| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А бөлімі – Ежелгі Қытай
Сабақтың тақырыбы:
Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай пайдаланды? |
Мұғалімнің аты-жөні: Индибаева Н
Күні: |
| СЫНЫП: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
5.2.4.2– ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау |
| Сабақтың мақсаттары |
- Ежелгі Қытайдағы ғылыми білімдердің дамуын сипаттау.
- Ғылым мен шаруашылық іс-әрекетінің өзара байланысын зерттеу.
- Ежелгі Қытайдағы ғылыми өнертабыстардың маңызын анықтау.
|
| Бағалау критерийі |
- Білім алушылар сурет бойынша жаңа тақырыпты анықтайды.
- Оқушылар терминдерді дұрыс қолдануымен мағынасын анықтайды.
- Оқушылар Ежелгі Қытайдың ғылыми білімдерінің даму дәрежесіне қатысты өз көзқарасын білдіреді.
- Белгілі бір шаруашылықта білімдердің пайдалану үлгілеріне байланысты тұжырымдайды
|
| Тілдік құзіреттілік |
- Оқылым: тапсырмаларды орындау барысында тарихи мәтіндік материалдарды игеру
- Жазылым: тапсырма орындау барысында жазып отыру
- Тыңдалым: топтарда және жұптарда талдау, нақты сұрақтар мен тапсырмалар бойынша өз көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі және мұғалімің сұрақтарына жауап беру барысында
- Айтылым: топтық, жұптық жұмыс және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру
Терминология: «Құбылнама», «Сейсмограф», «Инемен емдеу» |
| Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
| Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
| Құндылықтарды дарыту |
Сыни тұрғыдан ойлай білу
Қарым-қатынас жасау қабілеті
Ғылыми-зерттеу дағдылары |
| Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, Геометрия |
| Алдыңғы оқу |
3А бөлімі– Ежелгі Қытай
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді |
| Сабақтың жоспары |
| Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
| Сабақтың басы.
2-минут.
5-минут
3-минут. |
Ытымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды білім салалары бойынша 3 топқа бөлу.(Арифметика, астрономия, медицина). Көшбасшыларға бағалау парақшаларын тарату Топтың ережесін нақтылау.
Үй тапсырмасын сұрау:
Жеке жұмыс: «Миға шабуыл» әдісі: Кім жылдам әдісін пайдалану.
1. Терракота әскері қандай мақсатта құрылуы мүмкін?
2. Жерлеу орнынан қанша терракота жауынгер табылды?
3. Молада жауынгерлердің мүсіндерімен бірге жүк арбасы мен қос дөңгелекті әскери арбаларда табылды. Олар не үшін керек болды?
4. Тұңғыш император?
5. Цин империясы қалай басқарылған?
Жаңа тақырыпты анықтау.
Оқушыларға сәттілік тілей отырып жаңа тақырыпқа зейінін шоғырландыру. Оқушылар сурет бойынша жаңа тақырыпты анықтайды.
Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай пайдаланды деп ойлайсыңдар? |
Оқушылар арифметика, астрономия, медицина сөздері бойынша орналасады.
Тақтада суреттер:
|
| Сабақтың ортасы
10–минут.
10–минут |
Жұптық жұмыс «Мозайка» әдісі бойынша:
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жеке танысады және бір-біріне әңгімелейді.
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады және кілт сөздерге түсініктеме алу мақсатында оқушылар мәтіндегі сөздерді іздеу және олардың мағынасын табу: «құбылнама», «инемен емдеу», «сейсмография». Бұл жерде мұғалім сарапшы есебінде оқушылардың терминдерді дұрыс қолдануын және келтірілген дәлелдердін нақтылығын тексереді.
Дескириптор:
- Ежелгі Қытайлықтардың ғылыми білімдері туралы түсінік береді – 2 балл
- Термин сөздердің мағынасын табады -2 балл
- Дәлел келтіреді – 3 балл
Топтық жұмыс: «Ежелгі Қытай Өнертабысы» суреттері: сейсмограф, қағаз, құбылнама, жібек матасы.
Суретте бейнеленген құрылғы қалай және қандай принцип бойынша жұмыс жасайтынын анықтаңдар.
Дескриптор:
- Жауаптарды дәлелдермен және фактілермен көрсетеді – 3 балл
- Құрылғы қалай және қандай принцип бойынша жұмыс жасайтынын түсіндіреді – 2 балл
- Аталған өнертабыстардың қазіргі заман үшін маңызын анықтайды – 2 балл.
|
Оқулық, интернет, маркер А-4
Қосымша мәліметтерді А4 қағазға топ санына қарай басып шығару және топтарға бөліп беру және оқулық және интернет |
| Сабақтың соңы.
5-минут. |
Топтық жұмыс «Сәйкестендіру»
| арифметика |
астрономия |
медицина |
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
- Арифметика мен геометрияның дамуын сипаттайды – 2 балл
- Астрономия мен медицина ерекшеліктерін айтады – 2 балл
- Осы білімдерін қандай салада қолдануы мүмкін екенін анықтайды – 3 балл
|
Маркер А-4 , үлестірме материал интернет, оқулық |
| Бағалау
2 минут
Кері байланыс
3 минут |
Рефлексия «Смайлик» әдісі арқылы:
Сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым Сабаққа белсенді қатыстым, азда болса топқа пайдам тиді Сабақта берілген оқу материалдарын жете түсіндім, өзіме қажеттісін алдым
Үй тапсырмасы: Ұлы Қытай қорғандарының «әлемдегі ең ұзын зират» деп аталуын анықтап, эссе жазу |
Кері байланыс кемесі |
| Қосымша ақпарат |
| Саралау –Оқушыларға әртүрлі таңдау арасындағы өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін топтық, жұптық тапсырмалар беру. Сөйлемдерді өзі табу үшін толтырмаған күйде қалдыру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. |
Бағалау – Қалыптастырушы бағалау тапсырма дескрипторларына байланысты қойылады. Бағалауды мұғалім және оқушылар жүргізеді. |
Қауіпсіздік ережесін сақтау нұсқаулығы тарауларымен күнделікті таныстырып отырамын. |
| Рефлексия
Сабақ мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
| Қорытынды бағамдау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе?( оқыту мен оқуға қатысты)
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді?( Оқыту мен оқуға қатысты.)
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |