мин Топқа берілген тапсырмалардан қандай түйін шығаруға болатыны туралы постер құруға тапсырма беремін
Іс- әрекетті бағалау 4мин «Не түсіндік, не білдік?» тақырыбында сұрақ қою ( кері байланыс жасау)
Ұжымдық жұмыс 2мин «Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша бағалау тапсырылады
Коучтың қорытынды сөзі 2мин Жалпы коучта істелген іс-әрекеттерге тоқталып, коучинг пен тәлімгерлік арқылы- біз кәсіби дамуға қол жеткізетінімізді түсіндіру.
Тақырыбы: №2 Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамытудағы маңызды педагогикалық модуль
Мақсаты: Әріптестермен жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы, сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту мақсатында алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге баулу.
Оқытудың нәтижелері: Әріптестер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Негізгі идея: Әріптестердің сын тұрғысынан ойлау модулін терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін оқу мен оқыту барысында, сыныптан тыс жерде, кез келген жерде тиімді пайдалану.
Ресурстар: Стикер, маркер, плакат, сабақ тақырыбы бойынша әзірленген мәнмәтін.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Өткізу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдасты

ру

Психология

лық ахуал туғызу

Топқа бөлу

5мин

3мин.

Амандасу.

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

«Шаттық шеңбері-өрмекшінің торы» Шеңбер жасай тұрып бір-бірлеріне тілек айту.

Мемлекет атауларымен топтасып отыру үшін, сол мемлекеттердін картасының қиындыларын алып, қосады.

Әрбір әріптес тоқыма жіпті лақтыра тұрып құрбан айт мерекесіне арнайы тілектерін білдіреді. Нәтижесінде ортада өрмекшінің торы пайда болады

Карталарды қосу нәтижесінде

«Түрік қағанаты», «Түркеш қағанаты», «Батыс Түрік қағанаты», «Қарлұқ қағанаты» атты топтарға бірігеді.

Ой шақыру. 3мин Бағдарламадағы 2-модуль

СТОға түсінік беру

СТО бойынша түсінік қалыптасады
Топтарға тапсырма 10мин Әр топқа тапсырма ұсыну. «Сыныптағы балалар мен жас өспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы», «Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы», «Баланың не үйренгендігі туралы сын тұрғысынан ойлау» Берілген тапсырма бойынша топ мүшелері мәтінмен танысады, топпен талқылайды, қорғайды.
Мағынаны тану 15мин Жұппен, топпен жұмыс Постер әр топқа тапсырма сындарлы ойлай алатын….. оқушы, мұғалім, директор, ата-ана Әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салу, талқылау.Топ мүшелері өз ойларын қорғайды, салыстырады. Топ мүшелері әрбір топтың жұмысына баға беру
Жинақтау 4мин «Сіздің ойыңызша…» ситуациялық сұрақ Әр топ өздерінің сындарлы ойларын білдіреді
Іс- әрекетті бағалау

Коучтың қорытынды сөзі

5мин «Бұл сабақтың соңында қандай сезімде болдың?» ( кері байланыс жасау) Әріптестер сабақтан алған сезімдерін білдіреді

СТОны түсінсе,қолданса күн суретіне ,түсіну қиындық туғызса бұлт суретін,сабақ түсініксіз болса найзағай суретінің тұсына себебін жазады.

Тақырыбы: №3. Жаңашыл әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде пайдалану арқылы СТО-ны дамыту
Мақсаты: Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсету. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектесу.
Оқытудың нәтижелері: Әріптестер жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісінде пайдалану тиімділігіне бағыттау, оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулу.
Негізгі идея: Әріптестердің сын тұрғысынан ойлау модулін терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін оқу мен оқыту барысында, сыныптан тыс жерде, кез келген жерде тиімді пайдалану.
Ресурстар: Стикер, маркер, плакат, сабақ тақырыбы бойынша әзірленген мәнмәтін.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Өткізу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдасты

ру

Психология

лық ахуал туғызу

Топқа бөлу

5мин

4мин.

Амандасу.

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Шаттық шеңберін құру. « Екі өтірік, бір шындық » әдісі арқылы ойын білдіру.

«Поровоз» әдісі арқылы әрбір әріптестің қимыл-қозғалысына қарай топтарға бөлу.

