Ауелбекова Ақперне Намазбаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Жамбыл а/ә , Жалын е/м
Ш. Бектасов жалпы орта мектебі
География пәні мұғалімі :Ауелбекова Ақперне Намазбаевна
Тақырыбы:Топырақ- табиғаттың сыйы
Анататция
Топырақ-табиғи процес.Топырақ жер бетінің дамуына маңызды орта боладыТопырақ литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі.Топырақ жер бетіндегі тіршіліктің дамуына аса қажетті зат.
Резюм
Природны процессы в почве.Почва будет важным средством для развития земной поверхности. Слой почвы, связанный с верхними сломями воздуха литосферы, основа всей жизни в биосфере. Почва имеет важное значение для развития жизни на Земле.
Anatatciya
Natural processes in the soil.The soil will an important medium for the development of the earth’s surface.The soil layer associated with the upper air layers of the lithosphere, the basis of all life in the biosphere.The soil is essential to the development of life on earth.
Топырақ- табиғаттың сыйы.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы борышы.Ал, табиғат байлығының бір түрі- топырақ. Халқымыз ежелден ақ жерді-ана, егістікті-асыраушы деп айтады.Өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты, өсімдік пен жануарлар көмегімен, топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушысы болу үшін,оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселені шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.Адам баласы ең алғаш жердің егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді.Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда,орын алуы,жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану,топырақтардың құнарлығының азаюы, т.б. осы мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аудара бастады. ХІХ ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің еңбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жаза бастады.Олар топырақтың жоғарғы қабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөліп,топырақ деген жердің тек жыртылған , өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептелді.Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама В.В.Докучаевтың ғылымға жаңа бағыт әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.Қазіргі түсінік бойынша топырақ-жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғаттқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым.Топырақтың негізгі қасиеті-құнарлығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректі заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады.Табиғаттың жоғарғы туындысы-адам топырақ құнарын өсімдік пен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланады.Топырақ-асыраушы ана,күш –қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі , ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші.Егіншілік малшаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлығына тәуелді.Топырақтың басқа өндіргіш күштерден айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп халықты асырайды, машиналар сияқты азып-тозып істен шықпайды.Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын құбылыс.Мәселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілу үшін 5-8 мың жыл уақыт керек.Құнарлы қабаты түгелдей жойылатын топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан да адам өзінің тыныс- тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан , басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ қүнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыру қажет.
Топырақ планетаралық қабаттардың ( литосфера,атмосфера, биосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің арақатынасында дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераның, яғни жердің топырақ жамылғысы.Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы- биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы ролі өте зор.Топырақ өзі тіршіліктің туындысы бола отырып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі.Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және биологиялық айналымы өтеді.Биологиялық кіші зат айналым кезінде , ең алдымен, аналық тау жынысынан кейін топырақтан өсімдіктермен қоректі элементтер алынады.Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады.Биологиялық кіші зат айналым нәтежесі-қоректі элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі.Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды.Топырақтың тағы бір функциясы –ол ауа мен су сферасының химиялық құрамын реттейді.Фотосинтез арқылы өсімдіктер көмір қышқыл газын сіңіреді де көміртегі тотығын құралатын органикалық синтезін өткізеді.
Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстарды реттейді.Топырақ –адамзат үшін өлшемі жоқ , баға жетпейтін байлық пен құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.Адамның тіршілігі үшін ең қажет су ,ауа, тамақ .Осы маңызды заттардың бәріде топырақта.
Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылықта топырақтан шығады.
Тәуелсіз еліміз өркениетті елдермен терезесі тең болып ғылым- білім саласында бәсекеге түсіп, өз орнын көрсете алатындай дәрежеге ұмтылуда.Туған табиғатты аялап, қорғау табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білуінен басталады .Сондықтан да табиғат пен қоғамның ара қатынасын, табиғи қорларды тиімді пайдалану идеясын түсінуге,қазіргі заманғы экологиялық проблемаларды оңтайлы шешуде , дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуының маңызы зор.Адамзат алдында жер планетасының топырақ жамылғысын келер ұрпаққа сақтап, оны тозбаған, ластанбаған, құнарлығын жақсартып, артқан күйінде жеткізудің міндеті тұр. Тәңіріміз тарту еткен табиғаттың осынау байлығын сақтау әрбір адамның азаматтың, перзенттік борышы.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Жамбыл а/ә , Жалын е/м
Ш. Бектасов жалпы орта мектебі
География пәні мұғалімі :