Қабипова Зәуреш Мусақызы
Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қабипова Зәуреш Мусақызы
Тақырып: Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі. 1 сағаты
Мектеп:Талдыкөл мектеп-балабақша кешені
Пән: Сауат ашу.
3бөлім: Менің отбасым және достарым. Тақырып: Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі. 1 сағаты
1 «А» сынып 2 тоқсан
Мұғалімнің аты-жөні: Қабипова З.М.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап
1.3.5.1Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар білу керек:
Дыбыстық талдау жасау арқылы сөз құрайды. Сөйлемді тұтас оқиды.
Көпшілігі:
І дыбысының баспа және жазба түріндегі айырмашылықты біледі, сөздерді буындап, тұтас оқуға дағдыланады.
Кейбір оқушылар:
Буындап оқиды. Бас әрпі мен кіші әрпін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Өлең не туралы?
Атасыі кім болып жұмыс істейді?
Ол не үшін мектепке барады?
Алдыңғы сабақта
І дыбысы мен әрпі. 15 дыбыс: А,Н,Л,Р,О,Т,У,Ш,С,Д,Ы,М,Қ,Ұ,І.
Тілдік мақсат
Ін, іс, іл, шіл, ірі.
Жоспар
Белгіленген уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Дерек-көздер
Басы
5 минут
Ортасы
25 минут
Соңы
5 минут
Ширату жаттығуы.
Ой шақыру
Отбасы қандай болу керек?
Отбасыңа сипаттама бер.
Сен отбасыңда не істейсің?
Сені отбасыңда қалай еркелетеді?
«Бастағы қалпақ»
Сабақтың мақсатын болжау
Оқушыларға түрлі аңдардың іздерінің суретін көрсетемін. Аңдар мен құстардың, адамның іздерін салыстырады.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Оқулықтағы
«ін», «іні», «ірі», «іс», «тіл», «шіл», «іш», «тіс», «іл» сөздерінің оқылу үлгісін көрсетемін.
«Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады» мақалын оқушыларға оқытып, мағынасына талдау жасатамын.
Қай сурет сызбаға сәйкес келетінін оқушыларға тапқызу. Оқушылар суреттегі («кілт», «піл», «тіл», «шіл») сөздердің атауын тауып, қайсысы берілген сөз сызбасына сәйкес келетінін айтады.
Дыбыстық талдау жасатамын. Сөздерді қатыстырып сөйлем құратамын.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белді бекем буайық.
Оң қолыңды сол жаққа,
Сол қолыңды оң жаққа
Шеңбер жасап бұлғайық.
Жақсылап бір байқа да,
5-6 рет қайтала.
Дәптермен жұмыс.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Құрметпенен қараймын.
Дәптерімді кірлетпей,
Әріптерді жазамын.
І дыбысының элементтерімен танысу арқылы әріпті салу.
І әрпі неге ұқсайды?
«Қазына іздеу» І әрпі сөздің қай бөлігінде кездеседі екен?
Ой бөлісу
Мақсатты болжау
Жұмбақ шешу
ТЫҢДАЛЫМ
Буындар-ды оқу
Оқылым
ҚБ
Жазылым
«Қазына іздеу»
Қосымша ақпарат.
Дифференциация – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?
Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
\
Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?
Смайликтер арқылы бағалау.
Қалыптастырушы бағалау.
