Мұқан Назира Мұратқызы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Көктас ауылының ЖББ №4 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Мұқан Назира Мұратқызы
Пәні:Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызуғышылығын арттыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, жұппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аударту.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақшы. Себебі сабағымызға көптеген ұлағатты ұстаздарымыз қонаққа келіп отыр. Бүгінгі сабағымызда бар күшімізді сала отырып өз білімдерімізді шындай түсейік.
-Жақсы балалар, сабағымызды бастамас бұрын ұранымызды еске түсірейік.
Әрбір адам?
–Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ?
-Үйрену,ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің?
– Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің?
– Шындық, бірлік, адалдық.
-Жарайсыңдар балалар, олай болса бүгінгі ашық сабағымызды ашық деп жариялаймын.
Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. Үйге қандай тапсырма берілді?
І. Қызығушылығын ояту.
Тест жұмысы.
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
п) 6 р) 5 с) 7
2.Сөйлемнен табыс септігінде тұрған сөзді тап:
Кеше Сәулені көрдім.
а) келді ә) Сәулені б) кеше
- Ілік септігінің сұрақтарын тап.
с) кімде? неде? т) кімнің? ненің? у) кімнен? неден?
- Жатыс септігінің жалғауларын тап:
с) –дан, -ден, -тан, -тен т) – да, – де, -та, -те
у) –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
- Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.
к) мектептен и) мектепте і) мектептің
6.Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын септік атауын көрсет.
л) көмектес м) жатыс н) атау
- Септеулі сөзді табыңыз?
к) Балаң и)Балалар і) Баламен
8.Табыс септігіндегі сөздерді табыңыз.
Л) кітапты и) Айнұрға к) Әкесін, шешесін.
Болсақ балалар тесттің жауабын тақтамен тексерейік.
| с | ә | т | т | і | л | і | к |
Балалар, олай болса бүгінгі сабағымызды бір бірімізге сәттілік тілей отырып бастайық.
Балалар, мен бүгінгі сабағымызды математика сабағымен байланыстырғым келіп отыр. Сол үшін математикалық есептерді шеше отырып бүгінгі тақырыбымызды шығарып алайық.
250·10꞊2500 ш
45·20꞊900 ы
450:10꞊45 ғ
6400:800꞊8 ы
720·100꞊72000 с
154·15꞊2310 с
325·42꞊13650 е
312·31꞊9672 п
121·13꞊1573 т
123·12꞊1476 і
223·24꞊5352 к
Өте жақсы балалар, олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Шығыс септігі».
Жалпы қазақ тілінде неше септік бар?Атап шығайықшы қанекей.
Балалар енді бәріміз 62-жаттығуға карайықшы.Берілгенін кім оқиды?
Оқулықпен жұмыс. 62– жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Олардың қай септікте тұрғанын айту.
Жаңбырдан соң көңілді,
Аспаннан нұр төгілді.
Сергіп қалды жер беті,
Кемпірқосақ керілді.
Қай септікте тұр екен?Олай болса шығыс септігіне ереже шығарып көрейік.
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септік жалғаулары: – дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен. Бұл жалғауларды шығыс септік жалғаулары деп атайды.
Жаксы балалар енді барлығымыз 63-жаттығуды дәптерімізге көшіріп,шығыс септіктегі сөздерді тауып астын сызайық.
Сергіту сәті.
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір – бірімен шатастырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жаттап алсаң балақай,
Зат есімді септе тез.
64 – жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу. Шығыс септіктегі сөзді табу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
Аттан биік,
Қойдан аласа.
(Ертоқым)
-Балалар, ертоқым ол ат әбзелдерінің бірі.Сендер қандай ат әбзелдерін білесіңдер?( ертоқым, жүген, қамшы, терлік,бөстек, айыр, үзеңгі т,б.
-Өте жақсы балалар, олай болса біз келесі тапсырмамызға көшейік.Балалар, қазір сендерге тапсырма парақшалары беріледі.Тапсырма мынадай көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақалды жалғастырып,мақалдын мағынасын ашу. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтамыз.
| Мақалдар | Мағынасы |
| Ақыл ….. шығар, асыл ….. шығар. | |
| … тама – тама дария болар. | |
| ….. береке кетпес, берекелі жерден мереке кетпес. | |
| Қорқақ .. .. де қорқады. | |
| Отан ….. да ыстық. | |
| Бір …. қол шығарып, бір ….. бас шығар. | |
| Барлық ….. сөз өнері күшті. | |
| Қонақ ….. да жуас. Май берсең де жей береді. |
-Жарайсыңдар балалар, 66- жаттығуға назар аударауық. Бізге жалғаулар берілген екен, сол жалғауларға сай келетін зат есімдерді қойып жазуымыз керек.
…….. -нан
…….. -нен
……. -дан
……. -ден
…… -тан
….. -тен
Өте жақсы балалар, енді сабағымызды қорытындылау үшін семантикалық картамен жұмыс жасайық.
| Сөздер | Атау септік | Ілік септік | Барыс
септік |
Табыс септік | Жатыс септік | Шығыс септік | |
| Бөлмеде, құмда, Айданада | |||||||
| Суретшінің, ағаштың, оқушылардың | |||||||
| Оқушы, кітап, ағаштар | |||||||
| Шеңберді, саңырауқұлақты, Әсемді | |||||||
| Ауылға, мектепке,
Сәулеге |
|||||||
| Әжеден, кітаптан, оқушылардан | |||||||
Жарайсыңдар балалар, үйге тапсырма жазып алайық.
67- жаттығу 133 бет
Бүгінгі сабаққа белсенді қатысып отырдық.Тәртіптерінде өте тамаша, көркем жаза білдік.Оқушыларды бағалау.
| Қ | а | к | б | Ө | п | е | д | е | н | ә | н | і | Ж | у |
| П | А | т | с | Н | Р | о | қ | у | л | ы | Қ | т | А | н |
| А | Л | В | Б | Е | т | а | ы | с | ш | Д | К | О | Р | К |
| А | М | Ә | Ж | Р | ә | у | е | н | е | Н | І | А | Қ | Ғ |
| Л | А | І | ш | Д | п | м | ж | г | э | Д | Т | с | Ы | Т |
| Д | Д | А | и | Е | п | з | т | а | у | д | А | н | Н | А |
| И | А | Н | о | Н | в | ф | ш | б | ж | к | П | И | Н | С |
| Я | н | Р | М | ө | р | і | с | т | е | н | Т | Л | А | Т |
| Р | Ұ | О | Х | е | в | ц | и | б | ю | и | А | Д | н | А |
| Д | Ү | а | Я | У | л | ы | м | н | а | н | Н | К | в | Н |
| А | ы | к | Л | Ч | м | а | д | и | н | а | д | А | н | Г |
| Н | Ұ | Р | з | а | д | а | д | а | н | т | у | ж | Й | Д |
| Л | Қ | Ұ | а | б | ы | л | а | й | д | А | н | а | Ғ | О |
| Ұ | К | Ү | Ж | з | х | п | а | х | м | е | т | т | Е | Н |
| Ө | У | Ә | а | р | у | ж | а | н | н | а | н | и | к | Б |
