Тағаева Жаңылай Владимировна.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қопа орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Тағаева Жаңылай Владимировна.
Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан. Мәлік Ғабдуллин.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды М. Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» тарихи әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.Ел тарихы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын сүюге, батыр ағалардың еңбегін бағалауға., құрметтеуге тәрбиелеу. Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,АКТ,топтық жұмыс
Көрнекілік: Суреттер. Б. Момышұлының портреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Таратылған суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Оқушыларды М. Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» тарихи әңгімесімен таныстыру.Автор туралы мәлімет беру.
- Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
«Жазушылар» топтамасы. Б. Момышұлы туралы мәлімет. .
ББҰ кестесі
-Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. «Білемін» «Білгім келеді» бөлігін толтырады.
| Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
| Бауыржан атамыз соғысқа қатысқан батыр | Бауыржанның өмірі,соғыста көрсеткен ерліктері |
ҰОС туралы мәлімет беру.
Соғыстағы қазақ елінің батырларының қайталанбас ерліктерінен мағлұмат беру.
- Қандай батырларды білесіңдер?
/ Оқушылардың көмегімен тірек сызбаны толтыру./
.
Бауыржан Момышұлы -24/12/1910 ж казіргі Жамбыл обл,Жуалы ауданы,Көлбастау ауылында дүниеге келді,–10/06/1982 жылы Алматыда қайтыс болды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан,жазушы,даңқты жауынгер,гвардия полковнигі,халық қаһарманы.Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен,тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті,батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.
Оқулықпен жұмыс.
1 топ.Мәтінді түсініп оқу.
2 топ.Мазмұнын айту..
3 топ Мәтіндегі Бауыржанның сөзін тауып оқу.
.Сөздік жұмыс. Оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті Жалқаулықты тастаймыз.
Шынығамыз жастай біз,
Ырғағымен әуеннің
Жаттығуды бастаймыз.
. Мәтін ішінде кездескен мақалдарды тауып, дәптерге жазып алу.Мағынасын түсіндіру.
а) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
ә) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді
б) Ел намысы ─ ер амысы
Мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру.
1 топ.Сұрақтарға жауап жазу.
- 1941жылы қандай оқиға болды?
- Полк командирі командирлерді не үшін жиған екен?
-
Бауыржан жігіттерге не айтты?
2 топ. Бес жолды өлең құрастыру.
3 топ. Мәтіндегі тарихи тұлғалар Исатай,Абай,Шоқан туралы әңгімелеу.
Кім? -Бауыржан
Не істеді ? –ерлік көрсетті,басқарды,шайқасты.
Қандай ? – қатаң,ержүрек,әділ.
Синоним.Даңкты жауынгер
Сөйлем. Бауыржан әскери шеберлігімен ерекше көзге түсті.
Қорытынды:
ББҮ кестесі « Үйрендім» бөлігін толтыру.
| Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
| Бауыржан атамыз соғысқа қатысқан батыр. | Бауыржанның өмірі,көрсеткен ерліктері | Соғыстағы әскери шеберлігі,ар мен намыс иесі екенін,ержүректігін |
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұнын айту.
Б.Момышұлы туралы деректер жинау.
Бағалау.Түстер арқылы оқушыларды бағалау.
