А.Байтұрсынов

Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Маңырақ ауылы
А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп КММ

Тақырыбы: «Жыл бойы өткенді қайталау я, ю әріптері»

Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2а
Өткізген: Сагидолдина Гульназ Бердыевна
І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау (я,ю әріптері)
Сабақтың мақсаты: я, ю әріптері туралы білімдерін пысықтау
Күтілетін нәтиже:
Я, ю әріптерінің жазылуын біледі
Я, ю әріптері жазылатын сөздерді ажыратады.
Жаттығу барысында ережені қолдана алады.
Көрнекілік: оқулық, дәптер, презентация,ә діс-тәсілге қажетті ресурстар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу үш тілде
2. Психологиялық ахуал
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық
Міне, сендермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты боп, шаңырағы биік болсын дегім келеді.Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық.
3. Топқа бөлу «Ою түрлері»
Топтың санына байланысты белгілі бір түрлі-түсті қағаздардан қиылған оюдың түрлерін таңдап алады да топтасады.
(таңдаған оюдың түстеріне қарай мінездерін айту)
Қызыл түсті таңдаған балалар, өз-өзіне сенімді балалар.
Жасыл таңдаған балалар, барлығын ұқыпты, тез істейтін балалар екен.
Сары өз-өзіне көңілі толатын, ізденімпаз балалар екен.
4. Үй тапсырмасы
Конверттегі сұрақ
Орындықтарына стикер жабысқан оқушылар жауап береді. (6 оқушы)
Қалған оқушыларға жұптық тапсырма
1-топ у дыбыс дауысты болатын 3 сөз жазу
у дыбысы дауыссыз болатын 3 сөз жазу
2-топ бос торкөздерді толтыр (и дыбысынан басталатын 5 сөз жазу шаршыны толтыру)
3-топ бос торкөздерді толтыр (ортасында й дыбысы келетін 5 сөз жазу шаршыны толтыру)
5. Жаңа сабақтың алдында «Миға шабуыл»
1-тапсырма «Артығын алып таста» әдісі
Әдісті түсіндіреді. «Урна жәшігіне» тасталған сөздердің дұрыстығына мән береді. Әр топтың алдында қиынды түрінде 10 сурет берілген.
1-топ оқушылары «я» әрпі жазылатын суреттерді қалдырып, басқа сөзді алып «урна жәшігіне» тастайды.
2-топ оқушылары «ю» әрпі жазылатын суреттерді қалдырып, басқа сөзді тастайды.
3-топ я, ю әрптерінің ережелерін естеріне түсіреді.Мысалдар келтіреді.
(Сөз басы фрейер кестесін толтырады)
формативті бағалау «Смайлик»
оқушылар өздерінің я, ю әріптері туралы деңгейін анықтайды.
2-тапсырма
Жаттығу жұмыстары
І топ «Айналмалы бекет» әдісі 495-жаттығу
ІІ топ «Сөзден сөз тудыр» 496-жаттығу
ІІІ топ «Адасқан әріпті тап» 497-жаттығу
формативті бағалау «Бағдаршам»
3-тапсырма
«Сөз бәйге» («Сөз бәйге» тәсілінде оқушылар берілген аңды суреттеп бере алады. «Бүгінгі бәйге жеңімпазы!» деген атақ берді.)
І топ 498-жаттығу қоян туралы сипаттау мәтінін құрайды
Дарынды оқушымен жұмыс (қоян туралы жұмбақ құрау)
ІІ топ 498-жаттығу ақ аю туралы сипаттау мәтінін құрайды
ІІІ топ 499-жаттығу Сөзжұмбақ құрау
формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» (Дескриптор бойынша)
Сергіту сәті
4-тапсырма
І топ «Жүзім шоқтары» әдісі
Топқа жеке сөздер беріледі.Сөздердің саны топтағы оқушылар санымен сай келеді. Дөңгелектене қиылған қағаздарды алып оқушылар «я,ю» әріптері бар сөздер жазады Жүзім шоқтарына орналастыра отырып, түсіндіреді.
Тақтамен жұмыс Дыбыстық талдау жасау (тақия)
формативті бағалау «Үш шапалақ»
ІІ топ «Коллаж әңгіме» сурет бойынша әңгіме құрайды. (құрамында ю әрпі бар сөз болуы керек.)
формативті бағалау «Бас бармақ»
ІІІ топ «Пирамида» (Қария сөзі беріледі.)Соған сөйлем құрайды
формативті бағалау «От шашу»
Бекіту
Жұмбақтар жасыру, мақалды толықтыру жауабын үш тілде айту
1) Жаман аттан … артық
2) Тал басында түндіксіз отау
3) Қарт, ата сөзіне мәндес сөз
«Кір жаю» әдісі (бүгінгі сабақта (я,ю) дыбысына қатысты айтылған сөздердің естерінде қалғанын жазу)
Кері байланыс
Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма 500-жаттығу, ережелерді қайталау
Бағалау парағы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше