Болатқызы Венера
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
Кенбай орта мектебі
География пәні мұғалімі
Болатқызы Венера
Пәні:
География
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы:
«План және карта» тарауын қорытындылау
Сілтеме:
Физикалық география 6 сынып, география пәні бойынша дидактикалық материалдар, электрондық оқулық 6 сынып, флипчарт, «Bilimland»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, қорытындылау арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру
Оқыту нәтижелері:
1.Алған білімдерін талдай алады, практика жүзінде қолданады
2.Топпен жұмыс жасай отырып, бір – бірінің пікірін тыңдап, пікір алмасуға үйренеді.
3. Оқушылар өз пікірлерін жеткізіп, дәлелді сөйлеуге дағдыланады.
4.Оқушылар қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, мейірімділікке үйренеді.
Әдістер мен тәсілдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқыту үшін оқуды бағалау.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер.
Жеке жұмыс, топпен жұмыс, сыныппен жұмыс.
Ресурстар:
Интербелсенді тақта, «Bilimland» видеороликтері, флипчарт, слайд, смайлик, стикер, маркер, бояулар, бағалау парағы т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Ресурстар
Кіріспе
Ұйымдас-тыру кезеңі
5 мин
Амандасу, түгелдеу, сыныпты топқа бөлу,
ат қою. Оқушыларды «Жұмбақ» арқылы топқа бөлу
І топ «Экватор»
ІІ топ «Параллель»
ІІІ топ «Меридиан»
Көңіл – күйді анықтау.
Оқушылар түрлі – түсті стикер арқылы топқа бөлінеді, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру және сабақтың сәтті шығуы мақсатында топтың ережесін жазып іледі.
Топ басшысы сайланады.
Интербелсенді тақта, слайд №2
Білу
Мақсат қою кезеңі
3 мин
«Адасқан әріптерден» құралған тарауға қатысты сөздер беріледі.
Тарауға қатысты сөздерді табады.
Интербелсенді тақта, слайд №3,4
Түсіну
5 мин
Топтық жұмыс
Сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.
Алған білімдерін еске түсіру үшін видео ролик көреді.
www.bilimmedia.kz.
Берілген тапсырманы орындайды. Сағат тілінің жүрісімен парақтарын алмасады, бір-бірлерінің жауаптарын тексереді. Қорытындысын шығарады. Топтар бірін-бірі бағалайды.
бейнеролик, интербелсенді тақта,
түрлі – түсті маркер
слайд №5,6,7
Қолдану
5 мин
Топтық жұмыс.
«Шартты белгілер сыры»
Оқушыларға топографиялық диктант беріледі.
Топтар тапсырмаларын алмастыру арқылы тақтадағы жауаптармен салыстырып тексереді. Қорытындысын шығарады.
Интербелсенді тақта,
оқулық,
түрлі-түсті маркер
слайд №9,10
Ой сергіту
3 мин
Сергіту сәті.
«Бұзық телефон»
Шаттық шеңберге тұрып, бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды, соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сол сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
Интербелсенді тақта, бояулар,
слайд №11
Талдау
7 мин
Жеке жұмыс
«Картаны оқимыз»
Географиялық координата мен қашықтықты анықтауға тапсырмалар беріледі.
- Қазақстан мен дүние жүзінің физикалық картасын қолдана отырып берілген нысандар арасындағы арақашықтықты табады.
- Географиялық координаттарды анықтайды.
Интербелсенді тақта,
Жарты шарлар картасы,
Атлас 6 сынып, Қазақстанның атласы, сызғыш
слайд №12,13,14,15
Жинақтау
4 мин
Жеке жұмыс
Тест
Тест арқылы бүгінгі алған білімдеріне қорытынды жасайды.
Интербелсенді тақта,
слайд №16,17
Бағалау
3 мин
Сабақты қорытындылайды. Жиынтық бағалары шығарылады. Мұғалім әрбір топқа бағалау ресурстарын қосымша ұсынады.
Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды. Соңында өздерін өздері бағалап жинақталған бағаларын шығарады
Интербелсенді тақта, бағалау парағы
Рефлексия
4 мин
Кері байланыс
«Шеринг» әдісі
«Блоб» ағашы
Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды.
Интербелсенді тақта, түрлі түсті қалпақтар,
слайд №18
Үйге тапсырма
1 мин
«План және карта» тарауын қайталау.Азимут, масштаб, географиялық координаттар анықтау бойынша есептер шығару.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілеп жазып алады.
Интербелсенді тақта, слайд №19
«План және карта» тарауын қорытындылау тақырыбындағы сабағыма рефлексиялық есеп
География пәнінен 7 модульді кіріктіре отырып, 13 қараша күні 6ә сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «План және карта тарауын қорытындылау» тақырыбында сабақ өттім.
Сынып оқушыларын топқа бөлмес бұрын, оқушыларды сабаққа дайындадым. Мен әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқа аса үлкен мән беремін. Дұрыс қойылған мақсат қана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады.
