Мектеп: Жарма ауданы «Бақыршық орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Мамандық таңдау – жауапты қадам Мектеп: Жарма ауданы «Бақыршық орта мектебі» КММ
Күні: 13.12.17 Мұғалімнің аты-жөні: Малаева Гульнар Дуйсенбиновна
Сынып: 9 «Б» Қатысқандар:10 Қатыспағандар:-
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын мақсаттар: Т1 назарын шоғырландырып тыңдау Т2 Көлемдері әртүрлі мәтіндермен жұмыс
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындай алады: Мәтінді тыңдайды, мазмұнын түсінеді, қарапайым сұрақтар құрап, жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтінді мазмұндай алады. Мамандықтарды салыстыра алады. Күрделі сұрақтарға жауап жаза алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып төңірегінде пікірталасқа түсіп, өз ойын айта алады. Болашақ мамандығы туралы әңгімелей алады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Мәтінді түсінеді,сұрақтарға жауап береді, мамандық тақырыбында әңгімелеп, түйінді ой қорыта алады.
Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: мамандық, қажетті,нарық,бәсекеге қабілетті, қалаймын, түсемін, қоғамдағы орын, кәсіби…
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Сен болашақта кім боласың?

– Бұл мамандықты не үшін таңдадың?

– Не себепті мамандықты алдын ала таңдау қажетті деп ойлайсың?

– Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?

Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Алдынғы оқу: 3 мин

Сабақтың басы

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларды топқа бөлу 2 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Құпия сөз» стратегиясы 5 мин

Амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларды ортаға шақыру. Бір-біріне қарама-қарсы тұру, амандасу. Мұғалімнің әрекетін орындау.,

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір-бірінің иығын қағады

Никарагуада – арқасымен

Зимбабілде – шыңтақпен

Австралияда – шапалақ,секіру,бөксемен.

Осылайша оқушылар дене мүшелерін қайталап шығады.

Сөздік жұмыс:

Ж. (2 бағанда сөздіктердің орысша нұсқасы ашылады, әр оқушы өз жауап парағында қазақша жазады, тақтада дұрыс жауап ашылып, тексереді, өзін-өзі бағалайды).

  1. Абыройлы борыш-священный долг
  2. Адам еңбегі – труд человека
  3. Адамның еңбегінсіз – без труда человека
  4. Азаматтардың қызметі – деятельность граждан
  5. Жауапты қызмет – ответственная должность
  6. Ақылы оқыту – платное обучение
  7. Жолын қуу – продолжить
  8. Жүзеге асыру – осуществлять
  9. Зерек – сообразительный, способный
  1. Асыл мұра – ценное наследие
  2. Аямау – не жалеть
  3. Әдіс – метод
  4. Басқыш тәрізді –как лестница
  5. Бастауыш білім – начальное образование
  6. Жеке кәсіпкерлік – частное предпринимательство
  7. Жауапты хатшы-ответственный секретарь
  8. Белсене қатысу –принимать активное участие
  9. Болмашы ақша –малое количество денег

Бағалау критерийлері:

9 сөз аудармасын дұрыс жазу – «5»

7-8 сөз аудармасын дұрыс жазу – «4»

5-6 сөз аудармасын дұрыс жазу – «3»

Оқушыларға ленталарды қалаулары бойынша алып, ленталар түсі бойынша оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.

«Титестер» деген сөз жасырылады.Оқушылар ол не екенін табу бөлімнің атына шығады.

  • Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру, тақырыпты ашу – бейне-көрініс

  • Балалар, біз қандай модуль өтіп жатырмыз? (Мамандықтар)
  • Бүгінгі тақырыбымызды білу үшін экранға назар аударыңдар. ( бейне-көрініс көреді)
  • Балалар, бейне-көрініс не туралы? Әрине, мамандық таңдау өте жауапты қадам! Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатын 3 қадамға негіздеп айтып көрейік.

Бірінші қадам – сұхбаттасамыз;

Екінші қадам – өзіміз таңдаған мамандыққа байланысты 5 сөйлем көлемінде ойымызды жеткізуге тырысамыз;

Үшінші қадам – өзінді-өзің бағалайсың және топты әділ бағалайсың.

Бағалау критерилары ұсынылады(тақтада көрсетіледі)

  • Мәтіннің мазмұнын түсіну,қарапайым сұрақтар құра білу және оларға жауап бере алу.
  • Мәтінді мазмұндай алу. Мамандықтарды салыстыра алу. Бейне материал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жаза алу.
  • Тақырып төңірегінде пікірталасқа түсу, өз ойын айта алу.

Бағалау дескрипторлары ұсынылады(тақтада көрсетіледі)

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді,қарапайым сұрақтар құра біледі, жауап бере алады.
  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді,мәтінді мазмұндай алады. Мамандықтарды салыстыра алады. Бейне материал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жаза алады.
  • Тақырып төңірегінде пікірталасқа түсіп, өз ойын айта алады.
әр оқушыға өз жауап парағы, өзін-өзі бағалау парағы

Түрлі түсті ленталар

Презентация көрсетіледі

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

Мәтінмен танысу

20 мин

Топпен жұмыс.

  1. мин

Рефлексия (7 мин).

«Бес бармақ» әдісі бойынша кері байланыс жүргізу

Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Т. Мәтінмен жұмыс: 2 қадамнан тұрады.

  • Оқушылар кезекпен толық мәтінді оқиды.

Мәтінді 2 топқа азат жолдар бойынша таратылады.

