Қалиева Мереке Болатхановна
Шығыс Қазақстан облысы
Зырян ауданы
« Зырян қаласының № 9 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қалиева Мереке Болатхановна
Пәннің аты: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: « Ю ю дыбысы және әрпі» « Кейіпкерге сипаттама беру»
| Күні:
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
||
| Сабақтың тақырыбы | Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю ю дыбысы және әрпі. | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.2 Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну(ь, ъ таңбалары мен
ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). 1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасын-дағы кідірісті) қолдану. 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау. 1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу. 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстра-циясы бойынша болжау. 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
||
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушы: Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды. Көпшілік оқушы: Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Кейбір оқушылар: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады. |
||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу, халық ауыз әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру. | ||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Видео фильм, слайд, таныстырылым. | ||
| Тілдік құзыреттілік | Кейіпкер ,мазмұн,достық, адал, еңбекқор, ақылды, тату-тәтті, т.б Ою-орнамент, | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| 1.Қызығушы
лықты ояту |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру – Амансың ба, Алтын күн,
– Амансың ба, Көк аспан, – Амансың ба, достарым, – Амансыздар ма , қонақтар, Сабағымызды бастайық, Жамандықты тастайық – Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жақсы, қазір сабағымызды бастаймыз. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет. |
Шаттық шебері
Слайдтар |
|
| 1.Мағынаны тану | (М К Ұ) Сұрақтарға жауап алу
-Қазір бізде қайсы сабақ ? -Сауат ашудан біз не туралы оқып білеміз? – Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? -Қандай бөлім оқып жатырмыз? « Екі ассоциация» ойыны
( екі жақтағы сөзді байланыстырып сөйлем құрап көр) ( Тж) 1- топ: « Адасқан буындар» ойыны (фут фо ма пи фир бол то та яр қия қи яз ) 2- топ: Сөздерге дыбыстық талдау жасау: телефон, аяқ 3- топ: Тапсырма: Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызу. Сөздерді оқу. ….. арыш қо …..н ……айық ко … е өзе ….. Дескриптор: Білім алушы: -көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды -сөздерді қатесіз оқиды 4- топ Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Тапсырма: Ертегі үзіндісін оқып, кейіпкерлерді анықта. Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады. — Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.
Жетістік критерийлері әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады. Жұмбақ шешу. Тәтті көрсе бас салар Балпаң-балпаң басады, Қыр-жотадан асады. Паналайды үңгірді, Іздемейді тасаны. (АЮ) Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру ( М К) АКТ көмегімен Видео фильм «Ю» әрпімен таныстыру. «Ю» қосарлы дыбыс екенін байқатып, таңбасын үйрету. (ӨЖ) дәптерге Ю әрпін жазу Оқушылардың Юю әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасау:
(МК; Ж; Қ) Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.
Аю қою құю есею азаю ою қию түю үлкею азаю көбею «Ю»-ды айтқанда қандай дыбыстар естисің? «Аю» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?» деген сұрақтар қойып, сөз сызбасын салған кезде қосарлы ю әрпін жазуда орфографиялық нормаларды сақтауды үйрету. (МК; Ұ; Т; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасау білігін қалыптастыру; Оқулықта берілген әңгімені оқыту.. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасау. «Саған мәтін ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қою. «Аю қалай озып кетті?» сұрағына оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастыру. №1 Оқылым. Жеңімпаз аю.
Ол қайда тіршілік етеді? Сәйкесін таңдап ал : Аңқау, епті,айлакер, жүйрік, сары, епсіз, қоңыр, ақ, ұйқышыл, сараң, қу, сыпайы, ақылды, әдемі, . Сұрақтарға жауап беріп, сипаттау сөздерін қолданып, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар заттың атын, сынын білдіретін сөздерді ажырата алуын және орынды қолдана білуін меңгерту жұмыстарын жүргізу. (МК; т; ) Сұрақтардың жауабын суреттерге сүйеніп болжай алу білігін бақылау.
( МК; т) Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, сұрақ қою білігін бағалау.
4- топ: Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, сұрақ қою білігін бағалауды ұйымдастыру. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойғызып, сөйлемді оқыту. Әлия (не?) ойды. Фарида ( қандай? Айран ұйытты. Сүтті ыдысқа ( не істеу?) керек. Керекті сөздер: құю, ою, қою. |
Оқулық
https://www. Google.kz картинки тапсырмалар жазылған парақшалар топтық тапсырма Бейне материалдар https://www. Google.kz Таныстырылым, оқулықпен жұмыс жұмыс дәптері Оқулық |
|
| Сұрақтарға жауап алу
Не туралы оқып білдік? Қандай әріппен таныстық? |
Оқулық, дәптерлер. | ||
| Сабақтың соңы
2 минут |
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Смайликтер | |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті оғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
| Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
Сауат ашу
« Ю ю дыбысы және әрпі»
« Кейіпкерге сипаттама беру»
Өткізген: Қалиева МБ
Зырян қаласы