Оқушыларды жұмбақ қою арқылы «Экватор», «Меридиан», «Параллель» деп 3 топқа бөлдім. Топқа бөлініп болған соң, оқушылар өз топ басшыларын сайлады. Бағалау қағазы таратылды. Топ басшысына топқа оқушыларды қалай, қайтіп бағалайтыны жөнінде кретерий де таратылып берілді.
Сабақты «Адасқан әріптер» арқылы сыни тұрғыдан ойландырып, сабақты ашып алдық.
1) ТАРКА КАРТА
2) СЛБУОГ ГЛОБУС
3) АЛЛЬЛЕПРА ПАРАЛЛЕЛЬ
4) ЛЮПОС ПОЛЮС
5) ТСААШМБ МАСШТАБ
6) ТЗМАУИ АЗИМУТ
7) ТВОЭРАК ЭКВАТОР
8) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН
9) КЕДІН ЕНДІК
10)ЛЫБОЙҚ БОЙЛЫҚ
Содан кейін, интерактивті тақтаның көмегімен презентация арқылы сабақты толықтырып кеттім. Географиялық ендік пен бойлық туралы видеоролик көрсетіп, оқушыларға алған білімдерін естеріне түсірдім. Оқушылармен бірге «Cәйкестендіру» тапсырмасын орындадық.
Ұғымдар мен терминдар түсіндірмелері
Жауаптың нұсқасы
Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан.
Масштаб
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы.
Географиялық карта
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.
Абсолют биіктік
Аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы
Көкжиек
Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
Азимут
180° азимут қандай көкжиек тұсы.
Оңтүстік
Жер бетінің белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен жазықтықтағы сызбасы.
План
Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал.
Деңгейлегіш
Ең ұзын параллель.
Экватор
Жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.
Меридиан
Жер бетінде ойша экваторға параллель жүргізілген сызықтар.
Параллель
Жер бетіндегі кез-келген нүктенің басқа нүктеден айырмасы.
Салыстырмалы биіктік
Мұнда олар географиялық ұғымдар мен терминдерді сәйкестендірді. Мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге ала отырып, сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларды тізбектесек; мұғалімнің балалардың қалай оқитынын түсінуі; нені оқыту керектігін түсінуі; оқу үдерісінің қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндіктерін игеруі. . Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана берілген материалдар толық меңгеріледі. Мұғалім оқушылардың не білетінін және нені және қалай жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырысады. Осы аталған нұсқаулықты негізге ала отырып, сабақты нақтылап, жоспарладым.
Сабақ ары қарай «Шартты белгілер сыры» атты бөліммен жалғасты.
Біз Серік екеуміз (қаладан) шығып, (тасжол) мен жүріп, (өзендегі ағаш көпір) ден өттік. (Көл мен батпақты) айналып, (аралас орман)ішіндегі (жыраны) жағалап өттік. Одан әрі екеуіміз 1 шақырым (шалғындағы соқпақ жол) мен (жеміс бағына)барып, алма жинадық.
Мұнда оқушылар топографиялық диктанттар орындап, шартты белгілермен жұмыс жасады. Мен үшін бұл ерекше қызықты болды. Себебі, оқушылар шартты белгілерді өте жақсы меңгерген. Әрине, берілген тапсырмалар мен сұрақтар жас ерекшелігі мен оқулық шеңберінен алыстап кеткен жоқ. Менің ойымша, мен күткен нәтижелер орындалды. Топ басшылары да, топ мүшелері де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға дайын болды. Мен тек сырттай бақылап, бағыттап отырдым. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Ақерке, Аршат, Шұғыла, Азамат болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Мұғалімнің үш негізгі көмекшісіне сүйене отырып, сынып ішіндегі климаттың, тақырыптың барынша оқушыларға қолжетімді, сапалы өтуіне барынша тырыстым.
Оқушылар «Бұзық телефон» атты сергіту сәтін жасады. Мұнда оқушылар тақырыпқа қатысты сөздерді құлақтарына сыбырлап дұрыс тындалым, айтылымға бағыттады. Келесі біздің кезеңіміз «Картаны оқимыз» деп аталды.
1 тапсырма: Қазақстанның мен дүние жүзінің физикалық картасын қолдана отырып берілген нысандар арасындағы арақашықтық табу.
Семей – Өскемен
Қазақстанның физикалық картасынан
1см-де 100 км
1,7 * 100=170 км
Алматы – Пекин
Жарты шарлар картасынан
1 см-де 850 км
4 * 850= 3400 км
Ақтөбе – Тараз
1см-де 100 км
13,2 * 100= 1320 км
2 тапсырма: Географиялық координаттар анықтау бойынша
1.52º с.е. пен 14º ш.б.-та орналасқан қала, ол қай елдің астанасы?
Берлин-Германия
2.Орталық бөлігі 19º о.е. пен 47º ш.б.-та орналасқан аралда ең кішкентай маймылдар тіршілік етеді. Бұл қай арал?
Мадагаскар аралы
3.№1 кеменің теңізшілері 10º с.е. пен 160º б.б.-тағы мұхит тереңдігін анықтауға тапсырма алды. Ал №2 кеме 10º о.е. пен 160º б.б.-та осындай тапсырма орындауға тиіс. Осы жерлерді кескін картаға белгіле. Арақашықтығын тап.
2,7 см х 900 км= 2430 км
Топтар өз жұмыстарын алды. Бұл кезеңде оқушылар географиялық обьектілер арасындағы қашықтықты және географиялық координаталарды анықтады. Оқушылар картамен жұмыс жасады.Топ басшыларына таратылып берілген бағалау қағазына топ лидері бағалап отырды. Бекіту тапсырмасы ретінде тест бердім.
1. Жердің дәл үлгісі:
а) план; ә) карта; б) глобус
2. Экватордың ұзындығы:
а) 40 000км; ә) 30 000км; б) 50 000км
3. Полюстерді қосатын сызық қалай аталады?
А) параллель; ә) меридиан; б) экватор
4. Ірі масштабты ажыратыңыз:
А) 1:2 000; ә)1:20 000; б) 1:200 000
5. Масштабтың қанша түрі бар?
А) 4; ә)2; б)3
6. 1800 азимут көкжиектің қай тұсына сәкес келеді?
А) солтүстік; ә) оңтүстік; б) шығыс
Оқушылар бұл кезеңде өте шапшаңдықпен жауап беріп отырды. Осыдан өзім бір қорытындыға келдім. Егер де дұрыс мақсаттар мен дұрыс таңдалынып алынған деңгейлік тапсырмаларды берсек, оқушылар онымен де жұмыс істей алады. Бұл өз кезегінде, оқушының өздігінен ізденуіне, анализдеп синтездеуге, өз пікірін қорғауға көп септігін тигізеді. Мен сабақ барысында оқушыларды
әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді, әрі қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алдым. Менің ойымша,бүгінгі сабақ балаларға ұнады.
Білім сапасы мен үшін әрқашанда бірінші орында тұрады. Ол үшін бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу маңызды . Ұстаздың мықты болуы, пәндік-теориялық білімінің жетілуінің мықты болуы үшін ұстаздың өзі бір орында тоқтап қалмауы керек. Барлығын анализдеп, синтездеп барып қана өзіңіз күтетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Алдағы уақытта өзімнің тәжірибелерім мен зерттеулерімді 7 модулді ықпалдастыра отырып, сыныптағы білім сапасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын одан ары көтеруге бар күшім мен жігерімді салатын боламын.
Бұл сабақта жеткен жетістігім: тақырып толығымен талданды, себебі оқушылар әр түрлі танымдық тапсырмалар орындай отырып, алға қойған мақсаттарына жете білді. Тақырыптың негізгі түйінін ашты, шығармашылық жұмыс жасауда теорияны практикамен өздері ұштастыра алды.
Сабақ беру барысында жеті модульдің жетеуі толығымен қамтылды деп ойлаймын, оған нақты дәлелдер келтірер болсам:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сабақ барысында оқушы да, оқытушы да жаңа тәсілдер арқылы білімдерін толықтыра түсті бір-бірін өзара оқытты.
2. Суреттер мен кілт сөздер арқылы болжау, топтық шығармашылық жұмыс жасау сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін дамытуға қолданылған жұмыстардың бірі екенін айтуға болады деп ойлаймын. Сұраққа жауаптың ең негізгі түйінін ашу барысында міндетті түрде сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететіндігі.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда, топ басшысының бағалауы, топтар бір-бірін бағалауы, ынталандыру ретінде бағалау, сабақ барысында оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде екенін біліуіме үлкен көмегін тигізді.
4. Білім беруде АКТ-ды пайдалануға құрылған слайд, таймерді қолдануымды айтуға болады.
5. Білім берудегі басқару және көшбасшылық сабақ барысында өте жақсы байқалды. Мұғалім көшбасшылығы ретінде сабақтың тиімді жоспарланып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеуді, сабақтың мақсаты толығымен орындалып, нәтижеге жеткендігімді айтуға болады.
6. Дарынды оқушының жұмысы байқалды. 2 топ оқушыларының Ақерке мен Аршаттың деңгейі тапсырманы бірінші болып аяқтап, топ ішінде түсіндіруі, топтар мүшелеріне көмектесуі.
7. Оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты модулге оқушылардың деңгейлері бойынша топта атқарған жұмыстарын айтуға болады деп ойлаймын.
Жеті модульді ықпалдастырып, әр түрлі стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы сабақты ұйымдастыру, оқушылардың білімге деген құштарлықтары мен өз бетімен іздену дағыдысын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға болатындығына көзім жетті.