1 қадам:

Аудармашылар тобы мәтінді оқып, аударып, ат қояды. 4 зат есімді сөзді тауып, қазақша,орысша, ағылшынша аударып ортаға салуы қажет (мысалы: ана-мама-mathe).

Кеңесшілер тобы мәтінді оқып, аударады, ат қояды. Мамандық таңдауда 5 қадамды айқындап жазады, ортаға салады (схема).

2 қадам:

«Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылыоқушылар «Мамандық таңдау – жауапты қадам»тақырып бойынша мәтіндерді түсініп оқиды. Оқып болған соң,әр топтан тілші,ғалым,хатшы шығады. Тілші мәтінге қатысты сұрақтар қояды. Ғалым жауап береді. Хатшы жазып шығып,соңыңда қорытындылайды.(Жалпы екі топқа тапсырма)

АУДАРМАШЫЛАР тобы.

Мектеп бітірушілерге болашақ мамандық таңдау – өте маңызды және жауапты қадам. Ұнамайтын мамандық саласында бірнеше жылыңды босқа өткізбес үшін қателеспеу керек. Ең бастысы, өзіңе не қажет екенін білу. Өскенде кім болғың келеді? Бұл – үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің мамандық таңдайтын және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кезің келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау – қоғамдағы өз орыныңды табудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

КЕҢЕСШІЛЕР тобы.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамның бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Әр адамның өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Биік шың адамға оңайлықпен келмейді. Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтар алдында әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.

Т. Бағалау критерийлері

Әр топ келесі топқа баға береді:

Аудармашылар тобы: мәтінді аудару ,4 зат есімді табу, қазақша, орысша, ағылшынша аудару (ана- мама-mather)

Кеңесшілер тобы: мәтінді аудару, мамандық таңдауда ең алғашқы 5 қадамды жазып кеңес беру.

10 ұпай- егер берілген критерийлері толық орындалса.

Егер бір ғана критерийі орындалмаса – 5 ұпай.

Ж. Грамматикалық тапсырма. Сөз тудырушы жұрнақты дұрыс жалғау. Сөйлем құрау.

Бағалау критерийлері:

8 дұрыс жауап жазу – «5»

6 дұрыс жауап жазу – «4»

4 дұрыс жауап жазу – «3»

Ж. Бейнеүзіндіні екінші рет мұқият тыңдайды, көреді. Оқушылар түсінгендерін дәлелдеу мақсатында берілген сұрақтарға жауап беріп көреді. Жеке жұмыс.

1.Қазіргі таңда мамандық таңдаған жоқ

А. Шахмұрат Сарин

Б. Саят Медеуов

В. Гүлжазира Қалиқызы

Серік Қалиевте неше диплом бар?

А. 1

Б. 3

В. 2

3. Елімізде неше жоғары оқу орыны бар?

А. 136

Б. 126

В. 250

4. Әлихан Қали қандай мамандық таңдады?

А. IT

Б. Ұшқыш

В. Сазгер

5.Тілші Гүлжазира Қалиқызы қандай кеңес береді?

А. Нанотехнолог

Б. Кардиолог

В. Зергер

Бағалау критерийлері:

5 дұрыс жауап жазу – «5»

4 дұрыс жауап жазу – «4»

3 дұрыс жауап жазу – «3»

1. Бас бармақ– басты мәселе. Бүгінгі сабақта екі құнды мәселе қандай болды.

2. Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3. Ортан терек– ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. Шылдыр шүмек- шынайлық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. Кішкентай бөбек- көңіл-күйаухалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.

Мәтін беріледі

Оқушының аты-жөні Сөздікпен жеке

жұмыс

(сыңарын тап)

Мәтінмен

топтық жұмыс

Грамматикалық тапсырма. Бейне- көрініс бойынша сұрақтар Қорытынды

баға

Үй тапсырмасын беру. 1 мин. Болашақ мамандығың

  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен бұл жағдайда не істер едің?

Бағалау. 2 мин Бағалау парағы бойынша мұғалім қорытындылайды. Күнделікке баға қойылады.

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс:
Мейлінше қолдау көрсетуді мен осылайша жоспарлаймын:

  • Оқушыларды тапсырма күрделілігіне қарай бөлмеймін, барлығы бірдей жеңіл тапсырмадан күрделіге қарай ауыса отырып, өзін-өзі нақты берілген критерийлер бойынша бағалап, алға ілгерілеу барысында, шамалары келетін тапсырманы орындау арқылы көз жеткізеді.
  • Осы жерде кейбір оқушылар орындай алатын күрделі тапсырмалар сұрыпталып қалады деп ойлаймын.
Бағалау критерийлері, дескрипторлар арқылы,

өзін –өзі, бірін – бірі, топтардың өзара бағалауы бойынша және кері байланыс арқылы

орыс тілі, ағылшын тілі

АКТ-мен байланыс

Рефлексия(Өткен шақта)

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырма сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері орындалды.

Оқушылар мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы қазақша тыңдап, айтып үйренді.

Сабақ оқу мақсатына сай өтті.

Жоспарланған саралау іске асты.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Бағалау критерийлері мен дескрипторларын, әрбір тапсырманың соңына енгіздім. Себебі бағалау дұрыс жүрген жерде оқушылардың уәжі көтеріле ме деген ойдамын.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға байланысты)

1. Бейнеүзінді тыңдап, сұрақтарға жауап жазу.

2. Бағалау.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақты одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға байланысты)

1._____________________________________________________________________________________

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше