Сейпиева Бибигуль Акантаевна
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
"Дарын"мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сейпиева Бибигуль Акантаевна
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты: оқушылар сүт тағамдары туралы білімдерін толықтырады. Ойын арқылы сүт тағамдары атауларымен сөйлем құрастыруға үйренеді. Тыңдау, оқу, сөйлесу арқылы қазақ тілін үйрену дағдыларын қалыптастырады.
Оқып-үйренудің нәтижесі: 1. оқушылар тақырып төңірегінде сөйлейді;
- топта жұмыс істеуге дағдыланады.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Бағдаршам» стратегиясы, «Өрмекші» ойыны, «Образға кіру» әдісі, ойын элементтері, Венн диаграммасы, суреттеу, әңгімелеу
Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау: формативті, жиынтық.
Барлығын қосқанда: топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс
Негізгі дерек көздер: демонстрациялық материалдар, қоржын, таныстырылым
Сабақтың барысы:
| Сабақ кезеңдері | Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеттері |
| Кіріспе | Оқушылармен амандасу, олардың назарын сабаққа аударту. | Шаттық шеңберде тұрған оқушылармен амандасады.
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! |
Оқушылар амандасады, сабаққа зейіндерін аударады. |
| Үй жұмысын тексеру | Мақсаты: «Өрмекші» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру, оқушылардың жақсы көңіл-күйлерін, ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. | «Өрмекші» ойынын өткізеді. | Оқушылар «Менің сүйікті тағамым» модулі бойынша бір-біріне сұрақ қойып жауап береді, өрмек тігеді
Сенің сүйікті тағамың қандай? Сен нені жақсы көресің? Таңертеңгі асқа не жейсің? Сен қандай салатты жақсы көресің? ………………… Бағалау критерийлері:
|
| Топқа бөлу | Мақсаты: сабаққа деген ынтасын қалыптастыру, А және С оқушыларды ортақ жұмыс жасауға бағыттау. | Шеңберде тұрған оқушылармен «Сыңарын тап» ойынын өткізеді.
Ай-ран Шұ-бат Қы-мыз |
Оқушылар сыңарын тауып, өз топтарын анықтайды . Топ ережелерін қайталайды.
1-топ «Айран» 2-топ «Шұбат» 3-топ «Қымыз» |
| Жаңа сабақ | Мақсаты: сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, жаңа сабақ тақырыбын өздігінен анықтау. | Сабақтың тақырыбын сұрайды.
Айра, шұбат, қымыз-бір сөзбен қалай айтуға болады? Сүт тағамдары туралы не білетінін сұрайды |
Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Сүт тағамдарына не жатады және сүт тағамдары туралы не білесіңдер? деген сұраққа жауап береді.
Сүт сұйық болады. Сүт – денсаулыққа пайдалы, себебі сүтте көп дәрумен бар. Балмұздақ балдай тәтті, сүттей дәмді болады. Балмұздақты көп жеуге болмайды, себебі тамағың ауырады………. |
| Жеке жұмыс | Фонетикалық талдау | топ атауының сөзіне фонетикалық талдауды жасайды
Бағалау критерийлері:
|
|
| Топпен жұмыс | Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеті мен тіл байлықтарын дамыту,оқушы мен оқушы арасында кері байланыс орнату. |
Мұғалім мәтінді тыңдатқызады
Сүт тағамдары сүттен жасалады. Олар: айран, қымыз, шұбат, қаймақ, құрт, ірімшік, май. Құрт, май, ірімшік, айран, балмұздақ сиырдың сүтінен жасалады. Қымыз жылқының сүтінен жасалады. Шұбат түйенің сүтінен жасалады. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы. |
Бағалау критерийлері:
Бағалау критерийлері:
|
| Топпен жұмыс | «Образға кіру» әдісі
Мақсаты: ойын арқылы сөздерді жіктеп сөйлем құрастыруға үйрету |
Тапсырманы түсіндіреді | «Айран» тобы айранның образына кіреді
«Шұбат» тобы шұбаттың образына кіреді «Қымыз» тобы қымыздың образына кіреді Бағалаукритерийлері:
Мысалы: Мен айранмын. Мені сиырдың сүтінен жасайды. Мен өте пайдалымын, себебі…….. |
| Топпен жұмыс | Салыстыру
Мақсаты: тақырып көлемінде сыни ойларын бейнелеуге бағыттау, өз ойларын еркін де жетік жеткізе білуге үйрету |
Оқушылар Венн диаграммасын толтырады. (айран, шұбат пен қымызды салыстырады). Өз ойларын мемлекеттік тілінде жеткізеді. Басқа топ мүшелері жауаптарын тыңдап, бағалайды
Бағалау критерийлері:
|
|
| Сабақты қорыту | Сұрақ-жауап.
Мақсаты: өткенді пысықтау |
Мұғалім сұрақтар қояды, оқушылардың жауабын толықтырады.
-Балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық? -Сүт тағамдары неден жасалады? -Сиырдың сүтінен не жасалады? -Жылқының сүтінен не жасалады? -Түйенің сүтінен не жасалады? -Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы ма? |
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өтілген тақырыпты пысықтайды. |
| Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасы (оқушының қалауы бойынша)
|
Күнделікті енді ашайық.
Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді Ұмытпай есте сақтайық. |
Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады |
| Кері байланыс | Рефлексия «Ағаш» | Оқушылар өз нәтижесін көрсетеді | |
| Бағалау |