Әрбір әріптес өз бойындағы бір шындық қасиеті мен екі өтірік қасиетін айту арқылы әріптестерге жасырады. Әріптестер бір-бірін жақын тани түседі.

Әріптестер қимыл-қозғалысына қарай 4 топқа «Ойшылдар», «Жүйріктер», «Дарабоздар», «Білгірлер» топтарына бөлініп отырады.

Ой шақыру. 5мин Бағдарламадағы 2-модуль СТО-ның стратегияларына түсінік беру СТО-ның стратегияларына слайдтар көрсету арқылы түсініктері кеңейеді
Топтарға тапсырма 10мин Топтарға «Айбатты арыстан» ролигін көрсету арқылы «Қалай ойлайсыз, неліктен?» ситуациялық сұрағын әрбір топқа қою. Берілген тапсырма бойынша топ мүшелері роликпен таныса отырып, ортақ ойларын білдіреді. Басқа топ мүшелері әрбір топтың пікірін талқылап, өз ойларын білдіреді.
Сергіту сәті 2мин Сандар арқылы мүшелер қимылдайды Әрбір мүшелер арқылы 1,2,3,4,5 сандарын қозғалыс арқылы көрсету.
Мағынаны тану 10мин «Топтық жұмыстың тиімділігі» атты роликті көрсету арқылы СТО –ның мақсаты мен тиімділігін көрсету. Постер қорғату. Әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салу, талқылау.Топ мүшелері өз ойларын қорғайды, салыстырады. Топ мүшелері әрбір топтың жұмысына баға беру
Іс- әрекетті бағалау

Коучтың қорытынды сөзі

4мин

2мин

2 мин

«Бұл сабақтың соңында қандай сезімде болдың?» ( кері байланыс жасау)

«Арман» ролигін ұсыну арқылы сабақты қорытындылау.

Әріптестер сабақтан алған сезімдерін білдіреді

Смайликтер жабыстыру арқылы пікірін білдіру.

Роликті көру арқылы өз ойын жинақтау.

Тақырыбы: №4 Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО элементтерін пайдаланудың маңыздылығы
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО-ның элементтерін оқу мен оқыту үдерісінде пайдалану арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қабілетін дамыту. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы екеніне дәлелдеу арқылы түсінігін кеңейту.
Оқытудың нәтижелері: Оқушылардың бойында сыншылдық, өзін-өзі сезінуі,қалыптасуы, жеке тұлғаның инттеллектуалдық дамуы сияқты қасиеттерді дамыта отырып, дұрыс ойлау заңдылықтарын пайымдауды дәйектеп-дәлелдеудің әдістері мен тәсілдерін танып-білу арқылы үйретуге,
оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуге бағыттау.
Негізгі идея: Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейі, «мен» бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуына көмектеседі.
Ресурстар: Стикер, маркер, плакат, сабақ тақырыбы бойынша әзірленген мәнмәтін.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Өткізу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті
Ұйымдасты

ру

Психология

лық ахуал туғызу

Топқа бөлу

5мин

4мин.

Амандасу.

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Шаттық шеңберін құру арқылы бір-бірімен дене мүшелері арқылы амандасу.

Конфеттерді таңдау арқылы топтарға бөліну.

Ой шақыру. 3мин Бағдарламадағы 2-модуль СТО-ның стратегияларын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану туралы түсінік беру
Топтарға тапсырма 10мин Топтарға «Кім нені жақсы көреді?» сұрағын ұсыну арқылы адам өмірінде қайсысы маңызды екенін анықтау мақсатында ситуациялық іс-әрекет туғызу.
Мағынаны тану 10мин «Кім нені жақсы көреді? » тақырыбы бойынша роликті көрсетіп, топтардың іс-әрекетін қорытындылау
Сергіту сәті 2мин Психологиялық сұрақпен аяқтап,қорытындылау:

Жылқы – ар-ождан,қой – махаббат,сиыр – жұмыс, жолбарыс-отбасы, шошқа-ақша маңыздырақ.

Іс- әрекетті бағалау

Коучтың қорытынды сөзі

4мин

2мин

2 мин

«Бұл коучинг соңында қандай сезімде болдың?» ( кері байланыс жасау)

Автотренинг корсету арқылы коучингті қорытындылау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше